7


ҰБТ - ға арналған тренинг

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Түлектерді ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау.



Мақсаты: 11 сынып оқушыларын ҰБТ - ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, стресті жеңуге жол көрсету, ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуді, ойлау қабілетін дамытып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

Психолог: Сәлеметсіздер ме, түлектер! Тренингке қош келдіңіздер!

Әрбір адам -өмірге, осынау дүниеге келген қонақ екенін бәріміз білеміз. Осынау өмірімізді мәнді де, сәнді өткізуіміз үшін бір-бірімізді сыйлап, ренжітпей, көңілімізге қаяу салмай жүргенге не жетсін!

Олай болса, бүгінгі тренингіміз, түлектерді ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындауға байланысты болмақ. Ендеше, барлығымыз бүгінгі тренингімізді сәлемдесуден бастайық.

Тренинг: "Сәлемдесу"

Мақсаты: амандасу, топты ұйымдастыру.

Нұсқау: Үш топқа бөлінеміз.

Бір топ «европалықтар», екінші топ «африкандықтар», соңғы топ «жапондықтар» болып бөлінеді. Европалықтар қол ұстап, жапондықтар қолдарын бір-біріне түйістіріп, басын иеді, ал африкандықтар орнында секіріп, «уу» деп айғайлайды.

Талдау: жаттығу барысында қандай эмоцияларды сезіндіңіз? Аутотренинг

«Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау»

Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтіру.

Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар.

Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсызда, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетесіз... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін. Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, осы бөлмеде ҰБТ-ға байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.Сіздер көңілді қайратты, қажырлысыздар. Ешқашан жүректілік пен оптимизімді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар! Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндердеде үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін... Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз-сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.! Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз. Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз. Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі де болады! Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан... Ораламыз.Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.

«Интуицияңды тексер» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың интуициясының қаншалықты дамығандығын диогностикалау.

Барысы: Экрандағы ұяшықтардың номерін көрсету арқылы ондағы жасырылған заттарды табу керек. Әр қатысушыға 1-ден 4-ке дейін сандар жазылған парақшалар таратылып, балалар өздері дұрыс деп ойлайтын ұяшықтың нөмерін көрсету арқылы интуициясының қаншалықты дамығандығын тапқан дұрыс жауаптарының көмегімен анықтаймыз.

Тапсырма: 1) Қалай ойлайсыңдар, жүрек қай ұяшықта жасырылған?

2) 5-деген баға қай ұяшықта жасырылған?

2) Сендердің ойларыңызша жұлдызша қай ұяшықта жасырылған?

4) «Тесттен 125 балл жинады» деген сертификат қай ұяшықта? Соны тапқан оқушы расында да тесттен жоғарғы балл жинайды, оған толық сенімді болыңдар.

Рөлдік ойын: «Кездесу»

Мақсаты:өзгенің орнында болып, тығырықтан шығу жолын табуға тырысу.



Барысы: Бұл ойынға өз еркімен қатысатын маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі- сақау, бірі- соқыр, енді бірі- саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек. ..



Талдау: 1) Рөлді ойнау барысында өздеріңді қалай сезіндіңдер?

2) Тығырықтан шығу қиын болды ма?

Жаттығу: «Мен хирургпін».

Мақсаты: оқушылардың ой-пікірін ортаға салу, адамгершілік қасиетін

анықтау.

Әркім өз ойын дәлелдеп айту керек.

Нұсқау: ауруханада бес емделуші бар:

1. Алты жасар дарынды бала;

2. 5 айлық қыз бала;

3. Көп балалы ана (10 баласы бар жетпіс жастағы ана);

4. Қаңғыбас;

5. Құрылысшы.

Осылардың қайсысына операция жасар едіңіз. Жүрек біреу. Бір адамды ғана құтқару керек

«Гүлге қонған көбелек» тренингі

Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін қағаздан әдейі қиылып жасалынған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондыру керек.

Менің болашақтағы арманым...

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету.

Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту.



«Мен қазір» «Мен 6 айдан кейін»



«Мен 5 жылдан кейін» «Мен 10 жылдан кейін»



«Әрқашан күн сөнбесін»

Мақсаты: ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез-құлқы және эмоцияларын басқара алуына үйрету. Оқушыларға ҰБТ-ге дайындық кезінде қандай көмек көрсету әдістері, кеңестері туралы кеңес беру.

1. Стресс деген не?

Стресс- қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

2. Стресс үш кезеңнен тұрады:

1.Үрейлену-жағымсызтітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2.Төзімділік- жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді.Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3.Әлсіреу- бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда бейімделудің нашарлап жойылуы пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

3. Стресті жою үшін не істеу керек?

Біріншіден, стрестік жағдайда адам ағзасындағы дәрумендер, әсіресе В тобы көп мөлшерде жұмсалады. Көптеген дәрігерлер дәруменді күнделікті қолдануға кеңес береді.

Екіншіден, дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залға бару, жаттығу жасау, билеу, ән салу, бассейн, монша, қыдыру.

Үшіншіден, үйлесімді өмір, жанұя достарының қолдауы.

Төртіншіден, психикалық және дене релаксациясы қажет.

4. Оқушыларға психологиялық кеңес таратылады.

Құрметті түлектер! ҰБТ-ні өте жақсы нәтижемен тапсырып, мектептеріңнің мәртебесін асқақтатып азаматтары болыңдар! Сендерге сәттілік тілеймін! Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал