7


  • Учителю
  • 11 класс 'Стресіңді табысқа айналдыр'

11 класс 'Стресіңді табысқа айналдыр'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Стресіңді табысқа айналдыр!


"Досың" сенен басында келісілгеннен көбірек ақша алып қалғысы келеді. Отбасыңыздың мүшесі қатты ауырып, бірнеше айға ауруханаға түседі. Жауапкершілік жүгі ауырлай береді. Бағалар да қалысар емес. Сонымен бірге сіз бюджеті жарты миллионға тең құрылыс үшін жауаптысыз, ал сіздің банктегі есепшотыңыздағы ақша жуырда бітейін деп тұр (сіз банкрот болудың сәл алдында тұрсыз). Осылардың ақыры неге әкеліп соғады? Стресске!

Стресс өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біздің бәріміз соның әсеріне ұшырап жүрміз. Егер оған назар аудармай жүре беретін болсаң, стресс өміріңнің бірнеше жылын жалмап қоюы да мүмкін. Ал егер соның бар екендігін мойындап, оны егжей-тегжейлі талдайтын болсаң, стрессті табысқа да айналдыра аласың. Соны қалай істеу керек?

1. Стрессті табысқа айналдыру үшін, ең алдымен өзіңе жүктелген ауыр жүкті жеңілдету керек. Егер сен өзіңнің міндеттеріңді қағазға жазып, солардың маңызсыздарын алып тастайтын болсаң, жағдайлардың 80%-ында дұрыс шешімге келуге болады. Егер сен өз міндеттеріңнің тізіміне тағы бір міндетті қосатын ойың болса, онда соның орнына сол тізімнен бір онша маңызды емес міндетті алып тастау жақсы болар еді. Тізімді зер сала қарастырып, сондағы бірқатар істер үшін уайымға салынудың еш керегі жоқ екенін де көре аласыз!

2. "Супермендер" тек кино немесе комикстерде ғана болады. Әр адамның күш-қуаты өлшеулі екенін, өзіңіздің де күш-қуатыңыздың өлшеулі екенін естен шығармаңыз. Керек кезде демалыс жасап отырыңыз, күш-қуатыңыздың шегіне жетпеңіз.

3. Стресспен бірге жасырын сезімдер де келеді. Сенетін досыңыздан немесе кеңесшіңізден көмек сұраңыз. Басында бұл мүмкін емес сияқты болып көрінеді, бірақ егер сіз өз сезімдеріңізді біреуге сөзбен айтып жеткізуге тырысатын болсаңыз, бұл сізге өз жағдайыңыздан арылуға көмектесіп, дұрыс ойлап, жоспарлауға көмектеседі.

4. Сізде өзгертуге келмейтінді өзгертуге тырысып жүрмін деген сезім бар ма? Онда тоқтаңыз. Ол не болса да, сіз оны бәрібір өзгерте алмайсыз. Оның есесіне, сіз енді бұрын стресске жұмсалған уақыт пен күш-қуатты пайдалы нәрселерге жұмсай аласыз. Бір жасөспірімге әкесі былай деп үйреткен екен: "Егер сен өмірдің күрес екенін түсінсең, онда көптеген нәрселер сен үшін оңайырақ болады". Өмірдің қиындықтарына қарамастан өмір сүруді, оларға мойымауды үйрену арқылы біз рухани өсіп, кемелдене түсеміз.

5. Бір жылдың ішінде тым көп өмірлік маңызы бар шешімдерді қабылдаудан аулақ болыңыз. Томас Холмс стресс туралы зерттеулермен шұғылданың нәтижесінде мынаны анықтады: стресстің ең көп тарауының себебі - аз уақыттың ішінде көп өзгерістердің болуы екен. Егер бір жылдың ішінде өмірлік маңызы бар шешімдердің ұпай саны 300-ден асса, онда соның стресі бір адамның төзе алатынынан көп болады екен. Бұл кесте бойынша, жақын адамыңыздың қайтыс болуы 100 ұпай, ажырасу 73 ұпай, жақын адамдарден айырылысу 65 ұпай, үйлену 50 ұпай, т. с. с.

6. Егер сіз бір адамға өкпелеп жүрсеңіз, ондай сезімнен бас тарту мейлінше тиімді болар еді.

7. Демалуға уақыт тауып тұрыңыз. Қатты шаршағандық көп зиян келтірмей тұрып, демалып отыру пайдалы.

8. Өз тамағыңыз бен тамақты қалай жейтініңізді қадағалап жүріңіз. Стресске ұшыраған адам тым көп тамақ жеп қоюға бейім келеді. Әсіресе денсаулыққа пайдалы емес тағамдарды көп жеп қоятын әдет бар. Ақуыз, витамин, талшығы көп тағамдарды көбірек жеңіз. Стресстің әсерін жеңілдету үшін ақ қант, кофеиндерді ас мәзіріңізден мүлдем алып тастаңыз, май, алкоголь және никотинді қолданбауға не азырақ қолдануға тырысыңыз.

9. Дене жаттығуларын жеткілікті мөлшерде жасап тұрыңыз. Бұл сізге денсаулықты күшейтіп, стресстен және оның серігі - уайымдаулардың нәтижесінде пайда болатын адреналиннен арылуға көмектеседі.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал