- Учителю
- Тренинг - урок 'Емтихан алдында эмоционалды қысымды төмендету'
Тренинг - урок 'Емтихан алдында эмоционалды қысымды төмендету'
Емтихан алдында эмоционалды қысымды төмендету
(11 сынып оқушыларына арналған тренинг)
2015-2016 оқу жылы
Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.
Әдістер: Ойын әдістері, кеңестер, жаттығулар
Міндеттер:
1. Стреске қарсы тұруын арттыру.
2. Сенімділік мінез- құлық дағдысын арттыру.
3. Эмоциялық ерік-сферасын дамыту.
4. Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру.
5. Ішкі резервтерін тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі: «Сенімділік орнат»
-
Құрметті түлектер, хош келдіңіздер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Қорқыныш, үрей дегеніміз не? Қалай оны көруге болады? Бұлшықеттің күшін түсіре алдыңдар ма? Қандай қиындықтар болды? Қорқыныш, үреймен қалай күресуге, жеңуге болады екен? Өз-өздеріңе сенімділікті сездіңдер ме, өздеріңді бақылай аласыңдар ма екен? Қалай ол болды?
Әңгіме: Кейбір жағдайларда қорқыныш сендерді билейді: ұтылу, жеңіліп қалу қорқынышы араласып, кедергі келтіреді. Сол сияқты қорқыныштармен қалай күресу керек, қалай сенімділік орнату керек. Міне осының барлығы туралы біз бүгін әңгімелесеміз. Негізгі қазіргі шарт - өз-өздеріңе көмектесу.
Сенімділікті неден бастау керек?
Дамудың және өмірдің ең жаман тежегіші - бұл қателіктерден қорқу, яғни жаман бағаны алуға қорқыныш т.с.с.Қателіктер арқылы біз үйренеміз. Олар бірін-бірі басады. Екі рет қателісуге болады, бірақ 3-ші рет болмайды.
Талқылау: Кім және неден қателістіңдер? Ол өміріңе қалай әсер етті?
Рефлексия: Сабақта жауап беруге қорықсаң - әрбір қолайлы жағдайда жауап беруге тырыс. Емтиханнан қорықсаң - оны қай жерде тапсыруға болатын жағдайды ізде. ҰБТ-ден қорықсаң - пробный тест тапсыр. Қорқынышқа қарсы жүр. Неден қорқасың, соны істеуге тырыс, көп нәрсені істе, бірнеше рет жаса деген ережі ұстан.
-
Сәлемдесу. «Тілектердің сиқырлы қобдишасы»
Нұсқау: Қазір біз кабинет бойымен әрі-бері жүреміз, біздің міндетіміз - белгі бойынша (қол шапалағы бойынша) небәрі көбірек қолмен амандасу, яғни қол алысу.
Талқылау:
- қаншалықты сен белсендісін және көпшілсің немесе тек саған жақындаған адамдармен ғана қол алыстың ба?
- сенің тәртібін өміріңмен қалай байланысты?
Екінші жаттығу таңдау бойынша.
1 жаттығу: «Танысу»
Мақсаты: Жағымды көңіл-күй орнату, топ ұйымшылдығын арттыру. 5 минут.
Нұсқау: Әр мектептің оқушылары өздері бірігіп таныстыруды ұйымдастырады. Таныстыру көңілді, қызықты болу керек.
Талдау: Таныстыруды ұйымдастыру қиын болды ма? Сіз сәлемдесуді көрсеткенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Тренингті жалғастыруға дайынсыздар ма?
-
Жаттығу «Атом және молекула».
Нұсқау:Сіздер жалғыз атомсыздар. Өздерініздің хаостық іс-қимылдарыңызды бастаныздар. Осы орайда бір-бірімен соқтығу болуы ықтимал, . Менің айтуым бойынша сіз молекула, атомдар санын құрайсыз . (Қатысушылар жаттығуды орындайды.)
2 жаттығу: «Сілкіп таста»
Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату.
Нұсқау: мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. «ҰБТ-ға жақсы дайындала алмаймын», «Жақсы тапсыра алмаймын» деген сияқты.
Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сеніңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен дайынмын.
Рефлексия. Көңіл-күйіңіз қандай?
3 жаттығу: «Есімдер»
ЖҰЛДЫЗ есімін ТІКЕСІНЕН жазамыз. Ал енді ЖҰЛДЫЗ есімді қызға тән, оның есімінің әр атына сәйкес келетін қандай қасиеттері болуы мүмкін екендігі туралы ойлап көрелік. Бұл қасиеттерді әр әріпке келтіріп құрастырайық:
Ж - жылы жүзді
Ұ - ұстамды
Л - лайықты
Д - досшыл
Ы - ынсапты
З - зерек
Онда ЕМТИХАН сөзінің әр әрпіне жақсы сөздер құрастырайық:
Е - еңбек, ерік-жігер
М- мақсат, мүдде, міндет
Т- талап, талант, тапқырлық
И- игілік үшін еңбектену
Х- хабардарлық
А- ақ жол, ақ ниет, ақыл
Н- намыс, нәтиже!
Әрине, ҰБТ сөзінен де жаңа мағына іздеген пайдалы.
Ұ- ұжымдастық, ұқыптылық
Б- бірлік, бағалау, бақылау
Т- талант, талап, тәжірибе
«Демде шоғырлану» техникасы.
Медитативті жаттығулар кезінде санау бірінші орынға шығады. Әрбір дем алғанда санаңдар және демді шығарғанда кері ретпен санаңдар. Дем алу: 1-2-3-4-5-6; демді ұстап тұру: 1-2-3; демді шығару: 6-5-4-3-2-1; демді ұстап тұру: 3-2-1. Егер көңіліңіз басқа жаққа ауып кетсе, назарыңызды ақырын ғана сандарға қайтадан әкеліңіз.
«Сөзге шоғырлану» техникасы.
Өзіңізге белгілі бір маңызға ие сөз немесе сөз тіркесін таңдаңыз: «достық», «махаббат», «мен байсалдымын», «мен өзгере аламын» немесе т.б. Сіз осы сөз тіркестерін дауыстап, әндетіп, сыбырлап немесе іштен айта аласыз. Бір ырғақты таңдап сақтап қойыңыз. Егер сіздің зейініңіз бөлініп кетсе, оны белгілеп, қайтадан өз жаттығуыңызға оралыңыз.
4 жаттығу: «Өз жұлдызыңды тап»
Мақсаты: Өзіңе сенімділікті сезінуге және босаңсуға мүмкіндік жаса.
Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет дем алып, үш рет дем шығарыңыз.
Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап, біресе алыстайтын жарық нүктелер.
Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін таңдап ал. Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды еске түсіреді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде оны аласыз. Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап ұстап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.
Ал енді алақандарыңызды жоғары созып, керіліп көздеріңізді ашуға болады. Қолыңызға түрлі қағаздарды алып, өз жұлдызыңызды салыңыз. Қиып алып біздің жұлдызды аспанымызға жапсырыңыз.
Енді бізге жұлдыздарымыз әр сабақта өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Соңғы сабақта сіздер оны өздеріңізбен алып кетесіздер. Олар сізге білім жолында, барлық сынақтарда өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұхият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты, бір-біріне ұқсамайды.
5 жаттығу: «Дыбысты сезіну»
Шеңбер бойынша тұрып, жаңбырдың дыбысын жасауымыз керек. Ол үшін мен көрсеткен қимылдарды кезектесіп қайталайсыздар, ең соңғы адам жасағанда мен келесі қимылды көрсетемін, сонда ғана қайталайсыздар. Алақанды бір-біріне жұғыстыру, саусақты сытырлату, санды соғу, аяқты сартылдату. Керісінше жасау.
Басынан бастап қайталау, дыбысты тыңдау.
Рефлекция: - Қандай сезімдесіңдер?
-
Не байқадыңдар? Рахмет.
6 жаттығу: «Жұдырық, саусақ, алақан»
Мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа және денені босаңсытуға арналған жаттығу.
Стол үстіне оң қолымызды қойып, Жұдырық, саусақ, алақан сөздерін мен айтамын, ретімен жасаймыз. Енді жылдамырақ жасауға тырысамыз, 4 рет.
Енді, екі қолымызбен жасайық....
Сергіту жаттығуы « Ормандағы жаңбыр»
Музыка ойнайды.
Психолог: Мәтінді оқиды, ал қатысушылар оны орындайды.
Сіздер ормандағы ағаштарсыз, өздеріңізге ағаштың атын қойыңыздар.Орманда күн ашық, ағаштар бұталарын күнге бағыттап, жапырақтарын күннің көзіне, шуағына көрсету үшін ұмтыла түсуде. Сіздер ағаштарсыздар, аяқтың ұшымен тұрып, қолдарыңды биікке созып күнге барынша жақындай түсіңіздер.Қандай тамаша!
Осы кезде қатты жел тұрып кетті, ағаштар тербеле бастады. Тамырлы болғандықтан, ағаштардың түбі мықты, (аяқтың бұлшық еттеріне салмақ түсіріңіздер) Қатты жел жаңбырдың иісін шығарып қара бұлттарын алып кетті. Ал, ағаштарға сіркіреп тамшылаған жаңбыр сезіле бастады. (алдында тұрған адамның арқасына саусақтарының жеңіл қимылдарымен әсер ету) жаңбырдың тамшылары үдей түсті. Сол кезде ағаштар бірін-бірі аяп кетті де, жаңбырдың қатты тамшыларын сілкіледі. Ағаштар өздерін сергек сезініп, өмірдің қуанышын байқады.
Талқылау: Сендерге жаттығудың әсері қалай болды? Ұнадыма? Өздеріңді қалай сезіндіңдер?
7 жаттығу: «Шетел тілі».
Жүргізуші қатысушыларға шетелше ән айтуды ұсынады. Сол себептен барлығына белгілі бір өлең шумақтарын алуымыз керек:
Жили у бабуси
Два веселых гуся.
Один серый, другой белый.
Два веселых гуся.
Бұл өлеңді басқа тілдерде айтып көрейік. Оны жасау өте оңай. Барлық дауысты дыбыстардың орнына сіздерге берілген әріпті қойып оқу керек.
Ж*л* у б*б*с*
Дв* в*с*л*х г*с*.
*д*н с*р*й, др*г*й б*л*й.
Дв* в*с*л*х г*с*.
1 топқа Французша- «Ю», 2 топқа Немісше- «У», 3 топқа Ағылшынша- «А», 4 топқа Жапонша- «Я». Дайындалуға 2 минут беріледі.
8 жаттығу: «Қарақшылар» ойыны
Жұптың біреуі орындыққа отырады, екіншісі оның артында тұрады. Тағы бір ойыншы бос орындықпен тұрады да, отырғандарға білдіртпей біреуіне көз арқылы белгі береді. Сол адам оның орындығына келіп отыруы керек. Ал оның артында тұрған ойыншы өз жұбының орнынан тұруына кедергі жасайды. Жұбынан айырылып қалса, бос орындықпен қалған ойыншы жүргізуші болады. Сосын отырғандар мен тұрғандар орындарын ауыстыруға болады.
Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
-
жаттығу: «Әй жарайсың!» ойыны.
Ішкі және сыртқы жағынан тұрып екі шеңбер жасаңдар. Қарама-қарсы тұрған 2 жұптың біреуі жетістіктері туралы айтады, ал тыңдап тұрған кісі саусақтарын бүгіп тұрып серігінің айтқан әр жетістігін «Әй жарайсың!» бір деп санап жалғастырады. Егер сіз өзіңіз туралы жаман ойласаңыз қайраттанып жақсылықты айта беріңіз. Енді менің белгім бойынша 1 топ тоқтап, 2 топ ауысады, ойын осылайша жалғасады.
Талдау: 1. Өзіңіз туралы көп жақсылықты есіңізге түсірдіңіз бе?
2. Өзіңіздің серігіңізден нені білдіңіз?
10 жаттығу: «Менің тілегімді тауып көр!»
Мақсаты: Психолог кубикті лақтырады, қандай сан түссе, сол сан бойынша отырған оқушы үрлемені үрлей отырып, осы отырған балаларға тілек тілейді, бірақ тілекті іштей ойлайды, үрлеп болған соң отырған оқушылар не тілегенін шешу керек. Дұрыс айтқан балаға шағын сыйлық беруге болады. Тілекті ойлаған оқушы кубикті лақтырады, қай сан шықса өзінен кейінгі отырған сол сан бойынғы бала тілек ойластырады. Осылайша жалғаса береді.
Талдау: Тілекті шешу қиын болды ма? Ойын несімен ұнады?
Қорытынды:
-
Бүгінгі күн сіздерге не берді?
-
Қандай жаңалық болды?
-
Келешекте нені пайдаланасыздар?
-
Жаттығу«Жунглидағы жаңбыр».
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз).
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар). Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз). Тағы да нөсер жауын жауды. Ұсақ жаңбыр сіркіреді. Дауыл соқты. Жел соқты. Жел басылып келеді.
-
Жаттығу «Келесі кездескенше».
«Менің қолымда әдемі доп бар. Қазір сіздер бұл допты бір - біріңе беріп, бүгінгі өткен тренингтік күн туралы өздерінің сезімдерімен бөлісесіздер».
Талдау:
-
Бүгінгі күні сіздерге не берді?
Келешекте нені пайдаланасыздар?
-
Жаттығу «Аяқталмаған сөйлемдер».
Нұсқау:тренингке қатысушыларға плакат ұсынылады, олар кезек бойынша сөйлемдерді аяқтайды:
«Мен армандаймын...»
«Мен ұмтыламын...»
«Мен сенемін...»
3. Ойын «Сені бұл өмірде білгенім үшін рахмет!»
Нұсқау: Балалар екі топқа бөлінеді. Кейін олар екі шеңбер құрастырады бір топ сыртында, ал екіншісі ішінде және бір - біріне қарап тұрады. Қатысушылардың міндетті: алдында тұрған адамның көзіне қарап есімін атап, «Сені бұл өмірде білгенім үшін рахмет!» айту керек. Бірінші бұл сөздерді шеңберлің сыртында тұрған адам, сосын ішінді тұрған адам айтады. Кейін қатысушыларды бірнеше рет ауыстыруға болады.
3. Жаттығу «Мен саған сенімдімін»
Қазір екі - екіден бөлінініздер. Бір - біріңе қарама - қарсы отырыңыздар. Бір - біріңнің көзіне қарап, тыныш отырыңыз.
Бұл қиын және үйреншікті емес.
Енді бір - біріне сөз еткен, сөйлемді келесі сөздердең бастаңыздар. « Мен сенемін, Сен ...». Мысалы «мен сенемін, сен ешқашан мені қиын жағдайда қалтырмайсың!»
6. Упражнения. «Общий дом».
Вы знаете, что все на земле живут люди разных национальностей. И нужно, что бы они жили мирно. Ваша задача - объединить всех присутствующих под одной общей крышей.
Перед вами пачка газет и скотч. За 5 минут вы должны построить один общий дом, в котором найдется место для каждого из вас.
Звучит быстрая музыка.