7


Құм терапия жөніндегі кеңес

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Құм терапия жөніндегі кеңес

Құм терапия - балаларға үлкен мүмкіндік. Бала құммен алуан түрлі мүсіндер жасау арқылы өзінің сана-сезімін байытады.

Құмдық терапия - ол баланың уайымдау немесе қайғыру сәтін ашып көрсете алады, ол жағдайда балаға көңілін көтеруге жол салады. Бала құммен ойнап отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Сонымен қатар, ойын үстінде өзінің көңіл-күйін көтерумен бірге, өзін-өзі емдей бастайды.

Бұл жағдайда неге құмды алып отырмыз? Құм ерекше нәрсе. Кейде біздер өзіміз қолымызды құрғақ құмға салсақ, өзімізді шөлейт аймақта жүргендей сезінуіміз мүмкін. Құмдық терапияда бұрыс немесе дұрыс композиция деген жоқ. Түрлі мүсіндер жасай алады, оны қайтадан бұзып, қайта қалпына келтіруге болады. Бала осы бағыт-бағдармен әрекеттеніп отырып, өзін-өзі сиқыршы тәрізді сезінеді. Бала құммен ойнауда сындырудан, майыстырудан, жаңа мүсіндер құрастырудан қорықпай айналысады. Құмдық терапия - оқуды, білімді талап етпейді. Бұл терапияның маңыздылығын психотерапевт бақылап ұсынған. Оны Карл Юнгомның аналитикалық терапиясы арқылы қолданды. Мен өз жұмысымда құмдық терапияны оқушыларға қолданамын. Яғни, оқушылардың көңіл-күйін байқап, сол көңіл күйлерін көтеру мақсатында.



Құм терапия жөніндегі кеңесҚұм терапия жөніндегі кеңес

Бәрімізге белгілі құм-ұсақ ірмектерден құралады, олар бірігіп құмдық массаны құрайды. Көптеген психологтар әр ірмектерден адамның келбетінің әр түрлі көңіл-күй ерекшеліктерін, сезімдерін байқаған. Құмдық массада өмірдің күштілігінің сыр сипаты суреттеледі.

Балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау қабілеттері артады. Математикалық белсенділіктерін де жетілдіруге көмегі тиеді. Қарапайым ойнау әдісін іске асырады.

Баланың өсіп-өнуіне жауапкершілікпен қарап, оның сана-сезімінің терең дамуына көңіл бөлетін болсақ, бұл ойымызды іске асыру үшін құмдық терапияны емнің бір бөлшегі ретінде пайдалану аса қажет деп пайымдаймын.









Көксу ауданы

Кеңарал ауылы

С.Қырықбаева атындағы мектепке дейінгі

шағын орталығы бар орта мектеп

Педагог-психолог: Ш.Н.Нұртаева

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал