- Учителю
- ҰБТ-ы алдындағы мазасыздануды жоямыз
ҰБТ-ы алдындағы мазасыздануды жоямыз
ҰБТ-ге дайындалуда позитивті ойлауды қалыптастырудың бағдарламасы
Құрастырушы: педагог-психолог №16 ЖББ ОМ Л.К.Карипбаева
Әрбір сабақтың ұзақтығы: 45 минут
Мақсаты: позитивті ойлауды қалыптастыру, өмірлік жағымсыз жағдайларды мағыналық жағынан қайта өңдеу.
Міндеттері:
-
топтың хал-ахуалын жақсарту; жұмысқа деген жағымды ойлауды қалыптастыру;
-
біздің барлығымыз жағымды ойлауды таратушы бола алатындығымызды саналы түсіну.
1 - кезең: Жұмыстың басталуы. Амандасу.
2 - кезең: Ширату. «Саңырауқұлақ» жаттығуы (3 мин).
Сипаттамасы: қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Әрбір қатысушы оң қолының сұқ саусағын жоғары көтеріп ұстаса (оң қолдың сұқ саусағы- «таяқшасы»), ал сол қолдың алақанын төмен қаратып ұстайды (сол қолдың алақаны - «қалпағы»). Жүргізушінің белгісімен «қалпағы» «таяқшасын» ұстап қалуы тиіс, ал «таяқшасы» «қалпағына» ұстатпай қашып кетуі керек. Жүргізуші «үш» деген кезде (жүргізуші үшке дейін санайды) әркім өз қимылын жасайды (үш деген кезде алақанды жұмып қалу керек).
Енді қолдарымызды ауыстырамыз, яғни сол қолдың сұқ саусағы «таяқша», ал оң қолдың алақаны «қалпағы». Осылайша тағы қайталап ойынды жалғастырамыз.
Тұжырым: Қай қолмен көрші адамның саусағын ұстау оңай болды? Адамның сол жағына мидың оң жақ жарты шары, ал оң жағына сол жақ жарты шары жауап береді.
Адам миының сол жақ жарты шары логикалық және абстрактілі ойлауға, оң жақ жарты шары моторикасына жауап береді. Әдетте, адамның бір жақ жарты шары басым болып келеді де, ол тұлғаның жеке мінез ерекшеліктерін көрсетеді. Мысалы, сол жақ жарты шарлы адам ғылымға жақын болады. Оң жақ жарты шары басым адамдар өнермен немесе жеке бейнелік шешімдерді талап ететін еңбек түрлерімен айналысады. Алайда, екі жақ жарты шары бірдей жұмыс жасайтын адамдар да кездеседі.
3 - кезең. Негізгі бөлім (15 мин).
Қатысушылар төрттен санап, 4 топқа бөлінеді. 1 санын атағандар 1-ші топ, 2 саны 2-ші топ және т.с.с
«Коллаж» жаттығуы.
Нұсқау: Үстелдеріңіздің үстінде қағаздар, бояулар, журналдар, желім, ватман жатыр. Қазір мен сіздерге ішіндегі қағазда 5 заттың атауы жазылған конверт таратамын. Сіздердің міндетіңіз 5 минуттың ішінде осы бес заттан үй жасап (желімдеп) шығу. Сурет «Қуаныш үйі» деп аталады. Барлығы өздеріңіздің қиялдарыңызға байланысты (мысалы: үйдің шатыры шамның қалпағынан, қабырғалары апельсинннің қабығынан, қоршауы шұжықтан, үй жанындағы көгал алмадан, сатысы тышқаннан және т.б. болуы әбден мүмкін).
Әрбір топ өздерінің «Қуаныш үйлерінің» неден жасалғанын, кімдер тұратынын, олардың қалай өмір сүріп жатқандығын әңгімелей отырып, тұсаукесерін жасайды. Содан кейін әрбір топ өздерінің үйлерін тақтаға іледі.
Тұжырым: Бар болғаны бес заттан «Қуаныш үйлерін», осы «Қуаныш үйлеріміз» «Бақыт қаласын» жасап шығардық. Біздің әрқайсымыз өз жеріміздің тұрғындарымыз, ендеше оны бақытсыздықтардан қорғап, жан-жағымызға қуаныш сыйлай жүріп оның сұлулығын арттырайық!
«Үйлер, ергежейлілер, жер сілкінісі» ойын-жаттығу (4 мин.).
Қатысушылар үш-үштен бөлінеді. Бір-бірінің қолдарынан ұстап, үй жасап тұрысады. Үйдің ішінде ергежейлілер тұрады. Жүргізушінің «Үйлер» деген сөзімен екі үй адам қолдарын босатпай, орындарын бірге ауыстырады, басқа ергежейліге жүгіреді. Сол кезде жүргізуші бір ергежейлінің орнына тұрып алуға тырысады. Қалып қойған адам жүргізуші болады. «Ергежейлі» деген сөз естілгенде ортадағы адамдар, яғни ергежейлілер орын ауыстырады. «Жер сілкінісі» деген сөзбен барлық қатысушылар араласып орын ауыстырады.
4 - кезең: Рефлексия (3 мин).
«Көңілді доп»
Шеңбер бойымен отырып қатысушылар қолдан қолға допты жылдам бере отырып, санамақ айтады:
«Доп-доп добым домала,
Қолдан қолға жағала.
Кімге барып тоқтасаң,
Сол айтады әрқашан!»
Қолында доп тоқтап қалған әрбір ойыншы кері байланыс береді:
-
Бүгінгі сабақта не ұнады?
-
Қандай сәтте қызықсыз болды?
-
Сіз сабақта не өзгертер едіңіз? Ұсыныстар.