7


  • Учителю
  • Доклад на тему: 'Мемлекеттік рәміздер'

Доклад на тему: 'Мемлекеттік рәміздер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне - 20 жыл
Отан -жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы -мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекттік рәміздер -еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
Ендеше, «Рәміздерім-мақтанышым» атты ауызша журналымызды бастаймыз.
Журналымыздың бірінші беті: Тұңғыш Президент.
1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2.Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы -Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Журналымыздың екінші беті : Еңселі Елтаңба.
1.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш - бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Журналымыздың үшінші беті: Тұғырлы туымыз.
1.Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы - Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз - көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн - тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Қазақтың көк байрағын Олимпиада төрінде желбіреткен оғландарымыз! Міне, ұлт мақтанышына айналған ұл-қыздар! Кеуделерінде жарқыраған алтыны бар Серік Сәпиев, Александр Винокуров, Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпаковалардың өнері болашақ ұрпаққа үлгі болмақ.
Олжалы оралған олимпиадашыларды әуежайға жиналған халықпен бірге аймақ жетекшісі, спорт және туризм басқармасының басшылары күтіп алды. Құшақтары гүлге толған спортшылар салтанатты түрде шаһар көшелерінде авто шерумен жүріп өтті. Лондон Олимпиадасы Қазақстанның спорт тарихындағы ең жарқын беттеріне айналды. Еліміздің әнұранын Лондон аспанында 7 рет шырқатып, көк туымызды 13 рет биікке желбіреткен толағайларды арқашан құрметтейміз.
Журналымыздың төртінші беті: Асқақтаған Әнұран.
1.Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Қорытынды:
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан - жақты білім алу керексіңдер, - дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал