7


  • Учителю
  • Урок по самопознании 'Шаттыкка толы жүрекпен'

Урок по самопознании 'Шаттыкка толы жүрекпен'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: Бірлік ОМ; Күні № 1

Тақырыбы: Шаттыққа толы жүрекпен

Құндылығы: Ішкі тыныштық;

Қасиеттер: өзін-өзі алдамау, мейірімділік, шыдамдылық;

Мұғалім: Д.Омарова;

Сыныбы: 1 Оқушы саны: ----

/35 мин арналған/

Сабақтың мақсаты: Баланың өзін-өзі тануда ішкі тыныштықтың маңызын түсіндіру;

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушының бойында байсалдық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту;

  • Өзін және бірін-бірі сыйлауға үйрету;

Ресурстар: дәптерлер, оқулық, нақыл сөз, ақ қағаздар, тыныштық сәтіне арналған баяу музыка.

Сабақтың барысы:

Ескертулер:

І. Үйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу.

Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көқргеніме өте қуаныштымын.»Шаттық шеңбері» аясында бір-бірімізбен танысайық.

Алғашқы айналымда сағат тілінің бағытымен мұғалімнен бастап, өзіміздің аттарымызды атап шығамыз. Екінші айналымда өз атымызды және қасмыздағы оқушылардың атын атаймыз да былай дейміз: « Мен Динара,Асел, Аружан сендерді көргеніме қуаныштымын» қатардағы барлық балалар осылай айтып шығады.


Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық , достарым,

Арайлап атқан күнге.


Таныстыру ойын түрінде өтеді.


Оқушыларға шаттық шеңберінің мәнін түсіндіру үшін, өлең жолын айтып, қолмен көрсетемін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы берілмеді. / 1 сабақ/

ІІІ. Дәйек сөз.


«Өмірді тану - өзіңді танудан басталады»

Балалардан «өзін-өзі тану» дегенді қалай түсінетіндері сұралады.

/Оқушыларға өзін-өзі тану деген ұғым мен пән туралы түсіндіріледі/.

«Өзі» деген адамның өзі, ал «тану» дегеніміз қоршаған адамдар мен айнала, құбылыстар туралы ақпарат білу. «Өзін-өзі тану» дегеніміз өзіңді, өзгені, айналаңдағы адамгершілік құндылықтар арқылы тану. Ал «адамгершілік құндылықтар» дегенімізді «Өзін-өзі тану» пәнінен оқып білетін боласыңдар. Бұл пәннен біз жақсылық пен жамандықты, көмектесуді, кешірімділікті, мейірімді болуды, достасуды үйренеміз. Сонымен қатар адамдарды сыйлауды, барлық нәрседен тек жақсылықты көруді, әдепті болуды үйренеміз.


Халық даналығы


Кері байланыс.

Мұғалімнің сыйлығы.

Аңыз «Өзіңді танудың қиын жолы»

Үлкен күміс түсті балық өзенде жүзіп жүріп, домалақ аңқиған көзімен ойнап жүрген бала-шағаға қарады да аң-таң болып …. Осылар суға несіне қызығады екен,- деп ойлады. Олардың жерлерінде құм, шөп, тас ,жер тағы мен білмейтін талай дүниелер бар. Оларға не жетіспейді? Су оларға не керек екен? Мұнда ешқандай қызық жоқ қой, деп әдеттегідей жан жағына шоршып шомылып, жасыл қалын су, ақ құм, балдыр шөп, ұсақ ойнақтаған балықтар,болды фууу іш пысады… деп, күрсінді.

Бала- шаға суға сүңгіп асыр салып ойнап жатты. Балық ойлады «Мүмкін бұлар бір ортаны, басқа ортаға ауыстырғаннан рахат алатын шығар?» Ендеше мен де сөйтіп көрейінші деп, шортып секіріп аспанға көтеріліп қайта суға шолп етті де, «Иә» өте тамаша екен ауа жұтым тамаша, дегенше болған жоқ көңіл күйі қайта түсті.

«Мен дұрыс ойлаппын, ауа ол өте тамаша екен.» Ал сонда жер мен от қандай екен? Егерде құмға секіріп шықсам қалай болар екен деген ой келіп құмға секіріп шығады.

Сол ақ екен балық соққыға түсіп құм үстінде бұралаңдап жатқанда бір жаны ашыған бала оны қайта суға итеріп жібереді. Балық өз- өзіне әрең дегенде келіп тірі қалды.

Есін жинаған соң «Иә» деп ойлады балық , мен де осыны күтіп едім. Адамдарға жүзуді үйрену сияқты, маған да әлі өте ұзақ жүруге үйрену қажет екен,- деп жағаға қарай қайта жол тартты… Балықтың іс әрекетін қалай қарастыруға болады?.

Кері байланыс арқылы талқылау. Сұрақ-жауап алу

Балалар балықтың іс-әрекетінен не көрдік біз?

Балықты өзін-өзі таниды, біледі деп айтуымызға бола ма?

Адамдардың да осы балық сияқты іс-әрекет жасайтынында кездеседі деп ойлайсыңдар ма?

/5-10 минут/

Балықтың, балалардың суреті, куыршақ театр сахналауы

Шығармашылық жұмыс. Оқушыларға оқулықта берілген суретке қарап, «Сәлем саған, Мектебім» тақырыбында әңгіме құрастыру тапсырылады.

Мұғалім балаларға өзін-өзі тану сабақтарында өздерімен бірге болатын Данышпан ата, Алпамыс, Махаббат және Ақбота атты көмекшілеріңмен таныстырады. Олардың сендерге дайындаған көптеген тапсырмалары бар екен.

Балаларға кейіпкерледі жақынырақ түсіндіру мақсатында, релаксация тәсілі жүргізіледі.

  • Өзін-өзі тану еліне саяхат жүргізіліп, ол елдің мекендеріне тоқталамыз. Олар: тіл табысу, білім, табиғат пен денсаулық, адамгершілік.

Мұғалім осы қасиеттерің әр қайсына тоқталып, оқушыларға сұрақ қою арқылы түсініктерін бекітеді.

  • Балалар енді оқулықта Данышпан ата бізге бір тапсырма жіберген екен. Өзіміздің қаншалықты білімді екенімізді сынап көрелік.

  1. Жұмбақтың шешуін табу.

Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

  1. Мақал-мәтелді жалғастыру.

Оқусыз білім жоқ, .... (білімсыз күнің жоқ)

Күш - білімде, білім - ... (кітапта)


  • Жарайсыңдар балалар, өте білімді екенбіз. Данышпан ата сендерге риза болып жатыр.


Тақырыпқа байланысты оқулықтағы жағдаяттарды оқушылармен бірге шешу.

  1. Сәуле ауырып қалды, Әлия сабақтан кейін құрбысына барып, үй тапсырмасын орындауға көмектесті.

Осы жағдаяттан Әлияның қандай қасиеттерін көріп отырсыңдар?

  1. Асан жүгіріп келе жатып, Дамирді байқаусызда қағып кетіп, ол құлап, қолын ауыртып алды. Бірақ Асан тоқтамастан жүгіріп кете барды.

Сендер Асанның орнында болсандар не жасар едіңдер?

Оқулықпен, Дәптермен жұмыс

Топпен ән айту.

Достық әнін бірігіп айту.

Әрқашан дос, біргеміз

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер!

Қай-сы:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз2

Атсын күліп таңымыз

Сөзі: Х.Талғаров

Әні: И.Нүсіпбаев

Үй тапсырмасын беру. Дәптерден табиғат аясын қалаған түспен бояу үсынылады.

Алдын ала берілген тапсырма

Қорытынды тыныштық сәті:

Балалар ішкі дауысымызды тыңдап, бір сәт өзімізді танудың қандай керемет екенін сезінейікші. /30 сек/

Рахмет сендерге, сабағымыз аяқталды.

Балаларды белсенділіктері үшін бағалаймыз


Мектеп: Бірлік ОМ; Күні № 2

Тақырыбы: Шаттыққа толы жүрекпен

Құндылығы: Ішкі тыныштық;

Қасиеттер: өзін-өзі алдамау, мейірімділік, шыдамдылық;

Мұғалім: Д.Омарова;

Сыныбы: 1 Оқушы саны: ----

/35 мин арналған/

Сабақтың мақсаты: Баланың өзін-өзі тануда ішкі тыныштықтың маңызын түсіндіру;

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушының бойында байсалдық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту;

  • Өзін және бірін-бірі сыйлауға үйрету;

Ресурстар: дәптерлер, оқулық, нақыл сөз, ақ қағаздар, тыныштық сәтіне арналған баяу музыка.

Сабақтың барысы:

Ескертулер:

І. Үйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу.

Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көқргеніме өте қуаныштымын. «Шаттық шеңбері» аясында мына тақпақты айтайық


Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық , достарым,

Арайлап атқан күнге.


Таныстыру ойын түрінде өтеді.


Оқушыларға шаттық шеңберінің мәнін түсіндіру үшін, өлең жолын айтып, қолмен көрсетемін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалардың дәптердегі орындаған тапсырамлары тексеріліп, бағаланады

Дәптердегі «Өзін-өзі тану әлемі» суретін бояу

ІІІ. Дәйек сөз.


«Өмірді тану - өзіңді танудан басталады»

Оқушыларға дәйексөз мәні түсіндіріледі.

Халық даналығында «Өмірді тану - өзіңді танудан басталады» деп өте орынды айтылған. Себебі өзіңді адамдармен, қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынаста тани аласың. Ал адамдарды, қоршаған ортаны, қоғамды және олардағы құбылыстар мен әрекеттерді білу - өмірді тану дегенді білдіреді. Мұғалім оқулықтағы «Үйренерім көп менің» тақырыбында берілген суреттерге оқушылардың назарын аударады. Оқулықта «Білім», «Денсаулық», «Қамқорлық», «Әдептілік» құндылықтары бейнеленген суреттерге тоқталып, олардың қасиеттері оқушыларға түсіндіріледі.


Халық даналығы


Кері байланыс.

Оқулықпен жұмыс

Мұғалімнің сыйлығы.

Аңыз «Өзіңді танудың қиын жолы»

Үлкен күміс түсті балық өзенде жүзіп жүріп, домалақ аңқиған көзімен ойнап жүрген бала-шағаға қарады да аң-таң болып …. Осылар суға несіне қызығады екен,- деп ойлады. Олардың жерлерінде құм, шөп, тас ,жер тағы мен білмейтін талай дүниелер бар. Оларға не жетіспейді? Су оларға не керек екен? Мұнда ешқандай қызық жоқ қой, деп әдеттегідей жан жағына шоршып шомылып, жасыл қалын су, ақ құм, балдыр шөп, ұсақ ойнақтаған балықтар,болды фууу іш пысады… деп, күрсінді.

Бала- шаға суға сүңгіп асыр салып ойнап жатты. Балық ойлады «Мүмкін бұлар бір ортаны, басқа ортаға ауыстырғаннан рахат алатын шығар?» Ендеше мен де сөйтіп көрейінші деп, шортып секіріп аспанға көтеріліп қайта суға шолп етті де, «Иә» өте тамаша екен ауа жұтым тамаша, дегенше болған жоқ көңіл күйі қайта түсті.

«Мен дұрыс ойлаппын, ауа ол өте тамаша екен.» Ал сонда жер мен от қандай екен? Егерде құмға секіріп шықсам қалай болар екен деген ой келіп құмға секіріп шығады.

Сол ақ екен балық соққыға түсіп құм үстінде бұралаңдап жатқанда бір жаны ашыған бала оны қайта суға итеріп жібереді. Балық өз- өзіне әрең дегенде келіп тірі қалды.

Есін жинаған соң «Иә» деп ойлады балық , мен де осыны күтіп едім. Адамдарға жүзуді үйрену сияқты, маған да әлі өте ұзақ жүруге үйрену қажет екен,- деп жағаға қарай қайта жол тартты… Балықтың іс әрекетін қалай қарастыруға болады?.

Кері байланыс арқылы талқылау. Сұрақ-жауап алу

Балалар балықтың іс-әрекетінен не көрдік біз?

Балықты өзін-өзі таниды, біледі деп айтуымызға бола ма?

Адамдардың да осы балық сияқты іс-әрекет жасайтынында кездеседі деп ойлайсыңдар ма?

/5-10 минут/

Балықтың, балалардың суреті, куыршақ театр сахналауы

Шығармашылық жұмыс.

Оқулықтағы сюжетті суреттерге қарап, олардың орнында болса, өздері қалай әрекет етер еді сұралады.

Оқулықтағы суреттер:

  1. Анасы шаңсорғышпен едендегі кілемді тазалап жатыр, Айдана теледидар көріп отыр.

  2. Киіне бастаған атасына немересі бас киімімен таяғын ұсынып тұр.

Оқушылардың ойлары тыңдалады.

Оқулықпен, Дәптермен жұмыс

Топпен ән айту.

Достық әнін бірігіп айту.

Әрқашан дос, біргеміз

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер!

Қай-сы:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз2

Атсын күліп таңымыз

Сөзі: Х.Талғаров

Әні: И.Нүсіпбаев

Үй тапсырмасын беру. Үйден оқушыларға өздері үйде қандай жақсы істер жасайтыны туралы шағын әңгіме құрастырып келулері ұсынылады.

Алдын ала берілген тапсырма

Қорытынды тыныштық сәті:

Жүректен-жүрекке әдісі орындалады. Оқушылар жүректі алып, қасындағы парталасына бір жақсы тілек тілейді.

Балаларды белсенділіктері үшін бағалаймыз





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал