7


  • Учителю
  • Тренинг на тему «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» 11 класс

Тренинг на тему «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» 11 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тренинг тақырыбы: «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау»

Мақсаты:

- 11 сынып оқушыларының ҰБТ алдындағы өзі - өздеріне деген сенімін нығайту;

- өмір адам баласына бір - ақ рет берілетін сый екеніне ықпал ету;

- адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту;

- жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту;

- балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру;

Әдіс - тәсілдері: ой - бөлісу, пікірлесу, жаттығулар,интерактивті әдіс, релаксация

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнебаян, нақыл сөздер, А-4 парақ

Тренингтің барысы:

Саламатсыздар ма, балалар! Мен бүгін сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді ортаға шақырамын. «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау»тақырыбындағы тренингімізді бастаймыз. Үш топқа бөлініп отырамыз. Бірінші біз тренингімізді бастамас бұрын тренинг ережесін қабылдап алайық.

Ереже:

- біз тыныштықты сақтаймыз;

  • бір - бірімізді тыңдаймыз;

  • өз ойларымызбен бөлісеміз;

  • сезімдерімізді сыйлаймыз;

  • бір - бірімізді мазақ етпейміз;

  • уақытымызды үнемдеп, қысқа да нұсқа жауап береміз;

  • тәртіппен, өз кезегімізбен сөйлейміз;

  • белсенділік танытамыз;

1 - тапсырма: (оқушылармен)

«Сәлемдесу»

Қатысушылар 3 топқа бөлінеді:"Европалықтар", "Жапондықтар" және

"Африкалықтар"

Шарты: топтар басқа ойыншылармен «өз тәсілдерімен» амандасуы тиіс

«Жарнама» жаттығуы

Әр топ өз тобына арнап (1 минутта) жарнама жасауы керек. Жаттығудың психологиялық мақсаты: Топ мүшелерімен танысу, топтың жағымды қасиеттерін тану.

2 - тапсырма:

«Ойланып көрейік» жаттығуы.

Шарты: топтық тапсырма беріледі. Топ мүшелері постер қорғайды.

1 - топ: Адам не үшін өмір сүреді?

- Үлгілі отбасын құру үшін.

- Білім алу үшін.

- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.

- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.

- Өзін өзгелерге таныту үшін.

2 - топ: «Өмірден өз орнын табу деген не?»

- Жоғары атаққа ие болу.

- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.

- Тату және берік отбасын құру

- Адал достар көп болу.

- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.

3 - топ: «Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?»

- Еңбекқор, адал, әділ болу

- Қабілетті, дарынды болу.

- Өзіне сенімді болу.

- Адамдармен тіл табыса білу.



( Балаларға қосымша сұрақтар беру.)

  • Сенімділік дегеніміз не?

  • Өзіңе деген сенімділікті қалай арттыруға болады?

  • Сен кімге сенесің?

  • Сен бақыттысың ба?

  • Жақсы өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер керек ?

  • Сені не қобалжытады, сондай кездерің болды ма?



«Шиеленісті қалай шешеміз» жаттығуы

Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірінің қолынан ұстап оң жақта кім, сол жақта кім есте сақтап орын ауыстырады. Ауыстырған күйінде қолдар шиеленіседі. Сабырлықпен ойланып, бұрынғы шеңберді қайта құру керек.



3 - тапсырма:

Поэзия минуты : топтық жұмыс

Тірек сөздер: өмір, шаттық, қуаныш, бақыт, табыс, қымбат, қайғы, мұң, ақ пен қара, денсаулық, байлық.



4 - тапсырма: «Біз бақытты жанұямыз»

Шарты: Балалар өз жанұясы туралы суреттер салады. Ата - аналары өз балаларының салған суретін тауып алуы керек.



5 - тапсырма: (Ата - аналармен)

«Танысу»

Шарты: Ата - аналар өз балаларының есімдерін сын есім арқылы атайды. Мысалы: "Айдай сұлу Айзада"

«Психологиялық көмек» жаттығуы

"Сөйлемді аяқта"

Ата - аналарға «Мені мына қасиетім үшін жақсы көрмеуі мүмкін ....»

Балаға «Бәрібір сен жақсысың, өйткені ......».

Жаттығудың психологиялық мақсаты: қатысушылардың өзін - өзі төмен бағалауын жою



«Отбасы құндылығы» (видео ролик)

Қорытынды:

Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,

Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,

Сондықтан да өз - өзіңе абай бол,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды.































































Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп - лицей



















«Тұлғаның

өзіне сенімділігін

психологиялық дайындау»

(психологиялық тренинг)







Класс: 11

Психологтар: Шалқымаева Венера

Нұғманова Айзада



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал