7


  • Учителю
  • Сабақ мақсаты: Жарасымды қарым-қатынасты сүйіспеншілікпен қабылдап, бағалай білу. Міндеттері: 1. Өз –өзімізді жақсы көруді санамызға қалыптастыру 2. Аянбай қызмет ету қабілеттерімізді дамыту. 3. ӨЗ-өзімізді ізгілік пен жомарттыққа тәрби

Сабақ мақсаты: Жарасымды қарым-қатынасты сүйіспеншілікпен қабылдап, бағалай білу. Міндеттері: 1. Өз –өзімізді жақсы көруді санамызға қалыптастыру 2. Аянбай қызмет ету қабілеттерімізді дамыту. 3. ӨЗ-өзімізді ізгілік пен жомарттыққа тәрби

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мерзiмі: _____________________ сабақ №21

Тақырыбы: Жарасымды қарым - қатынас

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: жақсы көру, аянбай қызмет ету, ізгілік пен жомарттық

Класс 10 а ә

Оқушы саны:

Сабақ мақсаты: Жарасымды қарым-қатынасты сүйіспеншілікпен қабылдап, бағалай білу.

Міндеттері:

1.Өз -өзімізді жақсы көруді санамызға қалыптастыру

2. Аянбай қызмет ету қабілеттерімізді дамыту.

3. Өз-өзімізді ізгілік пен жомарттыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видио жазбалар)


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (5 мин)

3. Үй тапсырмасын тексеру:

21 - сабақ. Кітапта оқып үйренейік айдарындағы С.Б.Дорженовтың ізімен жазылған мәтінді түсініп оқып келу

Қазақ халқының үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар?

«Ақсақал», «Ел ағасы» - деп кімдерді атаған?

Сабақ барысын талдау:


Оқушылармен сұрақтарды талдау

4. Дәйексөз. ««Үлкенді сен сыйласаң - кіші сені сыйлайды,

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды»

  • Кісі сені қай уақытта сыйлайды?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту.

Дәптерге жазу

5. Әңгiмелеу

- Дәстүрлі қазақ қоғамында үлкен мен кіші арасындағы сыйласымды қарым-қатынасқа үлкен мән беріледі. Халқымызда үлкенді сыйлаудың орны бөлек. Жасы үлкен адамның қайратына қайрат қосу, жігерін жану, демеу көрсету - қайырымдылық пен көрегендіктің белгісі. Жастық шақ мәңгі емес. Болашақта қарттықтың ауылына аяқ басқанда, ол да демеуге, сый - құрметке мұқтаж болады.

Үлкендер мен кішілер арасындағы қарым-қатынас ересек адамдар мен жастардың арасында ғана емес, оның әр тобының өз ішінде ғана болады. Қазақтың үлкенді сыйлау дәстүрінде ағаны құрметтеудің жөні ерекше екенін білгеніңіз абзал.

«Өтелмес борыш» (киносынан үзінді көрсету)

  • Анасының балаға деген сүйіспеншілігін қайдан көреміз?

  • Отбасындағы ерлі - зайыптар арасындағы қарым-қатынас қандай?

  • Сіз Талғаттың орнында болсаңыз не істейсіз?

Қазақ халқының қарым-қатынас туралы ұғымына тоқталып, әңгімелеу

Оқушыға кинодан үзінді көрсету.

Сұраққа назар аудару

6. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)

  • Отбасындағы қарым-қатынас;

  • Мектеп, класс оқушылармен қарым-қатынас;

  • Сыртқы ортамен қарым-қатынасты қалай орнатар едіңіз?

(Өз ұстанымыңыз бен ережелеріңізді жіктеп жазыңыз)

Оқушыларды топқа бөлу

7 . Топпен ән айту: «Мейірімді болайықшы ағайын»

Сөзі: С. Қали; Әні: Қ. Махан

Музыкалық әуенмен

8. Үй тапсырмасы.

22 - сабақ. С.Ақатайдың әңгімесімен танысып келу

Дәптердегі 21 - сабақ, 1-тапсырманы орындап келу.


Оқушыға үй тапсырмасы туралы қысқаша мәлімет беру

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал