7


  • Учителю
  • Тренинг Жас мамандарға арналған. Психология.

Тренинг Жас мамандарға арналған. Психология.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуін жетілдіру жолдары

Психологиялық түзету жұмыстарының ерекшелігі - адамның ішкі жан дүниесіне жағымды әсер ету, өзінің жағымды қасиеттерін аша білу, қарым -қатынас үйлесімділігін орнату, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, қызықтыру, танымдық процестері, өздеріне қажетті іс-әрекетке итермелеу арқылы жүзеге асады. Эксперименттер арқылы психодиагностика жасалғаннан кейін дәрігер амандардың кәсіби қызметтерін ескере отырып, нақты коррекциялық жаттығулар, әдістемелерді іріктеп, ұйымдастырдық. Қалыпқа келтіру экспериментіне 9 маман алынды.

Жаттығу «Қожайын»

Әрбір жеке тұлға - өз ісінің қожайыны. Кәсіпкер, басшы, директор және т.б. қызметтер де қожайын болудың бір саласы. Адамның қожайын сезімін ояту үшін, тренингке қатысушыларға жаттығу жасату қажет. Біз топ мүшелерінің ішінен бір қатысушыға қожайын ролін ойнау ұсынады. Барлығы оны қожайын ретінде санауы керек. Ол барлығына бұйрық берілді. Дауыс ырғағы көтеріңкі, жуан аудитория еститіндей темпте болуы міндетті. Ол қатысушыларға кез-келген әрекетті бұйрық беру арқылы орындата алады.

Ескерту: Барлық қатысушылар осы рольде ойнауларына болады. Соңында топ оның рольді қалай ойнағандығын бағаланды (0-9). Егер қатысушы 0 балл алатын болса онда жаттығу қайталанылды. Қожайын қызметіне түсу үшін қатысушыға өзіндік ішкі дайындық, ойын тиянақтауға уақыт берілді.

Жаттығу «Ішкі сәуле».

Жаттығу жас мамандармен жеке-жеке орындалды. Мақсаты: ішкі тынышытықты қалыпна келтіреді және шамадан тыс шаршаудан көмектеседі. Жаттығуды орындау үшін дәрігерлерді ыңғайлы етіп орналастырдық. Ережесі: Егер орындықта отырса аяқты еркін созып, басты артқа түсіріп, қолды алдыға қою керек. Қатысушылар толық ыңғайлы жағдай жасағаннан кейін оларға көзді жұмып жаттықтырушының айтқанын сезінуді талап еттік. Қатысушыға: «Сіздің басыңыздың ішінде, жоғары жағында жарық сәулесі пайда болды. Жарық сәуле жарқырап басыңыздан төмен асықпай қимылдап барады. Өзінің қоғалысымен беттің барлық бөліктерін, мойын, қол, йық және т.б. мүшелерді жылы және жайлы жағдайға түсіріп жарқыратып кетіп барады. Жарық сәуле жүріп өткен жердердің қыртыстары жазылды, көздің жарығы ашылды,йық кеңейді және т.б.» - деген сөздермен қатысушылардың бойына жаңа талпыныс күшін ұялатып, шаршауды басады, рахаттану сезімін орнатады. Дәрігерлерге жаттығуды орындағаннан кейін мына сөздерді айтқыздық: «Мен жаңа адам болдым! Мен күшті, шыдамды адам болдым! Мен барлық істі жақсы орындаймын!».

«Пресс» жаттығу.

Жаттығу дәрігерлердің жағымсыз эмоциясын шығаруға, ыза, ашулану, қобалжудың алдын алуға көмек беру. Жаттығуды жұмыстан шаршап келгенде, кез келген психологиялық қысымды жағдайдан кейін, қызметтік стресстен. Дәрігер өзінің көкірек деңгейіне дейін іштей қатты прессті сезінеді. Пресс арқылы жағымсыз эмоциясын басады және ішкі қысымды шығарады. Жаттығуды орындау барысында денеде іштей физикалық ауыртпалықты нақты сезіну қажет.

«Жеке тұлға және маман» жаттығуы.

Мақсаты: Өзінің кәсібіне деген қатынасы: психикалық қуат көзінің тасуы, мәселелерді басқара, бөле білу, ішкі күштердіанықтау және өсу бағытын түсінуі. Жұмыста жағымсыз эмоцияның, қысымның күшеюіне қарай психологиялық қолдауды алуы.

Жаттығу сәлемдесуден басталады. Жүргізуші Сіздер Нобель сыйлығының иегер болып жатырсыздар. Сіз туралы қандай тақырыпта мақала жазылсын. Мсаылы: «Ең батыл дәріге», «Білікті маман» және тб. Қатысушыларды бір сәт болашаққа саяхат жасату арқылы таныстыру. Мсәеленің өзектілігі психологиялық тұрғыда жеке тұлғаның барлық уақытта кәсіби дамуыға, біліктілігін жетілдіруге дайын болуы, жаңа білім мен іскерлікті толықтыру әрекеті, өзіндік ынтасы мен талпынысынан көрінеді. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

«Менің кәсіби жұмысым, отбасы шаруам және жеке

өзіме көңіл бөлуім» жаттығуы.

Қатысушыларға парақ таратылып, оның ортасына дөңгелек салынған. Сол дөңгелектің ішін үшке бөлу, қандай арақашықтықта өзі болжау. Нақтылап әрекеттер қаралатылатын ұпайға шағу арқылы көрсету және қанша уақыт бөлінетінін өзі талдау. Соңында жұмыс барысында не сезінгені туралы баяндау.

«Мен үйдемі, мен жұмыстасын» жаттығуы

Нұсқау; парақты екіге бөлу.

Мен үйдемін Мен жұмыстамын.

Мен үйде ешқашан ............ Мен жұмыста ешқашан .......

  • Ұқсас мінез-құлық (үйде, жұмыста)

  • Қарама-қарсы мінез-құлық,

  • Жалпы сипаттың болмауы,

  • Осы сипаттағы сіздің қатынасыңыз.

Карикатура жаттығуы: «мен қандай маманмын».

Өзін әзіл-оспақ деңгейінде салу, онда өзін дамытуға, кәсібіне байланысты қалыптастырған қасиеттерін (эмпатия сезіміне өзгенің ене білу, қарым-қатынас, бағаламай тек тыңдай білу, мейірімділік, иекмділік, құзыреттілік, шығармашылық).

Ассоциация жаттығуы «Менің жұмысым».

Нұсқау: бір парақта бес сызыққа бөлеміз. Бірінші сызыққа 16 ассоциациялық сөз топтастыра отырып, 8 ассоциациялық сөз қалдыру. Үшінші қатарға тағы сөздерді біріктіре отырып 4 - ассоциациялық сөзге әкелу. Екінші қатарға 2-сөзге соңғы қатарға бір сөзге әкелу болып табылады.

Психологиялық қолдау көрсету және кері байланыс:

Бір парақты төртке бөледі, үш бөлігіне он жағындағы үш адамға жағымды мағынада, сол адамды қай жағы жақсы дамыған, ал қай жағына көңіл бөлуі қажет жазып беру. Ал төртінші бөлікке өзінен бүгінгі кездесуден алған әсерінің туралы жазып қалдыруды сұрану.

Қысым және босаңсу.

Бұл жаттығу қиын науқастармен жұмыс жүргізгеннен кейін денедегі қысым мен тітіркенуді шығарып тастауға бағытталған.

Қатысушылар тік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады. Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді.

«Жалын-мұз» жаттығуы.

Қатысушылар тік тұрып «Жалын дегенде» жылдам барлық дене бұлшық етімен қимыл-қозғалысқа түседі. әрбәр қатысушы оны өз ырқына қарай алады. Ал «мұз» дегенде сол тоқтаған кейпінде қалшиып қалады. Жүргізуші бірнеше рет бұд үрдісті қадағалайды.

«Зейінді аудару»

Дәрігерге бір іс-әрекет түрінен басқаны жеңіп және тез ауыстыруды білу қажет. Ең маңызды ықпалы жаттығудың әдістері, ішкі құбылмалы қабілеттілігінің дамуы және зейіннің тез ауысуы, доппен спорттық ойындар болып табылады. Ал дәрігерлік қызмет үстінде ондай спорттық ойындарды ұйымл\дастыру мүмкін емес. Сондықтан дем алу арасында арифметикалық есептер шығару, 1-ден 100-ге дейін дұрыс және кері санау.

«Қақтығыс» ойын.

Жас мамандардың жаңа ортаға енуіне жағымды ықпал ету. Қақтығысу жағдайларының алдын алу. Жүргізуші қатысушыларды жұп-жұпқа бөледі. Ойланыңыздар, сіздер қақтығысқа қатысушыларсыздар деп, әр қайсысына жауапкершілік артады.

- қақтығысты бастау;

- қақтығыстағы дәнекер;

- қақтығысты тоқтату.

«Қақтығысқа не әсер етеді?» - деген сұраққа жаттығу соңында жауап бере отырып, қатысушы өз тапсырмаларын қорғайды. Қақтығыс кезіндегі мінез құлықты қадағалап отырды.

Төмендегі сұрақтар арқылы жұмысты қортындылау.

- қақтығыс кезінде кезінде мені не мазалайды?

- қақтығыс маған қалай әсер етеді?

- Жақсы жаққа қалай өзгеруге болады? - деген сұрақтарды қолданады.

«Екі жақты пайда» деген ұғымды ашу. Қажет болса қақтығыскезінде қолданылатын дене жаттығулары жасалынады.

«Кемпірқосақ» ойыны.

Мақсаты: Сыналушылардың бойындағы жағымсыз және жағымды қасиетті анықтау. Қорқыныш пен ұрейден арылуға ықпал ету.

Қажетті құрал: Таза ақ парақ, қалам, қайшы, түрлі түсті бояу.

Барысы: Кемпірқосақ ойынында, жағымсыз қасиеттің біреуін таңдау, екінші жағымды қасиеттің біреуін таңдап алып үлкен әріптермен жазамыз, ортасына кемпірқосақты түрлі-түсті түспен жалғаймыз. Сыналушылар жағымсыз қасиеттерінің бірін таңдап алады. Олардың қай жерінде орналасқаның, адамның қай дене мүшемізде екенін салып, қырқып аламыз (қолда, жүректе, мида т.б.). Көздерін жұмып мен өз бойымдағы жағымсыз қасиеттен құтылдым. Жыртып тастау. Кемпірқосақ салынған бос орынға жағымды қасиетті жазып қою.

Әр бір жаттығу жас маманның өзіне деген сенімін оятуға, қызмет бабында кездесетін қиындықтарды жеңуге ықпал жасауға арналды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал