7


  • Учителю
  • МЕДБИКЕЛЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

МЕДБИКЕЛЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МЕДБИКЕЛЕРГЕ

ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ



Д.Б.Егембердиева, Г.К.Сахова

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент медицина колледжі,

Психология негіздері және коммуникативтік

дағдылар пәндерінің оқытушылары



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен іске асырылған міндеттерді жалғастырушы бағдарлама. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі медициналық және фармацевтикалық білім беруді жаңғырту, инновацияларды және медициналық ғылымды дамыту болып табылады. Сондай-ақ, бұл бағдарламада медбикелік білім беруді келешекте дамыту, клиникалық тәжірибенің, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үштұғырлығын дамыту екенін айқындайды. Сонымен қатар болашақта Қазақстан Республикасы медицина колледждерінің «Медбикелік іс» мамандығының оқытушылары үшін медбикелік іс бойынша магистрдің қазақстандық дипломы және Қазақстан-Фин ғылыми-педагогикалық магистратурасы енгізілу жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласының сапалы дамуын қамтамасыз ететін міндеттер қатары белгіленді: қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру, денсаулық сақтау жүйесі қызметтерінің атқарымдық бірлігін және сектораралық өзара әрекеттестікті, «әр адамның денсаулығы - қоғам саулығы» қағидасын біріктіруді қамтамасыз етеді. Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттің тарапынан ғана емес, әр адамның тарапынан да денсаулыққа ортақ жауапкершілікті арттырудың ықпалды тетігі болады, орта мерзімді болашақта саланы қаржыландыруды арттыруға және ЭСжДҰ елдерінің деңгейіне дейін ЖІӨ-ден %-бен денсаулық сақтау саласына шығатын шығыстарының үлесін жеткізуге мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлерін лицензиялау институтын енгізу көрсетілетін медицина қызметтерінің сапасын қамтамасыз етеді, әр медициналық қызметкердің жауапкершілігін арттырады, пациент, жұмыс беру және медицина қызметкерінің өзінің арасындағы құқықтық өзара қарым-қатынасты реттейді, мемлекеттік денсаулық сақтау секторында жаңа ұйымдық-құқықтық форманы дамыту көрсетілетін қызметтердің тұрақты, айқын дамуы және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, кәсіпорынның операциялық менеджментінің заманауи технологияларын енгізуге жағдай тудырады. «Медициналық көмектің қолжетімділігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін азаматтардың тұрғылықты жеріне барынша жақындатумен қамтамасыз етіледі. Орта есеппен алғанда бір жалпы тәжірибе дәрігеріне уақыт өте келе, 1,5 бастап 1,8 мыңға дейін тұрғын бекітіледі. Оған қоса, жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары бойынша бұл заманауи білімдерге, практикалық және коммуникативтік қабілеттерге ие және команда да жұмыс жасай алатын кең бейінді мамандар болады», - деп нақтыланды. Бүгінгі таңда мейірбике ісін дамытудың 2020 ж. кешенді жоспарында медбикелік көмек сапасының тиімділігі, баламалылығы, өнімділігі, моральдық-этикалық қағидалары жағынан қарастырылған. [1, 2,3]

Болашақ медбикелерді даярлаудағы принциптер медбике, пациент, қоғам, қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас және көзқарас жүйесінен тұрады. Қазіргі кезде медбикелерді дәрігердің нұсқауларын орындаушы ғана емес, емдеу барысын белсенді араласатын тұлға ретінде танып, ауыр да абыройлы жұмысын бағалауымыз қажет. [7]

Қалай тәжірибелі медбике болуға болады? Бұл көптеген жылдар бойы жинақталған, кәсіби мамандар өздері ғана білетін, сол көпшілікке құпия әдістері арқылы, шыңдалған, тексеруден өткен тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа беретін бағыт-бағдарды қарастыратыны сөзсіз. Осы бағыт-бағдарлар жиынтығын медицинада «емдеу өнегесі» дейміз. Пациенттің жеке басын сыйлап, қадірлеген жағдайда ғана емдеу өнегесі медицинаның шынайы басты мақсатына қызмет етеді. [7]

Көңілі жарым, жаны жабырқау, тәні жаралы науқастардың өмір сүруге деген құштарлығын оятып, тәнін ғана емес, жанын да емдейтін медбикелердің еңбегін айтпай кетуге болмайды. Дәрігерге қарағанда науқаспен қатынасқа көп түсетін медбикелердің ертеден ұстанатын негізгі қағидалары: өмірге, адамға, адам құқығына құрмет көрсету. Бұл қағидалардың жүзеге асырылуы медбике мен қоғамның арасындағы өзара қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ол үшін олар ұстамды, салмақты, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген жандар болуы тиіс. Бұл қатарда, әлбетте, мәдениеттілікті сақтауға баса мән беріледі. Бұл бағытқа медбикенің мәдени тәртіптілігіне оның ішкі және сыртқы мәдениеттілігін айтуға болады. Олардың еңбекке деген көзқарасы, тәртіпті сақтауы, ортаға бейімделуі, әріптестерімен сыйластық қарым-қатынаста болуы, әр уақытта әріптестік сезімін жоғары ұстауы ішкі мәдениеттілігін көрсетеді. Оның әдептілігі, жағымдылығы, жақсы дауыс ырғағы, мәдениетті сөйлесуі, сыртқы мәдениеттілігін байқатады. Медбике ісінің сапасына, негізінен, олардың ішкі мәдениеттілігіне баса мән беріледі. Олар: кішіпейілділік - көңілінің ашықтығы, кеңпейілділік - адамның ішкі дүниесінің сұлулығының кепілі, турашылдық - медбикенің ең жақсы қасиеттерінің бірі болса, оның ішкі дүниесінің пәктігі, адалдығы - медбикенің барлық істерімен сәйкес болғаны жөн. Бұл оның күнделікті ісінің негізі болуы шарт. [8]

Медбикелер науқастың тілін тауып, оның ынтасын бағалай отырып, әңгімеге тарта білуі тиіс. Ол науқастың ерекшелігін танытып, қызығушылығын көтереді. Мысалы, ентіккен науқас жай, әрі қиналып сөйлейді. Ал кейбір жағдайларда науқас қойылған сауалға жауап та бермейді. Бұл оның жанының күйзеліп отырғандығын көрсетеді. Сондықтан да науқастың сөйлесу, тілдесу мәнері психологиялық жағдайына, ауруының түрлеріне де тікелей байланысты болмақ. Тілдесудің, яғни сөйлесудің тез, баяу, тұтығып тілдесу, дауыстап қатты, сыбырлап сөйлесу сияқты т. б. түрлері бар. Оның ішінде кіммен болса да сабырлы, бір қалыпты сөйлесудің орны ерекше. Сөз адамның кім, қандай екендігін, оның мүддесін, қабілетін, сенімін көрсетеді. Сөз пікірлесуде адамға әсер етудегі пайдалы құрал. Өзінің сөзі арқылы медбике науқастың жағдайына эмоционалды түрде жақсы әсер етеді. Зерттеу жұмыстары дәлелдегендей, күнделікті коммуникация барысында адам сөздің 7 пайызын құрап, дыбыс пен дауыс ырғағын 38%-ға, ал сөйлем құрауды 53%-ға арттырып отырады екен. Ымдап сөйлесу (мимика) кезінде, адам беттің бұлшық еттерін қимылға келтіреді. Сондай-ақ, қолдың қимылы арқылы және қол алысу, сүйісу, алақанымен денені сипалау, түртіп жіберу сияқты вербальды емес тілдесу құралдары науқастарға жақсы әсер етіп, олармен тіл табысуға жол ашады. Осындай тілдесудің арқасында адамдар ақпараттың 70%-ын қабылдайды екен.[5]

Түрлі әдістерді дұрыс пайдалана отырып науқаспен тіл табысу медбикелерге үлкен бедел, зор құрмет және сенім әкеледі. Сонымен қатар емделушімен, туған туыстарымен, оның отбасымен және айналасындағылармен тиімді байланыс құру қағидасын қолдана отырып, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасқа түсу барысында қасіретін бөліседі. Олар науқастың қорқынышын іштей күшейтіп, сыртқа шығаруға жол бермейді. Қатты дауыс шығарып сөйлеу де науқасқа әсерін тигізеді. Сондықтан тілдесуге кедергі жасайтын осы және басқа да факторларға абай болып, науқастардың үлкенімен де, кішісімен де дұрыс қатынас жасау медбикенің парызы ғана емес, тікелей міндеті - деп түсінуге болады. [6]

2013ж. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Медбикелік іс» мамандықтарының 46 сағаттан, 136 сағатқа көбеюі, болашақ медбикенің жұмысындағы міндеттерін орындауға көп септігін тигізері анық. Жас медбикелер өзінің мамандық әрекетінің алғашқы жылдарында науқасқа жақсы жәрдем берем деген ойымен, өз әрекетіне сенімі жеткіліксіз болуы салдарынан, уайымға салынып, өзіне өте жоғары эмоциялық салмақ түсіреді. Түрлі төтенше, қауіпті ситуациялар туындаса да, медбикелер қобалжығанын науқасқа көрсетпеуі тиіс. Қандай жағдай болмасын медбике өзін сабырлы ұстауы, науқас алдында оның коммуникативтік дайындығын, жағдайларды бақылай алатын қабілетін көрсетіп, науқасқа сенім беріп, бұл жағдайдың сәтті аяқталуына күмәнсіздігін тудыруы тиіс.

2013-2014 ж. оқу жылында медбикелік мамандықтарына түскен 177 студенттен қарым-қатынас дағдыларын анықтау мақсатында 2 жыл бойына тест жумыстары жүргізілді. 2 курста жүргізілген тест нәтижесі 48,4% болғаны, 3 курста осы тест жұмыстары 172 студентке жүргізіліп, салыстырмалы түрде қарағанда,тест нәтижесі 92,3% көрсетті. Яғни олардың қарым-қатынас дағдылары, өмірге деген көзқарасы артқаны байқалды. [4]

Сондықтан да осы сабақ барысында көптеген қарым-қатынасқа арналған психологиялық тренингтер, жаттығулар жүргізіледі. 2 жыл бойы болашақ мамандар өздерінің жеке психологиялық ерекшеліктерін танумен қатар, топтағы студенттермен медицина саласында болатын әртүрлі ситуациялық жағдайларды шешу үшін, қарым-қатынасқа түседі. Алғашқы сабақтан бастап бірі науқасқа, бірі медбикеге ұсынылған ақпаратты дұрыс жеткізуге, вербальды, вербальды емес, қатынасуға ашық позаны, коммуникативтік қимыл, ымдауды, сөйлеу ырғағын, т.б тәсілдерді қолданып орындауға ұмтылғаны, олардың өз мамандығына деген сүйіспеншілігін көруге болады. Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәндерінен болашақ медбикелер тиімді қарым-қатынас жасауды үйреніп шығады.

«Жанды емдемей, тәнді емдей алмайсың», «күн сайын емде, сағат сайын көмектес, әр минут сайын жұбат» деген ұлағатты сөздерге сүйене отырып,

маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлық. Сондықтан әр бітіруші жақсы маман болумен қатар, жан дүниесі рухани бай, психологиялық тұрғысынан дайындықтан өтуі қажет. [8]





Қолданылған әдебиеттер

  1. ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. - Астана: 2010 ж.

  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы.

  3. Мейірбике ісін дамытудың 2020 ж. дейінгі кешенді жоспары.

  4. Жихарева Н.А. // Молодые ученые - здравоохранению региона: Материалы 66-й научно-практической конференции студентов и молодых специалистов СГМУ. - Саратов: Издательство СГМУ, 2005. - С. 198-199.

  5. Журнал «Медицинская сестра». - №6, Мәскеу: 2012 ж.

  6. Интернет ресурстары / Сестринское дело в ХХІ веке: тенденции, проблемы и перспективы, 2.2010ж.

  7. Кэмпбелл А., Джиллет Г., Джонс Г., «Медициналық этика» оқу құралы, қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы п.ғ.к. Башбаева М.А. - Мәскеу: 2014 ж.

  8. Островская И.В. «Психология» учебник для медицинских училищ и колледжей 2-е издание, исправленное. - Мәскеу: 2014ж.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал