- Учителю
- Урок по Самопознанию на тему Таным белестері
Урок по Самопознанию на тему Таным белестері
Мектеп:№12 Мерзiм: 3.09.2016 №1 сабақ
Пәні: өзін-өзі тану.
Тақырып: Таным белестері.
Құндылық: дұрыс әрекет.
Қасиеттер: жақсы мен жаманды ажырата білу.
Мұғалiм: Егимбаева М.С.
Сынып: 10Мақсаты: оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.
Міндеті: 1.адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өмірлік бағытты дұрыс таңдау арқылы дамып, жетіліп отыратын қасиет екендігін ұғындыру;
2.оқушыларды өз бойларындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алуға үйрету;
3.оқушыларды таным жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге және өздігінен ізденуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
Тыныштық сәтi.
5 Т ережесін еске салу.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Өмірлік бағыт» бойынша сұрақ қою
-
Сұрақтар: Өмірде кандай жақсылық болса, соны көре біліңдер;
-
Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;
-
Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;
-
Адамның әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз,ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;
Сабақ барысын талқылау:
Әңгімелесу
-
Жазғы демалысты қалай өткіздіңіздер?
-
Демалыс кезінде кандай пайдалы іс жасадыңыздар?
-
Өзін тану үшін адам не істеуі керек деп ойлайсыздар?
Дәйексөз
Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі.Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың.
Иоганн Гете
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Бұл әдіс әр дара тұлғаның өзіндік қабілетін, ой тереңдігін дамытуға ықпал етеді. Орайластырып берілген шығармашылық тапсырма оларды ізденімпаздыққа жетелейді.
Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар:
- Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді;
Шығармашылық жұмысты орындауда оқушылар өмірлік ұстаным, өмірлік мұрат, өмірлік бағыт туралы өз пікірлерін жазады.
Топпен ән айту. 3 мин.
Әбділда Тәжібаевтың «Өмірді аяла»
Үй тапсырмасы Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар жаттап келу
Қорытындылау.
-
Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыздар?
-
Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?
Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 3 минуттай отырады.