- Учителю
- Существительное это часть речи котроые отвечает на вопросы кто? что?
Существительное это часть речи котроые отвечает на вопросы кто? что?
</<font face="Times New Roman, serif">Тақырыбы: «Әріптестік қарым-қатынас!»
Мақсаты: Әріптестік қарым-қатынасты нығайту, көңіл-күйді көтеру және өз-өздерін бағалай білу.
Қажетті көрнекіліктер: ақ парақ А4 сағат суреті бейнеленген, қарындаш, газет журналдар т.б
Тренинг жүрісі:
-
«Сағат бойынша достар» жаттығуы.
-
Өміріңізді бағалай біліңіз! Психологиялық кеңес беру.
-
«Мұхиттағы арал» жаттығуы.
-
«Тілек» тренингі.
-
«Сағат бойынша достар» жаттығуы.
Мақсаты: әріптестер арасында бір-біріне жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Тренингке қатысушыларға сағат суреті бар парақшалар беріледі. Әр сағат тіліндегі сандардың бойына өздері қалаған әріптестердің аттарын тізіп жазады. Мысалы: бірінші сағат тіліне Маржан....деген сияқты. Сағаттағы сандар белгілі бір адамдардың эмоциясын білдіреді. Сол жазылған эмоцияны әрекетті әріптестер бірі-бірімен қарым-қатынас жасап амандасады.
-
«Өміріңізді бағалай біліңіз!» психологиялық кеңес. Қатысушыға бұғы бағушылардың өмірі жайында слайд (психологиялық кеңес беріледі.) көрсетіледі.
-
Сіз бақытты екеніңізге қуаныңыз
-
Жұмысыңызға қолайлы мүмкіндік бергені үшін және көмегі үшін басшыларыңызға, тренерге рахмет айтыңыз!
-
Әрдайым сіздің қасыңызда болғаны үшін жұмыстас тарыңызға рахмет айтыңыз
-
Ең соңында, өзіңіздің Солтүстікте бұғы бағушы болмағаныңызға
шүкір етіңіз.
-
Өміріңізді бағалай біліңіз!
-
«Мұхиттағы арал» жаттығуы.
Топтағы қатысушылар жұп -жұп болып тұрады. Әр жұпқа газет беріледі. Газет әр жұпқа берілген «арал». Сол аралда екі жұп қандай жағдай болмасын бірге тұруы керек. Әр кезеңдерден өткен сайын газет жинала беріледі. Газет жинала берген сайын жұп аралдан сыртқа шықпай тұруы тиіс. Бұл тренинг ұжымның бірлігін, қандай қиыншылық болмасын барлығын бірге жеңеміз деген мақсатта жүргізіледі.
-
«Тілек» тренингі. Мақсаты: Адамгершілікке, достыққа, өзара түсінушілікке, ұйымшыл қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Жүргізілуі:
Адам баласы қай уақытта болса да басқа біреуге тілекші бола алады да, ал өзіне ешқашан да көңіл бөліп, тілек тілемейді. Осының әсерінен өздерін бағалап білмейді. Сондықтан қатысушыларға өзіне және өзге адамға тілек жазу тапсырмасы беріледі. Тілектерді жаттанды сөздер арқылы, теңеу арқылы және әдеби көркем сөздер арқылы жазуға болады.
-
Қағазды екіге бөліп, біреуіне-өзіне, екіншісіне-өзгеге тілек жазады.
-
Өзіне деген тілекті-сол қолына, ал өзгеге деген тілекті- оң қолға қысып, партаның үстіне қойып отырады.
-
Дайын екендерін қолдарынан байқаймыз.
-
Сол қолдағы тілекті өзімізге аламыз, өйткені біздің жүрегіміз сол жақта. Бұл тілек өзіміздің жүрегіміздің түбінен тек қана өзімізге арналған. Оны тұмар қылып мойындарыңызға немесе жаныңызға жақын заттың арасына салып қойуыңызға болады.
-
Оң қолдағы тілек өзгеге арналған. Оң болсын деген ниетпен өзге адамдарға оң қолмен береміз. (Араласып қарым-қатынас жасап рахмет айту керек)
-
Кімге 2 немесе одан да көп тілек түссе-ол адам қарым-қатынас кезінде өзін ерекше көрсете алады.
-
1 тілек түскен адам өзін-қарапайым деңгейде ұстай алатын адам. Анда-санда ерекше көзге түсіп тұрудың да артықшылығы жоқ.
-
Ешқандай тілек түспеген адам-қарым-қатынас кезінде өзін көрсете алмайтын, өзімен-өзі жүрген адам. Оған мұңайудың қажеті жоқ. Бәрі алда. Сондықтан да қарым-қатынасты күшейту үшін, өзіне көбірек көңіл бөліп, күнделікті күнін түрлендіріп тұру керек.
-
Кері байланыс сауалнамасы.
«Кәусар» шағын орталығы
Тренинг
Тақырыбы: «Әріптестік қарым-қатынас»
(ұжым)
Ақшұқыр 2016ж
Кері байланыс
«Ашығын айтсам...»
Тренингтің жүргізілген күні________
Мен тренинг барысында түйгенім____________________________
_________________________________________________________
Маған ең пайдалы, құнды болған_____________________________
Маған ұнамағаны__________________________________________
Ең жақсы ұнағаны_________________________________________
Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді____________
__________________________________________________________
Ұсыныс:
Кері байланыс
«Ашығын айтсам...»
Тренингтің жүргізілген күні________
Мен тренинг барысында түйгенім____________________________
_________________________________________________________
Маған ең пайдалы, құнды болған_____________________________
Маған ұнамағаны__________________________________________
Ең жақсы ұнағаны_________________________________________
Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді____________
__________________________________________________________
Ұсыныс: