- Учителю
- Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы
Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы
Өтініш қағазы
Баяндаманың тақырыбы: «Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы»
Баяндаманың авторы: Абенова Бану Есенжановна
Жұмыс орны: Атырау облысы, Индер ауданы, М.Сиранов атындағы орта мектебі
Мекен-жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай селосы, Жеңіс көшесі, 23 үй
Телефон: 25-2-03
Аңдау хат
Мұғалімнің жазған баяндамасында технология пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, шеберлігін, шыдамдылығын, ойлауын, есте сақтау дағдыларын қалыптастырудағы тәжірибесін көрсетеді. Банудың жұмысы әріптестері арасында талданып, аудандық педагогикалық оқуға ұсынылды.
Abstract
Teacher straightens lecture technology object according tostudent work ability develops, patience, thinks,memorizes skill forms experience specifies. Coming into question between by the colleagues of work,distric tpedagogics educational given.
М. Сиранов атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі Абенова Бану Есенжанқызының педагогикалық оқуға жазған жұмысына
Пікір
Технология пәні мұғалімі Абенова Банудың педагогикалық оқуға ұсынған «Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы» атты жұмысы оқушының шыдамдылығын, қолөнерге деген қабілетін дамытып, өз сабақтарында қолданған. Бұл мұғалімнің ізденгіш, жаңашыл еңбегінің айғағы. Жақсы құрылған шығармашылық сабақтар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып, білуге деген құштарлығын арттыру үшін әр сабағы мол ізденіспен өткізеді.
Мектеп директоры: С.Ешмұханбетов
І санатты технология пәні мұғалімі: Қ.Мүкиев
Жоспар
І. Қазақтың ұлттық қолөнері туралы.
ІІ. Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы.
ІІ. 1. Оқушылардың шығармашылығын, шеберлігін қалыптастырудағы қолөнер үйірмесінің маңызы.
ІІ. 2. Үйірме жұмысын ұйымдастырудың іс-жоспары.
ІІ. 3. Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын дамытуға құрылған сабақ үлгілері.
ІІІ. Қорытынды.
«Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы»
Абенова Бану Есенжановна
Атырау облысы Индер ауданы М.Сиранов атындағы орта мектептің
І санатты технология пәні мұғалімі
Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінде әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетиклық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясында ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр жіптер қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі - кесте тігу. Бірақ ерекшелігі - кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес домалақ жылтыр материалдармен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине болған жөн. Жіп моншақпен түстес болған жөн. Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі - жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі - киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдасы да, сонымен қатар зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді. Ал гигиена тұрғысынан қарағанда - шаң , ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ қазақтың киіз басу өнері жойылған жоқ.
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем- арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрынғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үзегі орнына да жапқан. Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның беріктігі иен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бері келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі- кілемнің құндылығы жағынан сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйе түсуден де қорықпайтын аса бағалы мүлік. Оны алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың бір белгісі деп білген.
Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықда тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түркімендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланып келеді. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы. Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Құрақ - мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек. Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер. Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:
1.Құрақ құрау (құрақ мозайкасы);
2.Жапсырмалау (аппликация).
АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін, геометриялық шешемін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады. Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде -сәнді сөмке, кошелек т.б
Жасалу жолдары:
а) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;
ә)түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;
б) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.
ІІ.2. Баланың білімін тереңдетуде, шығармашылық қабілетін, еңбекке қызығушылығы меной-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында қолөнер үйірмесінің орны ерекше. Осы тұрғыда базистік оқу жоспарының вариативтік компонентібойынша дамытушылық сипаттағы технология пәнінен сыныптар арасынан өнерге бейім, қабілетті оқушылармен жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазақ халқының ұлттық қол өнер туындыларының бірі - құрақ құрау өнері. Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі - бұл көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Күнделікті тұрмыс, тіршілігі сан алуан қажеттіліктен қолөнер туындылары пайда болып, жетіліп, өңделіп отырған. Қолөнердің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Көптеген тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең жас ұрпақты халқымыздың ұлттық қолөнеріне баулуға бағытталады. Баланың білімін тереңдету, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарлату барысында қолөнер үйірмесінің орны ерекше. Үйірме жұмысының іс-тәжірибесіне көңіл аударар болсақ, баланың шығармашылық кезеңдеріндегі танымдық мүддесінің дамуы - бейнелеу өнері, геометрия, математика, өсімдіктану, сызу, т.с.с. пәндерге тікелей байланысты болатындағы аңғарылады. Бала оқу процесінде алған білімін үйірмеде іс-жүзінде қолданып, қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңдерінде пайдаланады. Мұның өзі түптеп келгенде баладан шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Қазіргі оқу технологиясы барысында бала тек үйренуші ғана емес, өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесінде болуы керек. Оқушылар үйірме сабақтарында тек тыңдап қана қоймай, талдау жасап, жасалу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады.
Мақсаты:
Құрақтың тарихынан мағлұмат беру, тұрмысымыздағы алатын орны туралы білімін қалыптастыру, дайындау жолдарын үйрету. Теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекетін қалыптастыру, қолөнерге деген қызуғышылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.
Міндеттері:
-Қолөнер, өнер туралы білімдерін тереңдету;
-Оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулып, тігіс түрлерін тігіп үйрету;
-Тұтыну бұйымдарын, ұсақ бұйымдарды өз қолдарымен жасай білуге үйрету;
-Жасаған бұйымдарды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай сәндей білуге үйрету;
-Өзіндік жұмыс жасай білуі;
-Оқушылардың бойына ізгілік,адамгершілік, еңбекқорлық пен төзімділік қасиеттерді қалыптастыру. Әрбір сабақ қызықты да, әсерлі өту үшін, әртүрлі өнердің әдіс-тәсілдерін игеру, үйрету, жалпы қолөнерге деген ынта-жігерін арттыруға күш салу керек. Әр сабақ еркін, қуаныш пен шаттыққа толы, қызықты да әсерлі болуы тиіс. Әрбір оқушының жеке көзқарасына, дүние танымына тікелей әсер ету арқылы, қолөнерге деген сезімін шәкірт жүрегіне терең ұялату керек, сонда ғана оқушылар зерделі түрде білім алады. Осы мақсатта өзімнің сыныбыммен өткізген төмендегідей сабақ үлгілерін ұсынамын.
Сыныбы: 9
Тақырыбы: «Сегіз жапырақ» құрағын құрау.
Мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды ұлттық қолөнерге, шеберлікке баулу. Құрақты бұйымдар тігуге, үлгі әзірлеуге, тігу тәсілдеріне бағыт беру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Дамытушылығы: әр баланың ойлау қабілетін дамыту, оқушының қол икемін, қимылын, қию шеберлігін, мата түсін ажырата білуге, қайшыны, инені пайдалануда, қауіпсіздік техникалық ережені сақтау жолдарын айта отырып сабақты жалғастыру.
Тәрбиелілігі: құрақ құрау барысында қыздарды әсемдікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, үнемділікке, тазалыққа, сұлулыққа баулу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрсету, баяндау, көрнекілікпен жұмыс.
Көрнекілігі: слайд, әр түрлі құрақ сызбалары, құрақ жиынтық альбом, дайын құрақ, қағаздан дайындалған үлгілер, нұсқау картасының сызбасы.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қарындаш, түрлі түсті қағаз, қайшы, құрақ үлгілері, технологиялық нұсқау картасы, маталар қиындысы, ине, жіп.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, геометрия, сызу, информатика.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Негізгі бөлім а) үй жұмысын тексеру;
ә) жаңа тақырыптар туралы түсініктер ;
б) интерактивті тақтамен жұмыс;
в) жаңа сабақты пысықтау;
3. Сарамандық жұмыс а) қауіпсіздік ережесін еске түсіру;
ә) құрақ жасау кезеңдері;
б) сергіту сәті;
4. Сабақты қорыту а) тест;
ә) бағалау;
б) үйге тапсырма;
в) жұмыс орынын жинастыру.
Осы сабақта орындалатын жұмыстар мазмұны
Үй тапсырмасын тексеру: «Кім көп біледі?» үй тапсырмасын сұрап, талдау.
Жаңа сабаққа дайындық. «Ой қозғау» сұрақ-жауап.
Құрақ тақырыбы туралы мағлұматтар алу.
Құрақ - мата қалдықтарынан жасалтын үй бұйымының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде емес, сонымен бірге сіндік үшін жастық бетіне де жасаған. Еш оқытатын мектеп жоқ кезінің өзінде шеберлер геометрияны оқымаса да түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты сәндеп құрай білгендігін оқушыларға үлгі етіп, ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес, үнемді де болғандығын айтып кетемін. Бүгінгі күнде де құрақ бұйымынсыз бір де бір қазақтың үйі жоқ екендігі бәрімізге мәлім. Құрақтың қолданылуы - үй жиһаздарының бірі: құрақ көрпе, көрпеше ата-бабамыздың дәстүрлі төсеніші болған және тұрмысымызға көрік беретін сәндік бұйымдардың бірі. Құрақ құрау өнері ХV- ХVІ ғасырда дамыған.
Құрақтың әрір бөлшегі геометриялық фигурлардан тұрады. Мысалы, шаршы, алтыбұрыш, трапеция, пирамида, үшбұрыш, ромб, тік төртбұрыш, параллелограмм. /жалғама №1/
Құрақ түрлеріне қарай бес топқа бөлінеді:
1.геометриялық
2.зооморфты
3.өсімдік тектес
4.тұрмыстық
5.ғарыштық
Сарамандық жұмыс.
Технологиялық карта. /жалғама №2/
Құрақ құрауды жобалау:
Жасауға қажетті материалдар жеткілікті Жасалуы көркем
Материалдар қымбат емес тез табылады
Еңбек шығыныда көп емес
Бұйым мөлшері жас ерекшеліктеріне сай
Экономикалық шығыны көп
Сапасы төзімді
Әдемі дизайн
Жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіріп аламыз.
Қауіпсіздік ережесі:
Инені киімге қыстыруға болмайды.
Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
Инені жіпсіз тастауға болмайды.
Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз тоққа қосуға болмайды.
Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет.
Үтікті арнайы тұтқасынан ұста.
Инені ине қадағышқа шаншы.
Қайшыны ашық тастама.
Қатты қағаздан үлгілер дайындап алу.
Матаға үлгіні түсіріп дайындап алып, қию.
Екі жапырақты бір-бірімен беттестіріп тігу.
Қалғандарында бір-бірімен қосып тігу.
Жапырақтарды қосып алғаннан кейін жан жағындағы бөліктерді келтіріп тігу.
-Оқушылар әкелген маталарын үтіктеп дайындайды. Үтікпен жұмыс істемес бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қайталап өтеміз. Алдымен үтіктің дұрыстығын өзім тексеремін.Оқушылар дайындалған нұсқау карта бойынша сегіз жапырақ құрағын тікпес бұрын көктеу тігісінің пайдалану орындары және түрлері қолданылады. Тігіс кзінде ескертетін жағдай әр бөлікті бекіткен сайын жатқызып үтіктеу қажет.
-Келесі жұмыс бөлігінде құрақтың астары өлшеніп, қырқылады, көктеледі. Квадрат формалы көрпешенің бұрыштарын тігуді доғалап жіберген ыңғайлы болатынын көрсету керек. Бір жақ қабырғсы жиек жағынан 20 см-дей астарға бекітілмей, аудару үшін қалдыру керектігін ескертемін. Көрпеміз жұмсақ болуы үшін арасына мақта саламыз.
Шығын есебі
Негізге арналған мата
Астарлық мата
Мақта
Тігуге арналған жіптер
Саны,
м.
Сомасы, тг.
Саны,
кг.
Сомасы, тг.
Саны,
дана
Сомасы, тг.
Саны,
м.
Сомасы, тг.
2х0,25
300
0,25
100
0,200
130
2
70
Барлығы: 600 теңге
Сергіту сәті:
-құрақ түрлеріне қарай неше түрге бөлінеді?
-сегіз жапырақ құрағының үлгісінің бөлшектері қандай геометриялық фигурадан тұрады?
-құрақ құрауға арналған құралдарды ата?
-құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?
-қауіпсіздік сақтау ережесінің қолданылуын ата.
Сабақтың қорытындысы:
-Бүгін құрақ өнері жайлы білдік.
-Құрақ -қазақ халқының үй тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан қлттық тәсілдегі өнер екендігіне көз жеткіздік.
-Құрақ құрау өнерінің шығуы тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдаланудағы үнемділігі адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш екенін меңгердік.
Тест 1.Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?
А.4 Б.2 Ә.5 В.3 2.Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды? А. 19-20 Б.17-18 Ә. 15-16 В. 16-17 3.Жұлдыз құрағы қай топқа жатады? А.Зооморфты Б. Геометриялық Ә.Космогоникалық В. Тұрмыстық 4.Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз? А.Word Б.Paint Ә.Power Paint B. Exsel 5.Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады? А.Өсімдік тектес Б.Космогоникалық Ә. Геометриялық В.Тұрмыстық 6.Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады? А.Печворк Б.Ласкутная техник Ә. Patchwork В. Сошико 7.Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты? А. Үлгісіне Б.Тігісіне Ә. Көлеміне В. Орындалуына 8.26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата? А. Қызғалдақ Б. Аққу Ә.Жұлдызша В.Иықты
9.Құрақ құрау қандай материалдан жасалады? А.Былғары Б. Мата Ә. Тері В. Полиэтилен 10.Құрақты тіккен кезде түзу,әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз? А. 15-20мм Б.2-3 мм Ә. 20-25мм В. 5-10мм
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
-сегіз жапырақ құрағын пайдаланып, құрақ көрпешесін немесе жастықшасын тігіп келу.
Жұмыс орнын жинастыру.
Нәтиже:
1.Тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге дағдыланды. 2.Ізденгіштік пен танымдық іс-әрекеті болды. 3.Шыдамдылыққа үйренді.
4.Теориялық білімдерін практикалық жұмыста қолдана білді.
Сыныбы: 10 Тақырыбы: Гобелен тоқу.
Сабақтың мақсаты: Халық қолөнерімен таныстыру, үйрету арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға, әсемдікпен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету.
Білімділік мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы, Құрасбек Тыныбековтың, Батима Зәуірбекованың туындыларының суреттері, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, түгендеу;
б) Жұмыс орнын ұйымдастыру, әкелген құралдарын тексеру.
в) Ұйымдастыру сәті кезеңінде сабақтың жұмыс ырғағын анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІI. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кілем - үй жасауы деп санаймыз, оны жерге төсеуге, қабырғаға ілуге болады және кілем иірілген тоқыма жіппен тоқылады. Кілем - сәндік қолданбалы өнер түріне жатқызамыз және шалу әдісімен тоқылады. Кілем түкті және түксіз болып бөлінеді. Түк салып тоқу өнері көбінесе Қызылорда, Торғай, Қостанай, Шымкент өңірлерінде жақсы дамыған. Гобелен -суретті, түксіз, қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен - сәндік қолданбалы өнер түріне жатады. Гобелен өнерінің шығу тарихы 20-шы ғасырдың басынан басталады. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойы, Кавказға кең тараған ертеден келе жатқан алаша, тықыр кілем тоқу өнері гобеленнің қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне жат емес. Гобеленнің отаны - Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы - бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы - тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15 мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдылықты талап етеді.
Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған - Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.
Гобелен өнерінің дамуына ерекшеүлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына: Қ.Тыныбеков,Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Қ.Жұбаниязова, А.Ихонова, Н.Павленко т.б.атауға болады.
Гобелен кілемі - сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
1946ж Батима Зәуірбекованың туған жылы 1970ж Гобелен саласындағы алғашқы туындысы «Шеберлер» деп аталған. Сарғалдақ түстес көйлек киген бойжеткен қыз жасыл өрнек арасында отыр. Осынау құпиясы мен қызығы мол, қиындығы да көп өнерге таңырқай қарайды. Әрине, бұл оқшау өнердің алғашқы көрінісі, бұлақ сылдырындай әуені ғана ғой. Бірақ өнер зерттеушілері осы еңбегін жақсы бағалады. 1972ж «Жіп иіруші қыз» атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.
Құрасбек Тыныбековтың «Шопан» атты гобелені. Бұл шығармадағы басты кейіпкер - жас шопанның қолтығындағы жаңа туған қошақанға назар салыңызшы: қошақанның - жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленгенін байқаймыз. Демек, бұл - қазақтың «қошқар мүйіз» оюының символы екенін көрсетеді. Аспан төріндегі ақша бұлттар да әртүрлі бейнедегі ою-өрнек болып баяу қалқып бара жатқандай әсер сыйлайды. Гобелен бетіндегі жазықтық табиғат құбылыстарынан хабар бергендей: түнгі аспандағы жұлдыздар әлемі, біресе желдің ұйтқи соққан әуені мен теңіз толқындары тәрізді алуан-алуан қимыл-қозғалыстарды бір кеңістікке еркін сиғызып, түрлі бояулармен қанықтырып, айрықша серпін мен ширақтық танытады. Осы көріністердің бәрі де ою-өрнектік символикалар арқылы берілгеніне таңданыс білдірмеске лажыңыз жоқ. Көне мен жаңаның өзара үндесуі дегеніміз осы.
Гобелен тоқу үшін:
1. Гобеленші-суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
2. Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.
3. Гобеленші-картоньер кіші қағаздағы суретті тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы етіп салады.
4. Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.
IV Сарамандық жұмыс.
· Жұмыс киімін киеміз;
· Кергішті үстел бетіне дұрыс орналастыру;
· Ине ұстау кезінде инені оң қолыңмен ұста;
· Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;
· Алдымен кергішті алдымызға алып, негізгі жіпті бос тастап, ұшын инеден өткізіп, дұрыс отырамыз;
· Тоқылу әдісі кергіш бетінде оңнаң солға қарац жүргізу арқылы және солдан оңға қарай жүргізу апқылы орындалады;
· Тоқылу әдісінің арақашықтығы 3-4 мм болады;
· Тоқылу әдісінде жіптер мата бетін толық жауып, суретті нақтылай тоқу керек.
V. Сабақты бекіту.
1.Гобелен өнерінің шығу тарихы қай ғасырдан басталады?
2.Гобелен дегеніміз не?
3. Гобелен атауы қай елден шыққан?
4. Гобеленнің кілемнен айырмашылығы неде?
5. Құрасбек Тыныбековтың өмір сүрген жылдары?
7.Ең алғашқы гобеленші қазақ қыз?
Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын қолдану.
Кілем Ортақ қасиеттері Гобелен
VI. Оқушы білімін бағалау.
Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.
VII. Үй тапсырмасы.
Гобелен туралы, Қазақстандағы басқа да гобеленшілер туралы қосымша деректерді жазып әкелу.
Нәтиже:
1.Пәнге қызығушылығы артады.
2.Ойлау, қиялдау қабілеттері дамиды.
3.Шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеті артады.
ІІІ. Қорытынды:
Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған келелі әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі оқушыға тиянақты білім беру. Тиянақты білім беру дегеніміз- жаттанды емес белгілі бір жүйесі бар, тұрмыспен күнделікті өмірмн тығыз байланысты оқушылардың ой-өрісінің дамуына көмектесетін ұғымдар жиынтығы. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда біздер іздемпаздықпен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибемізде қолдана отырып жұмыс жүргізудеміз. Жұмыстың нәтижелі болуы мұғалімнің таңдап алған әдісті үздіксіз үнемі, жүйелі қолдануына және оқушыны жас ерекшелігі мен білім көлемін ескеріп отыруына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысын белсенді қатыстырып оған белгілі бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру- жақсы нәтиженің негізі.
Сонымен технология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақтан тыс үйірме жұмыстары арқылы дамытудың нәтижесі төмендегідей:
1.Ойлау қабілеті мен пайымдауы дамыған, өз бетімен жұмыс жасай алатын белсенді оқушы тәрбиеленіп шығады.
2.Алған білімін өмірде қолдана білетін шығармашыл тұлға қалыптасады.
3.Үйренген қолөнер бұйымдарын өмірде қолдануға үйренеді.
Бұл жұмысымның нәтижелі көрінісі технология пәнінен қабілетті оқушылардың шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуы. Жыл сайынғы қорытынды шығармашылық көрмеде жүлделі орындарға ие болудамыз: 2009-2010 оқу жылында ІІІ орын,
2010-2011 оқу жылында І орын,
2011-2012 оқу жылында ІІ орын,
2012-2013оқу жылында ІІІ орын.
5-11 сынып қыз балалар бойынша технология пәнінен білім сапасы төмендегідей: 2010-2011 оқу жылында барлығы 128 қыз бала оқып, білім сапасы- 95,3%, 2011-2012 оқу жылында барлығы 126 қыз бала оқып, білім сапасы- 96,0%, 2012-2013 оқу жылында барлығы 125 қыз бала оқып, білім сапасы- 96%, 2013-2014 оқу жылының І жарты жылдығында 125 қыз бала оқып, білім сапасы- 98,4%.
Пайдаланған әдибиеттер:
1.Мектептегі технология №9,12 2012 жыл
2.Мектептегі технология №2,3 2012 жыл
3.Мектептегі технология №7 2012 жыл
4. «Шаңырақ» энциклопедиясы
5.Интернет ақпараттық технологиясы
Технологиялық карта
№
Орындалу реті
суреті
1
Қағазға үлгі сызу
2
Сызылған үлгіні қиып алу
3
Үлгіден бір жапырағын (ромб) қиып алу
4
Дайын үлгіні матаға бормен сызамыз
5
Сегіз жапырағын қиып аламыз
6
Дайын жапырақшаны бір-біріне біріктіріп көктеу
Технологиялық карта
№
Орындалу реті
суреті
1
2
3
4
5
6
Тірек сызбалар
Құрақ түрлерін бес топқа бөлеміз:
зооморфты
геометриялық
құрақ
ғарыштық
тұрмыстық
Өсімдік тектес
Құрақтың әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады:
трапеция
алты-бұрыш
шаршы
Геометриялық фигура
үш-бұрыш
паралле-лограмм
пирамида
тік төртбұрыш
ромб
Білім сапасы
Шығармашылық көрме
ІІІ І ІІ ІІІ
2009-2010 2010-2011 2011-2012 2012-2013
Білім сапасы
Шығын есебі
Негізге арналған мата
Астарлық мата
Мақта
Тігуге арналған жіптер
Саны,
м.
Сомасы, тг.
Саны,
кг.
Сомасы, тг.
Саны,
дана
Сомасы, тг.
Саны,
м.
Сомасы, тг.
2х0,25
300
0,25
100
0,200
125
2
80