- Учителю
- Оқушылардың ҰБТ - ға дайындығы кезінде ата – аналарға психологиялық көмек көрсету
Оқушылардың ҰБТ - ға дайындығы кезінде ата – аналарға психологиялық көмек көрсету
Ақпарлама
16 мамыр 2015 жылы Манашы орта мектебінде «Жасөспірімнің ҰБТ дайындығы кезінде ата - аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында ата - аналар конференциясы болып өтті.
Конференцияға ҰБТ - ға қатысушы 9 оқушының ата - анасы және аудандық білім бөлімінің маманы Асылбекова Азиза, «Нұр Отан» партиясының өкілі Мамытова Бахытжан және мектеп басшылары қатысты.
Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелері бойынша:
1. Мектеп директоры Б. Досов;
2. Аудандық білім бөлімінің маманы Асылбекова Азиза;
3. «Нұр Отан» партиясының өкілі Мамытова Бахытжан;
4. Ата - аналардан Бердимуратова София және Тұрсынбай Айғазиевтар шығып сөйлеп өз пікірлерін айтты.
5. Мектеп психологы Сарсенбаева Қарлығаш ата - аналарға психологиялық кеңестер айтып, бейнекөріністер көрсетті. Ата - аналардан сауалнамалар алынып, қорытындысын талдады.
Конференция психологтардың әнұранымен аяқталды.