7


  • Учителю
  • Абайтану. 9 Сынып. Астана №8 ОМ Бейсенбаева Алтынай Оспановна

Абайтану. 9 Сынып. Астана №8 ОМ Бейсенбаева Алтынай Оспановна

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Астана қаласы № 8 Ом

Бейсенбаева Алтынай Оспановна

Сыныбы 9

Пән аты Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Абайдың алтыншы қарасөздері Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Абай Құнанбаевтың қарасөздері, олардың негізгі тақырыптары туралы жаңа білім беру, өлеңдеріне талдау жасау. 2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдай білу, есте сақтай, талдай білу дағдыларын дамыту 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ----- Оқушыларға азаматтық , патриоттық рухта тәрбие беру. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: әңгімелеу, еске түсіру, баяндау, сараптамалық талдау Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың қарасөздері туралы мәліметтер, аудио таспа, «Абайтану» кітабы Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, өтілетін тақырыпқа назарын аудару.

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Абайдың қарасөздері Жаңа сабақтың жоспары:

7, 19, 31, 38, 42, 6, 8, 11, 5, 18, 25- қарасөздерін аудио таспадан тыңдау:

- қарасөздердің мазмұнын түсіну, әңгімелеу;

- Тақырыбын анықтау;

- Идеясын ашу.

,Абайдың көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қарасөз-дері . Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен филос. сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

АЛТЫНШЫ СӨЗ


Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?

«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың - пысық, ішің - нас,

Артын ойлап ұялмас, -

болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.


Абай қарасөздерінің тақырыптары

Қарасөздері

1. Дүниенің тылсым сырын танып-білу

«Жетінші», «Он тоғызыншы», «Отыз бірінші», «Отыз сегізінші», «Қырық үшінші» сөздері

2. Ілім-білімді үйренуге бөгет болатын қасиеттер

«Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері

3. Ар-ұят, адамгершілік мәселелері

«Бесінші», «Он бірінші», «Он сегізінші», «Отыз үшінші» сөздері

4. Білім-ғылым жолын қуған елдерді үлгі ету

«Жиырма бесінші» сөз



ІV Дәптермен жұмыс: Абайдың қарасөздері туралы кестені жазу. V Қорытынды: . Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. VІ Бағалау VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру: 1. «Алтыншы», «Жетінші», «Отыз бірінші»», «Отыз үшінші» сөздерін кесте бойынша талдау.

Қарасөздері

Мазмұны

Тақырыбы

Идеясы

«Жетінші»




«Отыз бірінші»




«Алтыншы»




«Отыз үшінші»




2. «Алтыншы», «Жетінші», «Отыз бірінші»», «Отыз үшінші» сөздерін жаттау.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер: М. Әуезовтің «Әдебиет туралы ойлар» еңбегі

Шығарма «Абай әлем

.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал