7


  • Учителю
  • Жадынама Жас маманға кеңестер

Жадынама Жас маманға кеңестер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жас маманға айтылар кеңестерЖадынама Жас маманға кеңестер

20-30 жас аралығындағы жас мамандардың мансап жолы соқпалы да соқпақты келеді. Жоғары білім, бойда күш-жігер бола тұра олар мансап жолында бірқатар қателіктерге бой ұрады. Сол қателіктерге жол бермес үшін берер кеңесімізге зейін қойыңыз.



Алғашқы жұмыс күні

Алғашқы жұмыс күнінде жаңадан келген маман ұжыммен танысуы керек. Әуелі басшылықпен я ұжым жетекшісімен жақынырақ танысып, негізгі міндеттеріңізді анықтап, басын ашып алыңыз. Бірге жұмыс істейтін әріптестеріңіздің есімдерін жаттап алып, барлығына ізеттілік білдіріңіз. Жұмысқа жаңа орналасқан сізге, әлбетте, алғашқы кездері қиын болады. Сондықтан да қолыңызға қалам алып, барлығын қойын дәптерге түртіп жүріңіз.















</<font color="#ff0000">Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

Барлық әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Таныс та, бейтаныс та жандармен үнемі амандасып жүріңіз. Әріптестеріңізбен жұмысқа қатысты мәселелерді жиналыстардан тыс уақытта телефон я электрондық хабарламалар арқылы талқылағанда да сыпайы болып, хат жазған кезде аман-саулық сұрауды ұмытпаңыз.

Адам көркі - шүберек

Жұмысқа киетін киіміңізге аса мән беріңіз. Алдын ала жоспарлаған кездесулер болса, арнайы дайындық жасаңыз. Шашыңызды жөнсіз жайып, опа-далаптарды мөлшерден тыс пайдаланбаңыз. Әтірді де азғана себіңіз. Аяқ киімге мән беріңіз. Жұмысыңызға өзіңізге жайлы болатын аяқ киім апарып қойыңыз. Қол-тырнақ күтіміне ерекше мән беріңіз.









Жеке қарым-қатынас пен жұмысты араластырмаңыз

Жаныңыздағы әріптесіңізбен жақсы араласып, дос болып кетсеңіз де, сіздерді әуелі жұмыс байланыстыратынын естен шығармаңыз. Ашық ауыздыққа салып, іштегі мұң-сырыңызды, үйіңіздегі жағдайды, жеке басыңызға қатысты мәселелерді талқыла салып, әріптестеріңізбен бөліспеңіз. Себебі, сіздің ақ көңіл мінезіңіз сіздің жұмысыңызға кері әсерін тигізеді. Көптеген компания басшылығы жұмысқа қатысы жоқ әңгімелер арқылы жаңа келген маманды тексереді. «Кез келген дүниені жасырмай, ашық айтып жүрсе, ертең ол жұмыстағы мәселелерді айтып қояды» деп күдіктенеді. Сондықтан да сөйлеген сөзіңізге сақ болыңыз.





















Жадынама Жас маманға кеңестер



































































































































































Жалпы білім беретін М. Өтемісов атындағы орта мектеп













«ЖАС МАМАНҒА - АҚ ЖОЛ!»

(психологиялық тренинг)





































Атырау - 2016 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал