7


  • Учителю
  • Тренинг 'Менің бақытты отбасым' 4- класс

Тренинг 'Менің бақытты отбасым' 4- класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Менің бақытты ол.....» атты оқушыларға арналған тренинг.

Мақсаты: Бала жанұясы мүшелерін бір- бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Қатысқандар: оқушылар
Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман, шарлар, қайшы, желім, жаңа технология, презинтациялар.


Кіріспе сөз: Қымбатты оқушылар , сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық.
І.Танысу. Амандасу
Психологиялық жаттығу : « Үй »
Қажетті құралдар : А4 парағы, қарандаш
Өтілу барысы: Оқушыларға ақ парақ пен қарандаштар беріледі.
Тапсырма: Параққа үйдің суретін сал. Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. ( Өз отбасыларын таныстырады)
Психолог: сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық.
ІІ. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі ! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. А 1л гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.
ІІІ. Ойын «Оқушының ата- анаға деген мейірімі».
Оқушылар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге аналарыңа деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтадыңыздар.

Бүгінгі сіздерді «Менің бақытты отбасым....» деп аталатын тақырып төңірегінде ойымызды топтастырып, әрі қарай жалғастырайық /оқушыларға сіздерге мына ойларды жалғастыру беріледі/ (Қолымдағы доп кімге түсе сол оқушы мен айтқан сөздерді жалғастырады)

Оқушыларға
Бақыт дегеніміз не....?
Борыш дегеніміз не...?

Отбасы бақытты ол....
Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен....
Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі.
Мына сандардың астында бір әріп тұр, соны тауып сөйлетіп көрейік.
Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшы екеніңді, қиындығы жеңілдетер көмекші екеніңді яғни ертеңгі күнгі үміті екеніңді ұмытпа. Әрбір отбасы бақыты сол отбасынан құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.
1 8 1
10 28 23 8 5 38
18 2 11 38 14
20 18 37
10 1 23 1 16 1 17 1

Тапсырма жауабы: Әрбір тұрған сан алфавит бойынша сандардың ретін береді. Сонда «Ана жүрегі нәзік гүл, оны жаралама» деген сөз шығады.


«Оқушы өз отбасы туралы қаншалықты біледі» ойыны
1 Папаңыздың туған күні?
2 Мамаңның толық аты жөні?
3 Балаңыздың парталас көршісі кім?
4 Папа қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5 Атаңның сүйікті асы қандай?
6 Ата- анаң кеше қандай баға алғаныңды біліп отыра ма?
7 Сіңілің қандай түсті жақсы көреді?
8 Өзің бірінші сыныпқа қай жылы бардың?
9 Ағаң спорттың қандай түрін жақсы көреді?
10 Әжең еркелетіп қандай сөздер айтады?
11 Уйде ең жақын адам кім саған?
12 Ата анаңның ең жақын досы кім?

13 Уйде ата- анаң кімді көбірек жақсы көреді?

14 Ең сүйіті айналысатын жұмысың?

15 Өзіңнің ата- анаңа көңілің тола ма?

Ү. «Тілек шамы». (Қорытындылау)
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Оқушылар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

Кеңсахара орта мектебі









Өткізген: Калжанова Л.Ж










2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал