- Учителю
- Технология пәнінен 'Әшекей бұйымдар әзірлеу' 8 сынып
Технология пәнінен 'Әшекей бұйымдар әзірлеу' 8 сынып
№8 гимназиясы
Ашық сабақ тақырыбы:
«Әшекей бұйымдар әзірлеу»
8 сынып
Дайындаған :
Ахметова А. Б.
технология пәні мұғалімі
Жезқазған - 2015
Жезқазған қаласы 8 гимназиясы
Ахметова Айгуль Базылкаримовна технология пәні мұғалімі
Тақырыбы: Әшекей бұйымдар әзірлеу 8 сынып
Сабақтың мақсаты: Санадан кетпейтін ұлттық нақышта бұйымды аралас техникамен өңдеу туралы түсінік беру.
Білімділік мақсаты: Былғарыны жаңаша өңдеу әдістерін үйрете отырып
әртүрлі заттармен безендіруді меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Былғарыны пайдалану аясындағы оқушылардың
түсініктерін кеңейту, ісмерлік қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Композициялық тұрғыдан түрлендіру арқылы
элементтер жасау дәрежесіне тәрбиелеу,
өмірге деген құзіреттілікті дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа педагогикалық технологияға негізделген
интерактивтіік әдіс.
Сабақтың типі: Практикалық дағдыны қалыптастыру
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайд-шоу,
былғары, түрлі-түсті тастар, қайшы, желім, қатырма
қағаз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушының сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушының жұмыс орнын тексеру
II. Жаңа материалды қабылдауға сапалы белсенділікке даярлау:
Сабақтың тақырыбымен таныстыру
IІІ. Сарамандық жұмыс: Дизайн-жоба. Бұйым әзірлеу
IV. Білімді жан-жақты тексеру: Оқушы жұмысын
бағалау, пысықтау сұрақтары
V. Үйге тапсырма беру: Әшекей комплектісін аяқтау.
Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру сұрақтары:
-
Қайшымен, кескішпен жұмыс жасағанда қандай ережелер сақталады?
-
Желімді қалай пайдаланамыз?
-
Электрпешінде былғарыны өңдегенде нені қолданасыздар?
-
түрлі заттарды қолданғанда нені сақтау керек?
Жауаптары:
-
Ұсынғанда сабын алдына қарату. Кескіштің жүзін жауып отыру.
-
Желімді иіскеме, ауызыңа апарма.
-
Қысқышты пайдаланамыз.
-
Қауіпсіздік ережелерін толық сақтау керек.
Сабақтың барысында интерактивті тақтаны қолдану, слайд-шоу көрсету.
Дайындалған видеоролик арқылы «Қызыл арай» алқасын жасалу технологиясын көрсету, инструктаж жүргізу.
Сарамандық жұмыс:
Әр оқушыға берілген нұсқау карта бойынша алқа түрлерін жасату.
Былғарыны өңдеу тәсілдері:
реті
Орындалу жолы
үлгісі
1
Былғарыны беттестіріп тігу
2
Былғары шетін айқас тігіспен тігу
3
Былғарыдан спираль әдісі бойынша бау қию
4
Шашақтар жасау әдістері
5
Элементтерін жабыстыру әдісі
6
Ұсақ бөлшектермен жұмыс
7
Ілгек дайындау
8
Жиыру техникасы
9
Тастың баумен безендіру
Сарамандық жұмыстың соңында оқушы жасаған бұйымдарды демонстрациялау, ат қою. Сабақта кездескен жаңа сөздер.
Глоссарий
АКСЕССУАР - киімге қосымшы қолданатын ұсақ элементтерден жасалған сән бүйымдары
СТЕКЛЯРУС- шыны түтікше, қырлы немесе цилиндр пішінді 5-10 мм
РУБКА- шабылған бисер, шорлот деп аталады
ШВЕНЗА- тәшекейді ілуге арналған түймелік
ТАРАМЫС- мал шегінен немесе ірі қара сіңірінен жасалған былғары тігуге арналған жіп
(дәптерге жазып қойыңыздар)
Activote арқылы оқушылар білімін төменде берілген тест арқылы тексереміз.
Бағалау: Оқушылар сабаққа қатысуымен, бұйымның эстетикалық талғаммен жасалуын және тест сұрақтарына жауабымен жалпы бағасын шығару.
Үйге тапсырма: Слайд шоу арқылы сақиналар жасау түрлерін көрсету. Өздеріңіз жасаған алқаға сақина жасауды тапсыру.