7


  • Учителю
  • Психологиялық сабақ 5-ші сынып

Психологиялық сабақ 5-ші сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Психологиялық треннинг



5-ші сынып деген не?



Мақсаты: Бейімделу себептерін алдын-ылу.



Сабақ барысы



Кіріспе



Жаттығу Ұжыммен санау. Бір-біріммен келіспей санау.



Жаттығу Кім ...



Тәттіні жақсы көреді



Кімде мысық бар



Кім футбол жақсы көреді т.б.



Сәлемдесу рәсімін тандап алу.



Сурет Мектеп жол 1-9 сыныпқа дейін. Талдау жасау.Маған бастауыш мектепте ең жақсы есімде қалған. Шеңбер бойынша әңгімелейді.



Мен 5-інші сыныптан күтемін. Қысқаша әңгіме



Түрлі түсті қағазға өз тілектерін жазады..



Ойын. Комплимент.



Менің сыныбым



«Мен және менің отбасым»



5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі.



Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды.Оқу жылының басында мектеп психологы 5 сынып оқушыларымен жұмыс жасады.Бесінші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімдеулерін, қалыптасу деңгейлерін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалынып, көмек көрсетілді. «Бесінші сынып дегеніміз не?», «Мен және менің отбасым»,«Біз және біздің сынып» атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.Треннингке 5 сынып оқушылары белсене қатысты.



Оқушылардан «Оқушылардың оқу процесін адаптациялау» сауалнамасы алынып, жұмыс барысында он сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды. Зерттеуге бесінші сыныптардан жалпы 6 оқушы қатысты. Зерттеу нәтижесі төмендегідей деңгейде.Оқушылардан «Мектептегі мазасыздығын» анықтау тесті алынды.



Қорыта келгенде оқушылардың оқу процесін адаптациялау барысында, бесінші сыныптардың оқу процесі екендігі анықталды. Алынған нәтиже мектеп ішілік педконсилиумда қарастырылады, ата-аналар назарына ұсынылады.



Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ойлау деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, тілдік проблемаларын, ой-өрістерін және өз бетінше іздену қабілеттерін тексеруге бағытталған. Тест нәтижелері ата-аналар мен сынып жетекшісіне көрсетілді.





Тақырыбы: Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек.



Мақсаты: 5-ші сыныпқа орта буынға бейімделуге мұғалімдердің көмек беру мотивациясын дамыту, кездесетін қиындықтарды талдау, дезадаптацияның алдын алу.



Сабақ жабдықтары:



1. Сұрақтар оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптар бойынша.



2. Жадынама. «Бағалау қауіпсіздік техникасының ережесі».



3. Қасиеттер жазылған үлестірме кағаз.





Сабақ барысы.



I. Кіріспе сөз.



-Бүгін біз семинар-тренинг «Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек» өткізуге



жиналдық. Осы семинарда өздеріңізге кажетті, күнделікті жұмыста қолданатын кеңес аласыздар деп сенеміз.



II. Қатысушыларды сергіту.



Біз шеңбер жасап отырдық. Күнделікті отырыстан айырмашылығы бар екенін білеміз. Осындай отырыстын жақсы, жаман жағын атап шығайық шеңбер бойымен.



III. Еске түсіру.



- Өздеріңіздің бастауыш сыныптан орта буынға ауысу кезеңді еске түсіріңіздерші. Қандай қиыншылықтар еске түседі?



Мұғалімдер атап шығады: кабинеттерді табу, мұғалімдердің әр түрлі талаптары, мұғалімдердің әр турлі эмоционалдқ қабылдауы.



IV. Бірыңғай талаптар.



Мұғалімдерге сұрақтар.



-Дәптерді толтыру, орындалған жұмыстарды жазу талаптары. Неше тор, нешежол қалтыру қажет?



- Қазақ тілін бермейтін мұғалімдерге дәптердегі қателіктерін түзеп, оған сол үшін бағасын төмендеткен дұрыс па?



- Сынып кезекшісі нені орындауы міндетті?



- Сонымен мұғалімдердің қойятын талаптары әр түрлі. Қалай ойлайсыздар әр түрлі талаптар алған оқушы осындай сәтте нені сезінеді? Мазасызданған, қобалжыған оқушыға кандай көмек беру болады? Осыған біз не істей аламыз?



V. Ассоциация.



өзіне сенімді өзіне сенімсіз шындық



көнушілік ашулы қайсарлық



біреуге тәуелді белсенді мінезі ашық



Түсті төртбұрыштар осы қасиеттердің жанына ілінеді.



-Енді біз бесінші сынытың ассоциациясын ілеміз.Балалар сіздерді қалай қабылдайды екенін көріңіздер.



Егер сіздер жақсы немесе жаман эмоционалдық қарым-қатынас деңғейінде болсаңыздар нені сезінесіздер.



Балалар қара түспен мұғалімді көрсетпес үшін не істеу керек?



VI. Басқаға ауысу.



-Енді сіздердің қажу деңгейлеріңізді анықтайық.Егер жоғары болса-отырып иықтарыңызды түсіріңіз, орташа болса-тұрып қолды төмен түсіріңіз, аз ғана болса тұрып қол көтеріңіз. Сәл ғана болса қалай көрсетесіз? Рахмет, орындарыңызға отыруға болады.



VII. Жұмыс орындау динамикасы.



Сергіту сәті оқушының қажығаның азайтады бірақ орта буында оны орындауға уақыт шектеулі деп назар онша аударылмайды.



Жұмыс орындау механизмінің циклі.



3-5 минут - дайындық



15-20 минут - оптимум



20-шы минуттан кейін қажу



Табиғи биоритммен қажуды сабақта қалай реттеп отырасыз?







VIII. Баға қою қауыпсыздық ережесі.



Екі немесе үш баға жеткілікті жазалау. Ата-анасынан жазалауды талап етпеңіз, бала үде өзің жақсы сезіну керек.



Орындаушыны мақтаңыз, сын беріңіз орындалғанына, өзіне емес.



Мақтауға аянбаңыз. Балаға шамасы жететін талаптар біртіндеп қойыңыз.



IX. Қорытынды жасау.





«Мен және менің отбасым»



Бесінші сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту .





Ата-аналарға жадынама



· Балаңызға өзіңіз мектепте оқығаныңыз туралы әңімелеп көңілін көтеріңіз.



· Сабақ үлгерімі, тәртібі, басқалармен қарым-қатынасы туралы үнемі мұғалімдермен әңгімелесіп отырыңыз.



· Сабақ үлгерімінің бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтаумен байланыстырмаңыз.



· Өз балаңыз оқитын мектептің еркшілігін, бағдарламасын біліңіз.



· Үй жұмысын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындамаңыз.



· Мектепте нені оқытатынына баланың қызғушылығын арттыруға көмектесіңіз.



· Мектеп өмірінде өзгеріс болып жатқанда, үйде бірқалыпты, жайбарақат атмосфера орнатуға тырысыңыз.



Тақырыбы: «5 сыныпта алғаш рет»

Бесінші сыныптардың бейімделуі туралы ата-аналар жиналысы.

Өткізілу уақыты:

Қатысушылар:5-сыныптардың ата-анасы, сынып жетекшісі, психолог.

Міндеті: ата-аналарды балалардың орта буынға өтудегі бейімделуінің ерекшеліктерімен таныстыру; балалардың 5 сыныпқа бейімделу туралы кеңестер беру.

Талданатын сұрақтар: Бесінші сыныптардың мектепке бейімделуінің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері; 5 сыныптағы бейімделу кезінде отбасындағы қарым-қатынас жүйесі.

1.Кіріспе сөз (сынып жетекші)

Психолог:

Адам өмірінің кез-келген өтпелі кезеңі әрқашан қиындықтармен байланысты. Оқушылардың бастауыш мектептен ауысуы-бұл қиын әрі жауапты кезең; бейімделу кезеңінің қалай өтетініне байланысты, баланың келешектегі барлық мектептегі өмірі тәуелді болады. Біздің қазіргі міндетіміз, қазір біздің балаларымызбен не болып жатыр, оларды не алаңдатады, не мазалайды және қандай қиындықтармен ұшырасады. Сонымен қатар қандай шынайы көмек көрсете алатындығымызды анықтау.

2. 11-15 жастағы жеткіншектердің кейбір анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

Жеткіншектік кезеңге тән басты ерекшелік болып баланың жыныстық жетілуі кезіндегі биологиялық фактор болып табылады. Бұл кезең, қыз балаларда 10-11 жаста басталса, ұлдарда 11-12 жаста басталып орташа есеппен 3 тен 5 жылға созылып жыныстық жетілумен аяқталады. Жыныстық жетілу ішікі секрецияның қатысуымен, нерв жүйелерінің басшылық жасауы арқылы өтеді.

Олардың дене бітімі өзгереді. Қаңқа бұлшық еттерінің шапшаң өсуінен тканьдық және оттегінің жетіспеушілігі болады. Ағзаға салмақ түседі. Жеткіншек тез шаршағыш болады, оның төзіімділігі төмендейді. Өмірінің осы кезеңінде балаға қатаң талап қоймау керек, өткен жылдарға қарағанда жетістіктерінің азайғанына байыппен әрі құрметпен қараға тырысу керек. Жеткіншектің 11-13 жасында оперативті ойлауы төмендеп, ақыл-ой қызметі нашарлайды. Бірақ бұл құбылыстар қысқа мерзімге ғана тән болады да, бұл баланың жалқаулығы немесе жаман мінез бен иннтеллектуалды деңгейінің төмендігін көрсетпейді. Тек объективті себептерден ол дәл қазіргі уақытта қажетті деңгейде өзін-өзі басқарып, өз іс-әрекетіне бақылау жасай алмайды. Әлеуметтік және биологиялық жетілу балада қатар жүріп жатқандықтан әрі бір-бірімен байланыста борлғандықтан, 8-9 жаста қалыптасқан үйлесімділік қаты күйреуге ұщырайды. Жеткіншек үшін де, оның айналасындағылар үшін де өтпелі кезеңнің қиындығы осыған байланысты.

11-13 жасында жеткіншек өзінің әлеуметтік ортадағы орны мен рольін анықтауға тырысады. Қарым-қатынаста бірінші орынға құрбыларымен байланысын дұрыс жолға қою тұрады. Сыныптастары арасында өзін сезінуі өзгереді.Өзін мойындау мен дәлелдеуге деген қажеттілік те құрбыларының арасында қалыптасады. Жеткіншек мектептен тыс жерден өзінің қажеттіліктерін іске асыратын аймақты табуға тырысады.

3. Жеткіншектердің елеулі саны қоршаған ортамен үйлесім таба алмай қиналады: баланың ата-анасын түсінбеуі және ата-ананың баланы түсінбеуі, педагогтармен конфликтілер, қобалжу, агрессия, қоршаған ортадан өзіне агрессивті қарым-қатынас күту,тұйық мінез таныту, өзі туралы мәліметтерді қабылдай алмау және қабылдағысы келмеу, ал бұл мәліметті қабылдаған жағдайда-онымен жұмыс жасай алмау.

5-сыныпта жеткіншектік кезеңнің қиындықтарына оқудың жаңаша талаптарына үйрену қиындығы келіп қосылады. Бейімделу деген сөздің астарында-қоршаған ортадағы жағдайға төселу деп түсіну қалыптасқан. Яғни баланың мектеп өмірінің өзгеруіне баланың психологиялық тұрғыдан дайындығы туралы айт

Оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға көшуі кезеңінде ұсынылатын психо-педагогикалық көмек мынадай болды:

Қобалжу деңгейінің диагностикасы

1. Филлипс тесті мектептегі қобалжу деңгейін анықтауға көмектеседі:

2. - мектептегі жалпы қорқынышты;

3. - әлеуметтік күйзелісті басынан өткізуді;

4. - табысқа жету жолындағы фрустрация қажеттілігін;

5. - өзін- өзі көрсету, байқату қорқынышын;

6. - білімдерін тексеру жағдаяттарында кездесетін қорқынышты;

7. - жан- жағында өзін қоршаған адамдардың ойынан шыға алмай қаламын деген қорқынышты;

8. - күйзеліске физиологиялық қарсы тұрушылық күштің төмендігін;

9. - мұғалімдермен келіспеушілікке түсіп қалуға деген қорқынышты;

Оқушылармен профилактикалық жұмыс.

Әдістеме: "Менің мектептегі сезімім

Мен мектепте сезінемін....

Сабырлылық

Шаршау

Жалығу

Қуаныш

Өз- өзіне деген сенімілік

Қобалжу

Өз- өзіне қанағаттанбаушылық

Жеккөру

Күмәндану

Реніш

Өз- өзін төмен санау

Қорқыныш

Болашағы үшін қобалжу

Алғыс білдіру

Ұстаздарға деген жағымды көз- қарас

Мектепке деген құштарлық

Жүргізілген жұмыстың мақсаты: 5- сынып оқушыларының мектепке деген жағымды көз- қарастарын орнату, мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара тығыз қарым- қатынасын орнатып, сынып ұжымында өз орынын табуға көмектесу.



Оқушылардың мектепте басынан өткеретін 16 сезім түрінің ішінен 8- ін таңдау керек.

Қатысушылар: 5 "А"

Әр бір сөйлемнің басы « Кейінгі уақытта...» деп басталу керек

Мен тез шаршаймын (иә, жоқ).

Меніңше, басқа балаларға қарағанда менің жағдайым жақсы

(иә, жоқ).

Мен өзімді еркін сезінемін (иә, жоқ).

Менің бойымда бас айналу, жүрек айну, шаршау пайда болғандай (иә, жоқ).

Мұғалімдер маған риза емес (иә, жоқ).

Өз- өзіме деген сенімділік жетіспейді (иә, жоқ).

Мен өзімді қауіпсіздікте жүргендей сезінемін (иә, жоқ).

Мен қиындықтан қашамын (иә, жоқ).

Мен тез ренжіп, тез жылап қаламын (иә, жоқ).

Мен жиі қақтығысқа түсемін (иә, жоқ).

Мен үшін үй тапсырмасы күннен күнге қызықты бола түскендей (иә, жоқ).

Мен мұғалімнің айтқандарын түсінбеймін (иә, жоқ).

Мен көпке дейін болған істі уайымдаймын (иә, жоқ).

Менің ұйқым қанбайды (иә, жоқ).

Бастауышты оқытқан мұғалімдер 5- сыныпта да сабақ бергенін қалаймын (иә, жоқ).

«Ата- аналарға арналған ашық хат»-жазыып талқыланды.

Бесінші сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалімдердің жадына

1. Оқу процессінің ұйымдастырылуына ерекше мән беру:

a. сабаққа дайындық (оқу-жазу құралдарының толықтығы, партадағы ұқыптылық);

b. түрлі жұмыс түрлері мен дәптердің сыртын толтырудың дұрыстығы; үй тапсырмасын күнделікке жазуын қадағалау.

2. Бірыңғай тәртіптік талаптарды жолға қою: сабаққа қоңырауда дайындалып, қоңырау соғылысымен сабақты бастап кету; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, мұғалімнің, сыныптастарының сөзін бөлмеу; қол көтеру-бұл сұрақ қою немесе жауап беру белгісі; партадан шығып жауап береміз, толық сабақ айтуға тақта алдына шығамыз.

3. Сабақты қоңырау соғылысымен аяқтаймыз, балаларды бөгемейміз.

4. Үй тапсырмасын сабақтың соңына қалдырмаймыз-оны түсіндіріп,орындалуы туралы мәлімет беруіміз керек.

a. Мына ережені ұмытпаңыз:үй тапсырмасы оқушыға қанағаттану сезімін туғызуы, жетістікке ұмтылдыруы керек. Балаларға тапсырманы өте көп бермеңіз.

5. Пән мұғалімдері 5-сыныпта сабақтар іс-әрекет түрінің ауысуымен ерекшеленуі керек және физминутканы кіргізуді ұмытпаңыздар.

6. Оқушылар өздерінің міндеттері мен құқықтарын білуі керек, кабинетте өзін ұстауы, қауіпсіздік ережесі, кезекшілік ережесі туралы.

7. Оқушы күнделігін тәртіпке байланысты ескертулер жазуға пайдаланбаңыз (отбасымен, баламен жұмыс жасаудың жекелеген түрлерін табыңыз).

8. Күнделікті сабақтың соңында келесі күнгі тапсырманы тексеруді ұмытпаңыз.

9. Мұғалімнің міндеті-оқу материалдарын меңгерудегі қиындықтарды біліп, дер кезінде көмекке келу.

10. Ұмытпаңыз: «Оқушы және оқытушы-одақтастар. Оқыту конфликтісіз болуы керек».





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал