7


  • Учителю
  • Мамандық таңдау -өміріңнің бір бұрышын дұрыс қалау оқушыларға арналған тренинг

Мамандық таңдау -өміріңнің бір бұрышын дұрыс қалау оқушыларға арналған тренинг

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тренинг тақырыбы: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ӨМІРІҢНІҢ БІР

КІРПІШІН ДҰРЫС ҚАЛАУ

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз

Әл- Фараби

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Біздің мақсатымыз- оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндықлықтар туралы танымдылығына психологиялық- педагогикалық көмек көрсету.

Мақсаты: Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау Кәсіптік бағдар беру Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру. Оқушыларға мамандық таңдаудағы жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту. Мамандық әлемінен ақпарат беру. Мамандық таңдауда оқушыларға бағыт -бағдар беру.

  1. Сәлемдесу

Анкета толтыру

  1. Танысу

  2. Менің есімім

  3. Менің өмірлік ұстанымым

  4. Менің таңдаған мамандығым









  1. Топқа бөлу

Коллаж арқылы

Суретке қарап өз ойларын айту













  1. ЖАРНАМА «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар

4 топқа бөлінген оқушыларға Жарнамалау

1 топқа презентация музей қызметкері, кітапхана

2 топқа постер қорғау психолог, хирург

3 топқа ыммен түсіндіру әнші, тәрбиеші

4 көрініс көрсету әкім, мұғалім

  1. «Тағдырдың қолында» жаттығуы

Ал қазір біз кездейсоқ таңдау салдары болуы мүмкін ойынын ойнаймыз

Ойын « тағдырдың қолында » деп аталады .

Сізді қызықтыратын мамандықтардың жекелеген бөліктерге жазамыз . Қапшыққа жапырақтарды бүктеп, саламыз, араластырыңыз.



Әрбір оқушы қапықтан қағазды алып, дауыстап оқимыз , онда жазған мамандық алдын «Мен ......... болғым келеді» сөзін қосамыз . Эмоциялар тыңдау .



Кездейсоқ таңдалған мамандықтар тізімін оқыған кезде не сезіндіңіз? Сіздің қалауыңызбен мен қабілеттеріңізге сәйкес кездейсоқ таңдаған мамандықты ма тұспа-тұс келді ме ?

Қорытынды сөзі әкелуі : біз мамандық таңдау кездейсоқ емес болуы тиіс екенін анық көріп отырмыз . Әрқашан мамандық таңдау үш жағдай жүзеге асырылады :



  1. «ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ» - кәсіп менің тілектеріме сәйкес келуге тиіс .

  2. «ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН» - мамандық менің қабілеттеріме және мүмкіндіктеріме сәйкес келу керек.

  3. «ҮЙРЕНУ КЕРЕК» - мамандық еңбек рыногында сұранысқа ие болуы тиіс .











  1. Мамандық таңдау



Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.

Балалықпен қоштасар күн туады.

Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп

Юрфакқа түсуге ұмтылады.

Не демекпіз шөліркеп дала жатса,

Не болмақшы теңіз, құм араласса?

Жұмыс іздеп уақытша келгендермен

Кешіп жатыр өз күнін балабақша.

Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,

Заң маманы болуды қалап бәрі.

Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ

Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..

А. Бақтыгереева дей келе

«Мамандық бар мыңдаған» қазіргі кезде соңғы 10 жылдықта сұранысқа ие болатын ең қажетті 10 мамандықты біле жүрейік.



"Болашаққа хат" 10 жылға алға жазады. Ұлы мақсат қойған адам ғана ұлы мақсатқа жетеді. Деген сөз бар.

  1. Тілек ТІЛЕУ

Шарларға психологтар тілек жазу. Оқушыларға тілектерді беру.

Осы тілектеріміз орындалы, арманымыздағы мамандықтарға қол жеткізе отырып, әрдайым биіктерден көрінейік деген ниетпен шарларымызды сыртқа шығып биікке ұшыруға шақырамын.

Жадынама әзірлеу







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал