7


  • Учителю
  • Презентация 'математические игры '

Презентация 'математические игры '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Интеллектуалдық ойындар»
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту.

Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 1-4-ші сынып оқушыларының арасында атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
-
-Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «1-ші сынып » тобы
2 «2-ші сынып » тобы
3 «3-сынып » тобы
4 «4-ші сынып» тобы
-Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1. Нұрғазиева А
2. Сермағанбетова Г

. Кіріспе сөз.
Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады:
"Қас - қағым сәтте"
"Тұлғаны тани біл"
"Сандар сыры "
" Мақал-сөздің мәйегі "
"Көкпар"
«Ойлы болсаң, озып көр!»
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
-деп сайысымыздың 1-бөлімін бастаймыз.
І-кезең."Қас - қағым сәтте" деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
1-сынып-тобы:
1. Жыл мезгілдерін ата (жаз,күз,қыс,көктем)
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?(бірдененің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Қандай сызықтар бар (түзу,қисық,кесінді)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім?(қазақ мектебін ашқан)
2- сынып тобы:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Кез-келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)

3- сынып

1. Өлі табиғатқа не жатады?( тау, тас, бұлт)
2. Кубтің көлемін өлшеу(қырын көбейткіш ретінде үш рет алып көбейту )
3. Жылқының сүті(қымыз)
4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
5. Үш биді ата(Төле, Әйтеке, Қазыбек)

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Өз ойыңды ашық айтып ,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
II-кезең «Тұлғаны тани біл»
Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп "Тұлғаны тани біл"сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар.

Ыбырай Алтынсарин, Н.Ә.Назарбаев , И.Ильин,

ІІІ - кезең «Сандар сыры»
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ.
11, 16, 1, 22, 12, 15, 9, 30,31.
- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
IV-кезең. "Мың бір мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал-мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-сынып

Ата балаға-...

Ата-бәйтерек,

Бала-...

«Сіз»деген -әдеп,

«Біз»деген -.... .

Батаменен ер көгерер,

Жаңбырменен .... .

Еріншектің ертеңі ... .


2-сынып
Ананың көңілі балада, …
Қына тасқа бітеді, ...
Бірлік болмай,... .
Өнер алды-... .
Өзге елде сұлтан болғанша, ...
3-сынып
Білекті бірді жығар, ...
Туған жердің күні де ыстық, …
Еңбектің наны тәтті, ...
Бірлігі жоқ ел тозады, ...
Туған жердей жер болмас, ...
4-сынып

Ашу -дүшпан,-..... ,

Ақылыңа -.... .

Төртеу түгел болса, ...
Ырыс алды - ...
Еңбек етсең ерінбей, ...
Көп жасаған білмейді ,

Көп көрген .... .


.
- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
V бөлім - «Көкпар»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Берілген «қанағаттанарлық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге 1 ұпай беріледі .
- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
VІ кезең - «Ойлы болсаң, озып көр!»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.


1сынып

1.Суретте неше

Үшбұрыш бар?(5)

2.Тиісті сандарды тап: 5+3>5+

5+5 > ,

3. Дәрігерге 3 бала және 4 ересек адам келді .

Дәрігерге барлығы неше адам келді?

2-сынып

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
3-сынып
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2 Қандай санды теріс оқысаңда, оң оқысаңда сол сан шығады?(қырық)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
4-сынып
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. 120 минутта неше сағат бар?(3сағат )

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың - дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал