7


  • Учителю
  • Мен зорлық - зомбылыққа қарсымын

Мен зорлық - зомбылыққа қарсымын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын



Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.

Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.

Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.



Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі - жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік - ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.



Зорлықтың түрлері:

- Эмоциялық зорлық - балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- Физикалық зорлық - отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

- Қауіп-қатер - отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.



«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы Ғылыми жобаны былай қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?





Мен былай дегім келеді.



Әлемнің бір адамы ретінде

Ақ жүрегіммен сөз беремін

Өзіме, жанымдағыларға

Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.

Қараңғыны нұрландырамын,

Суықты жылытамын.

Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,

Әр күні өзімнің жан дүниемді

Тазартуға тырысамын.

Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,

Мейірімге бөленеді.

Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын».



Нақыл сөздер

  1. «Тәрбие әсер беретін нәрсе - өскен орта, ата-ананың тәрбиесі»



  2. Бала тәрбиесі бесіктен.

Жаны сұлудың

Тәні сұлу.



3. Ұят жүрген жерде

Абырой төгілмейді.

Абырой бар жерде

Ар шапаны сөгілмейді.



4. Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес,өскен орта,алған үлгі,өнеге білетіндігінен және түзелу,бұзылу жас уақытта болады.



М.Әуезов.





5. Ғалыммен жақын болсаң,қолың жетер,

Залыммен жақын болсаң ,басың кетер.

Халық даналығы



І - ойын жаттығу.

Бой жазу:

Уақыты: (15-мин. )

Ал қазір сәл бой жазып алайық, ол " қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой жазумыздың мақсаты,қорқынышты, мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылады.

Ынғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз, көздеріңізді жұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасыл алаңда,ашық күннің астында дем алып отырсыңдар... Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті ... Оның шуақтары сіздің басыңызды жұмсақ және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің ренішіңіз және мазасыздануыңыздың бәрі ериді, оның бәрі тазартылған жарықпен толтырылады.

Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ жел тез қуады, ол сіздің денеңізді тастап кетеді. Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.



ІІ - ойын жаттығу

«Еркін жүру»

Уақыты (5 мин.)

Еркін қозғалысымен жүреміз және тарабар тілімен амандасамыз, күлдіртеміз, ұрсамыз, алғыс білдіреміз



ІІІ - ойын жаттығу

«Егер қызық өмір сүрсен»











Талдау:

Қалай тренинг ұнадыма?

Қандай әсер алдыныз?

Қандай жаттығу ұнады?

Не істеуге қиын болды?







Қорытынды: Рефлексия балаларға жүректер тарату, олар өздерінің тілектерін сол жүрекке жазады, содан кейін кішкентай жүректерді үлкен жүрекке жабыстырады.

































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал