7


  • Учителю
  • Психологический тренинг на казахском языкеӨзіңді сүйе біл

Психологический тренинг на казахском языкеӨзіңді сүйе біл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Психологиялық тренинг-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді сүйе біл!».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзіндік «Мен» дәрежесін анықтап, өздерінің пікір-лерін, көзқарастарын қуаттай білуге дағдыландыру.

Өткізу топтары: 8-11 сынып.

І. Танысу жаттығуы «Сұхбат алу».

Мақсаты: Көршісін таныстыра отырып, өзі жайлы қаншалықты жақсы ақпарат бергендігін бақылау.

«Өзіңнің көршіңнен өзі жайында сұхбат алып, оның көзқарастары, қызығушылықтарымен таныстыр».

ІІ. «Жұлдызбен кездесу» сайыс-жаттығуы

Мақсаты: Өз пікірін дәлелдеу, адамдарды иландыра білу дәрежесін анықтау. Көзқарасын қорғауға үйрету.

« Сендерде өздерің қалаған жұлдызбен кездесу мүмкіндігі бар.Қазір сен өз көршіңді сен таңдаған жұлдызбен кездесу керектігін және пайдалылығын дәлелдеп, сол адаммен кездесуге баруға көндіруің қажет». Содан соң келесі жұппен осындай әрекет жасалады. Соңында сынып 2 топқа бөлінеді.Әр топ өзінің жұлдызын құптап, жеңіп шығуы қажет.

ІІІ. «Мен өзімді мақтаймын...» жаттығуы

Мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін арттыру.

«Әр адам өзін мақтан тұтуы қажет.Сенің қазір өзіңді қандай да бір қасиетің, жаратылысың, сырт келбетің ,жетістіктерің , жасаған әрекет-қылықтарн үшін мақтануға мүмкіндігің бар».

Өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы. Адам баласы өзін жақсы көрсе ғана, айналасындағыларды жақсы көре алады. Өзіңді сүйе біл!Қадірлеп,қастерлеп, мақтан тұта біл!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал