- Учителю
- Кикілжіңнің денсаулыққа әсері
Кикілжіңнің денсаулыққа әсері
Кикілжіңнің денсаулыққа әсері
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды адамдардың қарым-қатынас негізінде пайда болатын әр түрлі келіспеушіліктер, оларды болдырмау, дұрыс шешуге үйрету;
-
Оқушыларды өмірде үйлесімді қарым-қатынас жасауға баулу;
-
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: адамдар қарым-қатынасының түрлері атты сұлба.
Келіспеушіліктің тууының негізгі себептері қандай? Келіспеушіліктің түрлері қандай? Келіспеушілікті болдырмаудың ең қарапайым ережелері қандай?
-
Іскерлік қарым-қатынас
-
Жеке қарым-қатынас Адамдар
-
Тең құқылы қарым-қатынас қарым-қатынасы
-
Үйлесімді қарым-қатынас
-
Қарама-қайшылықты қарым-қатынас және т.б.
Міне, осындай көп қарым-қатынас негізінде адам тіршілік етеді. Қарым-қатынас әр түрлі жағдайларға байланысты екі түрлі болуы мүмкін. Олар:
-
жағымды;
-
жағымсыз.
Оқушыларға мына кестені толтыруға болады.
-
Жағымды - Жағымсыз
-
-
-
-
Қарым-қатынас негізінде пайда болады:
-
-
-
-
-
-
-
тапсырма.
Сабақтан алған білімді бекіту үшін сыныпты екі топқа бөліп, біреуі жағымды қарым-қатынас жасайтын, екіншісі жағымсыз қарым-қатынаста болатын адамдардың бейнесін жасайды. Бұл тапсырманы орындаған кезде:
-
суретін салуға,
-
адамдардың мінезін суреттеуге,
-
іс-әрекетін әңгімелеуге болады.
Осы жағдайлар негізінде қалыптасқан қарым-қатынас негізінде бір проблемалық ситуация ойластырады, бұл қарым-қатынастың қандай түріне жататындығын анықтайды.
Соңында жағымсыз қарым-қатынас неліктен пайда болды, оны болдырмауға болатын жолдар қандай екендігі туралы қорытынды шығарады.
Жағымды қарым-қатынастың орнауына қандай жағдайлар әсер еткендігі туралы қорытынды шығарады. Соңында сынып болып талдайды.
-
Тапсырма.
Оқушыларды 3 топқа бөліп жеке қарым-қатынас түрлері бойынша: достық, жолдастық, махаббат туралы, достары, жолдастары, махаббат сезімі туралы ( ата-анаға, туған туысқанға, Отанға және т.б. ) ойларын жазады, бұл қарым-қатынастың қандай әсерін көрсетеді, бұл қатынасты орнатуға әсер еткен қандай жағдайлар болатынын көрсетеді.
Бұл адамдар мінезі қандай болады:
-
-
-
Жеке қарым-қатынас түрлері
Түрлері
Қандай негізде қалыптасады
Мысал келтір
Достық
Жолдастық
Махаббат
Қорытынды: - Адамдар арасында мынандай жағдайлар болғанда ғана қалыпты қарым-қатынас орнайды:
-
Сенімділік; - Сыйластық;
-
Түсінушілік; - Әдептілік;
-
Шыдамдылық; - Ымырашылдық, т.б.
-
Тілектестік;