7


  • Учителю
  • План конспект урока по черчении на тему 'Геометриялық денелердің сызбалары ' (9 класс) Көріністерді салу Негізгі көріністер. ҚОсымша көріністер. Жергілікті көріністер

План конспект урока по черчении на тему 'Геометриялық денелердің сызбалары ' (9 класс) Көріністерді салу Негізгі көріністер. ҚОсымша көріністер. Жергілікті көріністер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сыныбы: 9

Тақырыбы: 31-32 сабақ Көріністерді салу Негізгі көріністер. Қосымша көріністер. Жергілікті көріністер. -2 сағат

Мақсаты:

  1. Білімділік: Негізгі көріністер, қосымша көріністерді анықтау жолдарымен таныстыру.

  2. Дамытушылық: Кеңістікте ойлау қабілеттерін, визуалды қабылдау дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Проекцияда көрінетіндікті анықтау негіздерін сызбада игерту арқылы оқушыларды политехникалық мамандықтарға тәрбиелеу

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, иллюстрациялау, сызу

Құрал-жабдықтар: Транспортир, циркуль, қарындаштардың түрлері, көрнекіліктер, «Проекцияда көрінетіндікті анықтау» презентациясы, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақ таныстыру.

Сендер бүгін сабақта проекцияда көрінетіндікті анықтау әдістерімен танысып оның өмірде инженерлік графикада пайдалану негіздерімен танысасыңдар.

III. Өткен тақырыпты қайталау

ІV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

МЕСТ 2.305-68 бойынша нәрселердің (бұйымдардың) және оларды құрастыратын тетікболшектердің кескіндері тікбүрыштап проек-циялау әдісімен орындалуы керек. Нәрсе бақылаушы мен проекциялар жазықтығы арасында орналасады деп саналады (4.1-сурет). Суретте көрсетілгендей, кубтың алты жағын негізгі проекциялар жазықтығы ретінде қабылдайды. Куб жақтарын 4.2-суреттегідей бір жазықтықпен беттестіреді Стандартқа сәйкес сызбада фронталь проекциялар жазықтығындағы кескінді бас кескін деп қабылдайды. Нәрсені фронталь проекциялар жазықтығына қатысты ондағы кескін (бас кескін) нәрсенің пішіні мен өлшемдері жөнінде неғұрлым толық мағлұмат беретіндей

етіп орналастырады.

Көрініс - нәрсе бетінің бақылаушыға қараған бөлігінің кескіні. Кескіндер санын азайту үшін көріністерде нәрсе бетінің көрінбейтін бөліктерін үзілме сызықтармен көрсетуге болады

Негізгі проекциялар жазықтықтарында алынған көріністер негізгі болып табылады және былай аталады: 1 - алдыңгы көрініс (бас көрініс), 2 - үстінен көрініс, 3 - сол жақтан көрініс, 4 - оң жақтан көрініс, 5 - астынан көрініс, 6 - артынан көрініс (4.2-суретті қараңыз).

4.1-сурет. Бақылаушы мен проекциялар жазықтығы 4.2-сурет

Егер кейбір көрініс бас кескінмен (көрініспен немесе тілікпен) проекциялық байланыссыз орналасса немесе одан басқа кескіндермен бөлініп тұрса, онда проекциялау бағытын нұсқамамен көрсетеді де, нұсқаманың үстіне бас әріпті жазып, сол әріппен кескінді белгілейді (4.9-суретте Г мен D көріністері).

Қосымша көрініс сызбада үлкен әріппен белгіленуі керек, ал нәрсенің оған байланысты кескінінің үстіңгі жағында қарау бағытын көрсететін тиісті әріптік белгілеуі бар нұсқама қойылуы керек (4.10, 4.11 -суреттер).

Егер қосымша көрініс негізгі кескін проекциялық байланыста орналасса, онда нұсқама мен белгілеу жасалмайды (4.12-сурет).

Нәрсе бетінің шектелген бөлігінің кескінін жергілікті көрініс дейді. Ол ирек сызықпен шектеледі (4.14-суреттегі D көрінісі) немесе шектелмейді (4.14~суреттегі Г көрінісі). Жергілікті көріністі қосымша көрініс сияқты белгілейді.

V. Жаңа сабақты бекіту

Жаттығу: Алдарындағы таратылған ағаш детальдардың қайтымды кескінін орындаңдар.

  1. дәптерге суретін салып, өлшеп өлшемдерін жазыңдар.

  2. қажетті кескіндерін анықтап А4 форматына М1:1 етіп орындаңдар.

  3. көріністерге қажетті өлшемдерін түсіріңдер.

Сызбаны екі сабақ орындайсыңдар.




VI. Қорытынды осы сабақта оқушылар проекцияда көріністеді анықтау әдісін игерді, сызбалары салыстырмалы түрде бағаланады

VII. Үйге тапсырма: Тақырыпты қайталау, детальдың үш проекциясының жобасын сызу, келесі сабақта аяқтап сызбаны өткізу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал