7


  • Учителю
  • «Мамандық - өмір бастауы» тақырыбында тренинг

«Мамандық - өмір бастауы» тақырыбында тренинг

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Мамандық - өмір бастауы» тақырыбында тренинг

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: АКТ құрылғысы, слайд, геометриялық фигуралар, сұрақтар жазылған кеспе қағаздар.

Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Кіріспе. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша, жыл сайын 25 млн адам жұмыс орнын ауыстырады екен. «Профессия» - латын тілінен аударғанда, «профессион»- анықталған іс, мамандық деген мағынаны білдіреді. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

2. Психогеометриялық тест.









Әр қатысушы өзі таңдаған фигураға байланысты мінездемесі оқылады.



Шаршы - ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, эрудициясы басым, бас саясаткер, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.



Үшбұрыш - көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгішүұ, жеңіске құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынас кең, жақын достарымен ортасы шағын, көшбасшы адам.



Тіктөртбұрыш - көңіл-күйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, қозғыш, көп нәрсенә білгенді ұнатады, батыл,өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам,



Шеңбер -қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоционалды, сезімтал, сенгіш, тез тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады,өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.



Зигзаг - көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған,өз идеаларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.

























3. «Өрмекші» әдісі. Сұрақтар оқушыларға тарқатылады. Оқушылар өз ойларын жазып, ретімен оқып береді, сынып тарапынан талқылауға салынбайды.

  1. Қандай мамандық иесі болғыңыз келеді?

  2. Өзіңнің болашақ мамандығыңды жүрек қалауымен таңдадың ба?

  3. Сен ол мамандық туралы не білесің?

  4. Бұл мамандықты таңдауыңның себебі неде?

  5. Сенің бұл мамандықты таңдауыңа кім әсер етті?

  6. Қандай оқу орнын таңдадыңыз?

  7. Таңдаған мамандығыңның қызығы мен қиындығы?









4. Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрып дауыстап шаршауларын шығару мақсатында төменлегі өлең жолдарын оқып қайталайды.

Эмоция жаттығуы:

Шаршадым «Уһ»дедім.

Ренжідім «Туһ» дедім,

Қорықтым «Ой» дедім

Өкіндім «Аһ» дедім

Шарасыз «Еһ» дедім

Таңырқап «О» дедім

Кейідім «И» дедім

Біліп ап «Е» дедім

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.





5. Рефлекция.

Бүгінгі тренингтен не күтті, сұрақтарына жауап алдыма, келесі тренингте не көргісі келеді, ұсыныс, тілектер.























































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал