7


  • Учителю
  • Есті дамытуға арналған жаттығулар

Есті дамытуға арналған жаттығулар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қойдың басы» жаттығуы.

Нұсқау: Біздің алдымызда үлкен ортақ іс тұр, содықтан бір-бірімізбен танысып, есімізді еске сақтау керек. Тренинг бізге өмірде әдетте қол жетпейтін тамаша мүмшкіндік туып тұр, - өзімізге есім таңдау. Біреуге ата-анасының қойған есімі ұнамайды, есім таңдауға 30 секунд уақыт бар. Топтың басқа мүшесі мен жетекші тренинг бойы сізді осы есіммен атайды.

Ал енді, бір-бірімізбен танысайық. Барлық ойыншы есімін бірден және берік еске сақтау қажет. Біздің танысуымыз: бірінші адам өз есімін атаса, екінші адам бірінші адам мен бірге өз есімін атайды, үшінші адам алғашқы екі адаммен өз есімін атайды. Соңғысы осындай үлгімен барлық топтың мүшесін атап шығады. Есімді жазуға болмайды, тек щесте сақтау қажет. Бұл ұрдіс «қой басы» деп аталады. Неге? Егер сіз өз серіктесіңізді атап келіп, біреудің атын ұмытып қалсаңыз, «қойдың басы» деңіз.

Қосымша шарт - адамның есімен атағанда, оның көзіне қарап айту.


«Келісім шартқа жтұру»

Нұсқау: Барлық ережені жасағанда миға шабуыл көмегімен өткізіледі, барлық ереже тақтада немесе ватман қағазға жазылып қояды.

  1. Ноль-ноль заңы (дәлдік)

  2. Қолды көтеру ережесі: кезекпен сөйлейді, біреуі сөйлегенде қалғаны үндемей тыңдайды, сөз алу үшін қолды көтеру қажет.

  3. Бағалау; әртүрлі көзқарас болуы мүмкін, ешкімде бірін-бірі бағаламайды, тек әрекетін талқылаймыз; сын жүйелі болу қажет.

  4. Құпия сақтау: тренинг өтілгеннің барлығы қатысушы арасында қалады.

  5. «Тоқта» ережесі. Қатысушының жеке тәрбэиесі талқыланса, жағымсыз тәжірибе «тоқта» сөзін айтып, тақырыпты тоқтату.

  6. Белсенділігі: егер кімде-кім тренингте белсенділік көрсетсе, курс соңынан көп нәрсені білетін болады.

«Адамдар әлемінде», «Жарнамалық ролик»

Нұсқау: Жарнама сөзі жақсы таныс. Күнделікті біз телидидардан көптеген жарнамалық роликтерді көріп, тауардың әртүлі болатынын түсінеміз. Бәріміз - жарнамалық тауардың тұтынушысы болғандықтан, өзімізді жарнама маманы деп санау артық болмайды.

Көз алдыңызға қандайда бір тауардың жеке ролигін жасауға жиналғанымызды елестетіп көріңіздерші. Біздің міндетіміз - халыққа тауардың жақсы жағын ұсыну, оны қызықтыру. Барлығы да кәдімгі жарнамалық қызметтің іс-әрекетіндей болады. Бірақ, кішкентай бір өзгешелік бар - біздің жарнаманың нысанасы осы шеңберде отырған нақты адам. Әрқайсысыңызға топтағы қатысушының есімі жазылған бір жолақты таратады. Мүмкін сіздің өз есіміздің жазылған жолақ түсер. Еш қорқынышты емес! Онда сізге өзіңізді өзіңіз жарнамалауға тура келеді. Біздің жарнамада тағы да бір шарт бар: сіз жарнамалап отырған адамның есімін жатаймыз. Сонымен қатар адамды қандайда бір тауар ретінде елестету ұсынылады. Мүмкін оны тоңазытқыш ретінде жарнамалаймызба? Әлде қала дсыртындағы үй ме? Онда ол қандай тоңазытқыш? Қандай қала сыртындағы үй? Сіздің жарнамаңыз халықтың қай бөлігіне арналған? Жарнамалық роликте нысананың ең маңызды және шынайы бейнесі жарнамаланушы. Әрбір жарнамалық роликтің ұзақтығы - бір минут. Мұнан кейін топ жарнамада кімнің жасырылғанын табуы тиіс.

Қажет болғанда бөлмедегі кез-келген затты татуаж ретінде пайдалануға және басқа ойыншының көмегіне сүйенуші болады. Дайындыққа 10 минут уақыт беріледі.


«Не көріп тұрсам соны айтамын»

Нұсқау: Өзге адамның мінез-құлқын жсипаттау өзгеше әрекетін бағалаусыз бақылауды хабарлауын білдіру, яғни, жеке қасиетті нығайту, бағалау. Сипаттап айту, баға беріп айтуға қарағанда серіктесімен қатынасқа түсуде, түсінікті және өз мінез-құлқын түзетуге мүмкіндік береді. Мысалы: «Майра сен жалқаусың»-бұл тіл тигізу, бжаға беру. «Майра сен өз төсегіңді жинаған жоқсың»-мінез құлықты сипаттау.

Бэарлығы шеңбер бойына отырып, көршінің мінез-құлқын бақылайды. Сонан соң кез келген қатысуға байланысты не көргенін айтады. Мысалы: Қанат аяғын айқастырып отыр, Аян күлімсіреп отыр.

Жетекшіге ақпарат: ой қортындысы мен пікір қолданбағанын бақылайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін қатысушы қаншалықты оған жаттығу күрделі болғанын, білім алушы не сезінгенін талқылайды.


«Даяшы, менің сорпамда шыбын жүр»

Нұсқау: Топтағы қатысушыға бір қымбат мейрамханадағы шиеленіс жағдайда болуын сезіну ұсынылады. Әрбір қатысушыға төменде келтірілген сценарийдің бірімен танысып шығуды ұсыну. Жаттығу қарым-қатынасы түсіндіруге бағытталған рольдік ойын екенін түсіну. Екі орындаушыны ортаға шығару, өзгені бұл екеуі ести, әрі көре алатын болсын, мұнан кейін ойынды бастау.

Жағдайды ойнап болғаннан кейін қатысушының сахнадағы пікірін, уайымын, әсерін талқылау, соңында топ мүшесінің пікірін тыңдау. Егер уақыт болып, жаттығуды қайталауды қалайтын болса, басқа ойыншымен жүргізуге болады.

А рөлі:

Сіз, өзге елде саяхаттап жүрсіз делік. Бүгін сіз бір қымбат бір дәріханадан түстеніп отырып, сорпадан жәндікке ұқсас бір нәрсе табу. Сіз даяшыға шағымданып едіңіз, сізді бұл жәндік емес, дәмдеуіш, деп сендірді. Сіз келіспестен басқарушымен сөйлесуді қалайсыз. Міне, басқарушы-сіз отырған үстелге жақындап келеді.

Б рөлі:

Сіз - жақсы бір мейрамхананы басқарып отырсыз. Баға өте жоғары болуы мүмкін, бірақ қызмет көрсету сапасы оны ақтайды. Мейрамхана беделі керемет, оған шетелдхік қонақ көп келеді.бүгін сіздің мейрамханаңызға бір шетелдік түстенуге келеді, даяшының бірі сорпа әкеліп бэереді.

Қандай да бір шағым түсіп даяшы шетелдіктің сізбен сөйлескісі келетінін жеткізді. Сонымен сіз ол отырған үстелге бара жатырсыз.

Талдау:

  1. А шағымданды ма? Тапсырысты өзгертті ме? Сорпа үшін төлеуден бжас тартты ма?

  2. Б мәселе төркінін түсінуден бас тартты ма ? Екі жақтың түсінбеушілігін жеңді ме? Өкініш білдірді ме? Сыпайы кешірім сұрады ма?

  3. Екі жақ түсіністі ме? Мәселе екі жақ қанағаттандыратындай шешілді ме?

  4. А өз шағымын түсінікті етіп жеткізуге болар ма еді?

Рөлдік ойынды адам мінез-құлқындағы өзгешелігін көрсетуге, пайдалануға болады.


Есті дамытуға арналған жаттығу.

«Ұмытылған жаттар» жаттығуы

Есім. Күн. Сөз.

Нұсқау: Ерте есімді, күнді сөзді қалпына келтіруге көптеген айғақты көз алдымыздан өткізіп, біршама күш жұмсау кейде нәтижесіз болып жатады. Еске түсірудің нәтижелі болуына ақылдың ойға күш түсіруі кедергі келтіреді. Керісінше - босаңсу қажет. Мысал ретінде Мадинаның қалай еске түсіретінін көрейік. «Ыңғайлап жайғасып, отырғаннан кейін, көзді жұму. Денені босаңсыту. Бірнеше уақыт өткеннен кейін өзіңді сырттан көріп тұрғандай сезіну. Көз алдыма сөздің еске түсінуіне жағдай жасайтын кинофильмнің лентасы елестейді». Сен де осылай жасап көр. Ең алдымен Мадинаның екінші бөлімдегі есте сақтаған сөзін еске түсіріп көр. Сөзді ретімен атап шық

Сөзді жазып болғанан кейін жауапты салыстыр. Егер сөз қалып немесе ауысып кетсе қате болып саналады.

Қате болмаса - 10 ұпай 9-10 қате - 10 ұпай

1-2 қате-9 ұпай 11-12 қате - 9 ұпай

3-4 қате - 8 ұпай 13-14 қате - 3 ұпай

5-6 қате - 7 ұпай 15-17 қате - 2 ұпай

7-8 қате - 6 ұпай 18-20 қате - 1 ұпай



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал