7


  • Учителю
  • Презентация көңіл күй құпиясы

Презентация көңіл күй құпиясы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Көңілді жүрудің 10 құпиясы

Презентация көңіл күй құпиясы

Көңілді жүру - алдағы сәттіліктің жаршысы бола алады. Ол үшін болмасқа ренжіп, ауа-райына қобалжудың қажеті жоқ. Бастысы - өз көңіліңізді өзіңіз көтере біліңіз.





1. Үнемі көңілді жүру үшін өзіңізді бақылап үйреніңіз. Болмайтын нәрселерге ренжіп, әріптестеріңізді ренжітпеңіз. Көңіліңізді қалдырған адамдарды кешіре біліңіз.

2. Кез келген нәрсеге әзілмен қараңыз. Әріптестеріңіз арасында күлкі сыйлап жүріңіз. Көпшіліктің арасында ыңғайсыз жағдайға қалсаңыз да, жұрттың назарын әдемі күлкіңізбен, жымиысыңызбен жеңесіз. Күліп жүрсеңіз, қиындықтан да оңай құтыласыз. Іштей жақсылыққа сенсеңіз, солай болары сөзсіз.

3. Айналаңызда болып жатқан әр істен қалыс қалмаңыз. Мектеп үшін не істей аламын деп үнемі ойланып, жымиып жүріңіз.

4. Күйбең тіршілігіңізге жаңалық енгізіп отырыңыз, өзіңіз өзгеріңіз. Жаңа іспен айналысыңыз,бос уақытыңызды тиімді пайдалануды үйреніңіз. Сізде болған өзгерістер үшін әріптестеріңіз жақсы пікірлерін, комплименттерін білдірсе, сіздің қуанып қаларыңыз сөзсіз. Сіз жүрген ортаның өзіңізге ерекше назар аударуы көңіл-күйіңізге әсер етпей қоймайды.

5. Үнемі жақсы нәрселерді ойлап жүріңіз. Тіпті 1 сабақтан 6 сабаққа дейін сабақ түсіндірсеңізде шаршадым деген сөзді айтпаңыз. Қоңырау соғылған соң мұғалімдер бөлмесіне күліп кіріңіз.

6. Бір уақыт өзіңізге есеп беріңіз - Осы аптада кімді ренжіттім кімнің көңілін қалдырдым деп. Алғашқы жұмыс күні сіз күлімдеп кешірім сұраудан бастаңыз.

7. Алдағы мақсатыңызды бағдарлаңыз. Бір сәтке алдағы күндеріңіздің қалай болатынын, атқарылуы тиіс жұмыстарды түгендеп, алдыңызға қойылған мақсаттарға ұмтылысыңыздың айқындығын анықтап алыңыз.

8. Өмірге жеңіл қараңыз. «Ондай менде болу қайда» деген ойдан арылыңыз. Кішкентай жетістіктеріңізге қуана біліңіз. Солардың өзі үлкен бақыттың бастауы болуы мүмкін. Өмірде бәрі оңай, тек шыдам керек.

9. Үнемі қозғалыста болыңыз. Бүгін мұңайсаңыз, ертең қуанасыз. Бір күннің қайталанбауы да, қайталануы да өзіңізге байланысты. Сондықтан мұңайып, бір аптаны өткізіп алмаңыз.

10. Көңіліңізді түсірген жағдайларды тез ұмытыңыз. Көңіл-күйіңіз жоқ па, көңілді музыка тыңдаңыз, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз.

Есіңізде болсын: өзіңіздің көңіл-күйіңізге өзіңіз ғана жауаптысыз!

</ Мектеп психологы: Мурзагалиева.Э.Г.





Жас маманға арналған сауалнама.



1. Педагогикалық жұмысқа Сіз қалай келдіңіз?

1) саналы түрде

2) өзге салалардан жұмыс таппағандықтан

2. Сіз жұмысты қалай іздедіңіз/таптыңыз?

1) бітірген жоғары оқу орнынның жолдауымен

2) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жолдауымен

3) мақсатты түрде ауданның/қаланың ең үздік мектебін іздедім

4) достарымның/әріптестерімнің ұсынымдары арқылы вакансия таптым

5) мектеп әкімшілігі шақырды

6) Өзім іздеп таптым.

3. Сізде тәлімгер-мұғалім бар ма?

1) иә, және оның көмегі тиімді

2) жоқ, бірақ ол маған керек

3) жоқ, мен оған мұқтаж емеспін

4) иә, бірақ оның көмегі тиімсіз

4. Өзіңіздің жеке педагогикалық қызметіңізден кейін Сіздің мұғалімнің жұмысына деген көзқарасыңыз өзгерді ме, егер өзгерсе қалай?

1) өзгерген жоқ

2) жақсы жағына қарай өзгерді

3) жаман жағына қарай өзгерді

4) жауап беруге қиналамын

5. Өзіңіздің мектептегі жұмысыңыздың сапасына қаншалықты көңіліңіз толады?

1) толық қанағаттанамын

2) жоқтан гөрі, иә

3) иәден гөрі, жоқ

4) нақты жоқ

5) жауап беруге қиналамын

6. Сіз мектеп тәжірибесінде қандай проблемалармен жиі кездесесіз:

1) сабақ беретін пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

2) екі және одан да көп пәндерден сабақ беру

3) тәлімгерлік жүйесінің болмауы

4) педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастар

5) мектеп әкімшілігінің жұмыс стилі

6) оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасы

7) оқушылардың оқуға ынтасының жоқтығы

7. Мектепте жұмыс істеу кезінде Сіз жоғары оқу орнында алған біліміңіздің тәжірибелік пайдасын жалпы қалай бағалайсыз?

1) өте жоғары

2) айтарлықтай жоғары

3) аса жоғары емес

4) төмен

8. Сіздің ойыңызша, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының оқыту мазмұнында не жетіспейді?

1) сабақ беретін пән бойынша мазмұны мен білім ауқымы

2) кәсіптік тәжірибе бойынша уақыт көлемі мен мазмұны

9. Өзіңіздің негізгі педагогикалық біліміңізді жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мектеп қабырғасында алғандығыңызбен келісесіз бе?

1) келісемін

2) келісемін,бірақ толығынан емес

3) ішінара келісемін

4) келіспеймін

10. Алдағы бірнеше жылда өзіңіздің педагогикалық мансабыңыздың дамуын қалай бағамдайсыз?

1) жұмыс істеп жүрген мектебімде, пән мұғалімі ретінде біліктілігімді біртіндеп арттыру

2) мансаптық өсу (оқу меңгерушісі, мектептің құрылымдық бөлімінің басшысы) оған қоса пән мұғалімі ретінде біліктілігімді біртіндеп арттыру

3) өзге беделді, кәсіби тартымды мектепке ауысу

4) магистратураға түсу, ғылыми-педагогикалық қызметті бастау

5) екінші жоғары білім алу

11. Мамандықты ауыстыру туралы ойыңыз бар ма?

1) иә

2) жоқ

12. Мамандықты ауыстыру ойыңыз болса, оның себебі

1) мамандықтан түңілу

2) ұтымды ұсыныс түсу

3) жеткіліксіз кәсіби деңгейіме байланысты

4) мектептегі психологиялық жағдайға байланысты









Соңында, өзіңіз туралы шағын ақпарат

Тегі, аты-жөніңіз (толық)________________________________________________

қала, аудан, область_____________________________________________________

Сіз бітірген жоғары оқу орнының аты _____________________________________

диплом бойынша біліктілігіңіз _____________________________________________

жоғары оқу орнын бітірген жыл __________________________________________

жүргізетін сабатарыңыз _________________________________________________









Мектеп психологы: Мурзагалиева.Э.Г.



















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал