- Учителю
- Сабақ жоспары: 'Жібек таспамен тоқу'
Сабақ жоспары: 'Жібек таспамен тоқу'
Сабақтың тақырыбы: «Жібек таспамен тоқу»
Сабақтың мақсаты:
-
Әр түрлі жібек таспалардың түрлерімен танысу, жібек таспамен тоқу тәсілін оқушыларға меңгерту;
-
Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, олардың этикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ой өрісін дамыту;
-
Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын оятып, ұқыптылыққа, шеберлікке, жұмысты өз бетінше орындауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, слайдтар, нүсқау карта.
Сабаққа қажетті құралдар: ободок, түрлі-түсті жібек таспалар, ыстық клей,
қайшы,майшам тұғырымен, шырпы.
Сабақтың түрі: практикалық жұмыс
Сабақтың әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, көрсету
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылармен сәлемдесу
-
Оқушыларды сабаққа даярлау, түгендеу
-
Үй тапсырмасын сұрау
ІІ. Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Сөзжұмбақ шешу
-
Сергіту сәті.
Ал, енді оқушылар сұрақ- жауап арқылы сергіту сәтіне көшейік.
-
Тап-тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас.
\ине\
-
Түр-түсі және геометриялық пішіні әр алуан мата қиындыларынан құралған өрнек?
\құрақ\
-
Жүрген сайын жүйрігім,
Қысқартады құйрығын.
\ине-жіп\
Сарамандық жұмыс
Нұсқау карта
№
Жұмыстың суреті
Мағынасы
1
Жібек таспаның екі шетін сетінеп кетпес үшін шырпымен немесе май шаммен күйдіріп, ыстық клей арқылы бекітеміз.
2
Ілмешек етіп бекітеміз.
3
Оң жақ бетін өзіңе қаратып, қанық жасыл түсті таспаны ашық түсті таспадан өткіземіз.
4
Ашық жасыл түсті таспаны сол қолдың бас саусағымен қайыра ұстап,
Қанық жасыл түсті таспаның ілмегінен өткіземіз.
5
Шыққан ашық жасыл түсті таспаның ілмегіне қанық жасыл түсті өткіземіз.
6
Жібек таспаларды реттеп, тартып отырамыз.
7
Жібек таспаларды реттеп, тартып отырамыз.
8
Жұмысты ары қарай бір қалыпты жалғастырып отырамыз.
9
Тоқып болған жібек таспаны обоокқа айналдыра ыстық клейарқылы тұрғызамыз.
10
Ұштарын қиып, майшаммен күйдіреміз.
11
Дайын бұйым.
ІІІ. Қорытынды бөлім
-
Жаңа сабақты пысықтау
-
Оқушыларды бағалау
-
Үй тапсырмасын беру
-
Оқушылармен қоштасу