7


  • Учителю
  • Педагогтармен жұмыс. Тренинг. Көңіл күйіңіз қалай?

Педагогтармен жұмыс. Тренинг. Көңіл күйіңіз қалай?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты МКҚК

«Балдырған» ясли бақшасының педагог - психологы

Қыстаубаева Жанат Жұмагелдіқызы

Мерзімі: 25.01.15 ж

Түрі: семинар-тренинг

Тақырыбы: "Көңіл - күйіңіз қалай"

Мақсаты: Қатысушылардың позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке

жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық, сергектік,

адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды

біріктіру.

Психологтың кіріспе сөзі.

Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер! Бұл психологиялық тренинг сіздердің бір - біріңізге жақсы көңіл-күйде жүрулеріңізге арналған.

Шамамыз келгенше, жалпы ұжымдық жақсы көңіл-күй қалыптастыруға тырысамыз. Ол үшін біз өзімізге сенім мен үміт ұялатып, жылы шырай танытсақ, барлығы ойдағыдай болады.

2. Салемдесу. Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты: Психологтарды бір - бірімен таныстыру.

Шарты: Психологтар өз есімдерін атап, балабақша есімдерінің мән - мағынасын ашады.

Улгі: Жанат, біздің балалар балдай тәтті болғандықтан есімі «Балдырған» ясли бақшасы деп аталған.

Сергіту ойыны. «Сұрақ-жауап». Өз ойым.

Жүргізуші допты кез-келген қатысушыға лақтыра отырып, сұрақ қояды, жауап бергеннен кейін допты қайтадан жүргізушіге кері лақтырады.

Мысалы: Жүргізуші: Бүгін сіздің көңіл-күйіңіз қандай ?

Қатынасушы: Көңіл-күйім шайдай ашық.

Жүргізуші: Шайдай ашық тағы не болады ?

Қатынасушы: Күн.

Жүргізуші: Күн тағы қандай болады ?

Қатынасушы: Сәтті.

Ауа райы жаттығуы.



Психолог әнін бәріміз бірге орындайық.

Психолог әні.

І. Бөлім.

Жантанушылардың әлемін,

Жантанушы ғана біледі.

Адамдармен бірге қуанып,

Қиналады бірге жүрегі.

Генограмманы біз ұсындық,

Көрсетеміз өмір ертегісін.

Ата - ананың жанын түсініп,

Біз екеуміз сен еңбектену үшін.

Қ\СЫ

Психолог бейбітшілікте,

Сендермен адамның әлемі.

Психолог ата - ана үшін,

Кеңесін баланың жан емі.

ІІ. Бөлім.

Біздер ала алмайтын амал жоқ,

Көңіл - күйдің сақшысы біздер.

Мамандыққа мәңгі адал боп,

Адамдықты ту еткен біздер.

Қ\СЫ

Психолог бейбітшілікте,

Сендермен адамның әлемі.

Психолог ата - ана үшін,

Кеңесін баланың жан емі.

Сіздерге үлкен рахмет. Сіздерге арнайы дайындалған бейне жазбаларға көңіл аударайық.

І. Аңыз - жұмбақ. «Философ және көбелек» Бейне жазба бойынша пікір алмасу.

Бір заманда керемет бір философ өмір сүрген екен. Ол барлық сұрақтарға жауап айта алатын болыпты. Оның даналығын сынап көргісі келген бір жігіт былай деп ойлапты: «Егер мен қолыма тірі көбелекті салып алып, оған барып сұрасам: менің қолымда тірі ме, әлде өліме деп ол маған не айтар екен? Егер ол «тірі» десе, мен көбелекті алақанымда қысып өлтіріп тастаймын, ал егер ол «өлі» десе мен оны босатып қоя беремін».

Сөйтіп ол өз ойын іске асырмақшы болып, қолына көбелекті қысып алып барған екен. Сонда оның сұрағына философ не деп жауап берді?

Жұмбақтың жауабы: «Барлығы өз қолында»

ІІ. Анасы мен қызының махаббаты. Бейне жазба бойынша пікір алмасу.

ІІІ. Ата - ана тәрбиесі. Гүл сауыты бейне жазбасы бойынша пікір алмасу.

«Баланың бас ұстазы ата - ана» психологиялық жаттығуының бірнеше түрлерімен таныс болайық. Ата - анамен жұмыс.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал