- Учителю
- Психологический тренинг на казахском языкесенім менім серігім
Психологический тренинг на казахском языкесенім менім серігім
«Сенім - менің серігім» атты психологиялық тренинг
Мақсаты :11 - сынып оқушыларын ҰБТ - ға байланысты сенімділікке үйрету , стресстік қалыптан арылу , бір - біріне деген қарым - қатынасын нығайту .
Қажетті құрал - жабдықтар : ақ парақ , қаламсап интерактивті тақта , «Тілек ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш суреті салынған плакат , жапсырма қағаздар , үнтаспа .
1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .
Жаттығудың мақсаты . оқушылардың көңіл - күйін көтеру , бір - бірімен қарым - қатынасын нығайту .
Шарты : балалар дөңгелене тұрып , жұп - жұп болып , бір - біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .
2. «Сенімділік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .
Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып , қоқыс жәшәгәне салады .
3. «Биіктік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .
Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .
Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:
- Белгі қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?
- Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?
- Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?
- Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме ?
Қорытынды : Оқушылар өтілген жаттығулардан , түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып , «Тілек ағашына» апарып жапсырады .