- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдар. 5 Сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдар. 5 Сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдар.
Сабақтың мақсаты: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдармен таныстыру.
Ағаш өңдеу құрал саймандары мен жұмыс істеу жолында ой-өрісін кеңейту.
Адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа және қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Құрал саймандар: ара ,сүргі,балға және т.б
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, көрсету,істету.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, түгендеу.
2.Оқушылардың білімін тексеру.
Мақсат қою: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдармен жұмыс істеу жолын түсіндіремін және көрсетем.
Жаңа сабақты түсіндіру: Ағаштан бұйым жасағанда әр түрлі аспаптар қолданылады. Оларға балта, қолара, балға, сүргі, қашау, ағаш балға, қол бұрғы, бұрыштық, стусло, бұрағыш, тістеуік пен қысқыш.
Балта- ағашты бөлшектеп жару немесе қашау сондай-ақ ағаш шабуға арналған құрал. Ағаштан бұйым жасаған кезде ағаш ұстасының және ағаш шеберінің балтасы жиі қолданылады. Ағаш ұстасының балтасы - ағашты бастапқы өңдеуге арналған. Ал ағаш шеберінің балтасынан кішірек. Оны ұсақ бөлшектерді өңдеуге арналған үшкір ұшы болады.
Қолара - ағаш материалын кесуге арналған ара. Олар бойлай және көлденең кесуге арналған аралар деп бөлінеді.
Балға - шеге қағу үшін, сондай-ақ басқа да жұмыстарға пайдаланылады. Балға екі бөліктен тұрады. Негізгі болып соққыш бөлігі саналады, ол ауыр металдар қорытпасынан жасалады.
Ағаш бетін тегістеу үшін сүргіні қолданады. Сүрінің 3 түрі бар: Шерхебель - ағаштың бастапқы қатпар қабатын өңдеуге арналған, Әр-түрлі сүргілер - тазартып сүргілеуге арналған, Фуганок - ұзын ағашты соңғы өңдеуге арналған.
Қашау - тазалап, өңдеу үшін қажет. Сондай - ақ ұста қашауының бірнеше түрі бар, оларды жүзінің еніне байланысты айырады.
Ағаш балға - ағаштан немесе резеңкеден жасалған болуы мүмкін. Ағаш балға қашаумен жұмыс істегенде қолданылады, оның сабы ұстауға ыңғайлы болады. Ағаш балғаны қолдану кескіш аспаптардың сабын бүлдіруден сақтайды.
Қол бұрғы - әр қилы диаметрлі саңылаулар бұрғылауға арналған құрал.
Стусло - бөлшектерді тура және қисық бұрышта (45◦) кесу үшін қажетті жабдық.
Түсінігін тексеру:
-
Ағаш өңдейтін құрал саймандарды ата. Олардың бір-бірінен айырмашылығы және жұмыс істеу жолы.
Сабақты бекіту: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құрал - саймандарды және жұмыс істеу жолын білу.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Жазған конспектті оқып келу.