7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары ҚМЖ 'Аққулар ұйықтағанда' (8 сынып)

Сабақ жоспары ҚМЖ 'Аққулар ұйықтағанда' (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Уақыты

Қазақ әдебиеті


МұғалімШарипова Г.А.

Сынып 8

Сабақ тақырыбы:

М.Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Жалпы мақсат:

М.Мақатаев .«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға поэма мәтінін талдата отырып, поэманың тақырыбы мен

идеясын, көркемдік тілін ашу;

Дамытушылық:

Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге

дағдыландыру;

Тәрбиелік:

Ақын тілімен салынған сурет арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;

Табиғатты қорғау идеясының халық ұғымындағы қасиетті нәрселермен көмкерілгенін байқату.


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.


Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

Жаңа сабақ. - Мұқағали мұрасы-жалпақ елдің жүрегінде,ой-парасатында,жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап нұр беруде.Әр ғасырдың біртуар адамы болады. Мысалы: Абайда-ой, Мағжанда-махаббат, Қасымда-от, Мұқағалида тазалық (қасиет деген ұғым)басымырақ болады.Табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді.

Табиғат

Жанымды алсаң,

Алшы менің,

Бір түйір жерге түскен, тамшы едім.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.

Артымда қалсын жерім,

Қалсын елім, - деген Мұқағали

барлық өлеңіне бойындағы сезімнің ағынымен барып таусыла жазды.Барлық шығармасын соңғы өлеңіндей жазды.Өйткені,

"Мұқағали-бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей ірі талант иесі".Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма "Аққулар ұйықтағанда»- ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

Мұқағали:

Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой толғаймыз.Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді.

\М.Мақатаев шығар.жинағы 1991ж «Мұқағали жайлы ойласам» деген алғысөзден оқып беру\.

- Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың.

Ойшақыру:

«Қыз Жібек» кино фильмінен үзінді көрсету.Осы үзінді туралы не айтуға болады?

Мәтінмен жұмыс.

Мәтіннің мазмұнын оқып,теориялық талдау.

1-топқа:

1.Поэманың І бөлімінен қандай әсер алдыңдар?

2.Туған жер ,Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні,қасиеті,айнала қоршаған ортамен үндестігі,ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?

3.«Сызат», «Алау» сөздерінің мағынасын түсіндір.

2- топқа:

1.Ананың психологиялық жай-күйін ақын қалай берген ?

2.Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не?

3.Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып -деген өлең жолындағы «күй» сөзінің мағыналарын түсіндір.

3-топқа:

1.Осы бөлімдегі жылқышы мен ананың

диалогін екі оқушы кезекпен мәнерлеп оқыңдар.

2.Білмеймін сор аттың ба,бақ аттың ба ?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?-деген жылқышы

қарттың сөзінде не мән бар?

3. « Қасиет», «Қасірет» сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.


Шығармашылық жұмыс


Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы поэманың құрылысына талдау жасалынады.

Оқиға соңы. Эпилог

Оқиғаның шешімі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның дамуы.

Оқиға қалай басталуы



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Үйге тапсырмасын беру

V. Рефлексия

«Галереяға саяхат» әдісі арқылы сабақты қорытамыз.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімін геометриялық фигураларға өтініш,өлең,жарлық,әңгіме ,статья түрінде жазып,плакатқа жапсырады.Барлығы болған соң,қабырға газетіндегі пікірлерін талдайды,сараптайды,бағалайды.


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал