- Учителю
- Балалардың елестету қабілетін диагностикалау
Балалардың елестету қабілетін диагностикалау
Республика: Казахстан
Кзылординская область
Жанакорганский район
Село: Тугискен
Абиева Жумагул Ахметжановна
Педагог- психолог . Сш №256 село «Тугискен»
Балалардың елестету қабілетін диагностикалау
«Әңгіме ойлап тап» әдістемесі (Р.С. Немова әдістемесі).
Балаға 1 минут ішінде біреу немесе бір нәрсе туралы әңгіме құрауға, ал 2 минут ішінде оны айтып беру ұсынылады. Бұл қандай да бір оқиға немесе ертегі болуы мүмкін.
Баланың елестете ойлау қабілеті келесі белгілер бойынша бағаланады:
-
әңгімені ойлап табу жылдамдығы;
-
оқиғаның еркшелігі, өзгешелігі;
-
әңгімеде пайдаланатын бейнелердің сан алуандығы;
-
осы бейнелердің жетілдірілгені және нақтыланғаны;
-
бейнелердің эмоциялық жағдайы.
Жоғарыда көрсетілген қандайда болсын бір белгінің қаншалықты айқын берілгеніне қарай, аталған белгілердің әрқайсысы бойынша әңгіме 0 балдан 2 балға дейін ала алады.
Нәтижелерді бағалау:
Әңгімені ойлап табу жылдамдығы төмендегідей бағаланады:
2 балл - егер бала әңгімені 30 секундтан аспайтын уақыт ішінде ойлап тапса;
1 балл - егер әңгімені ойлауға 3 секундтан 1 минутқа дейін уақыт кетсе;
0 балл - егер бала 1 минут уақыт ішінде ештеңе ойлап таба алмаса.
Оқиғаның ерекшелігі төмендегідей бағаланады:
2 балл - егер бала оқиғаны өзі ойлап тапқан жағдай ұсынымды болса;
1 балл - егер бала көрген немесе естіген бір жағдайды өзінен жаңалап айтқан жағдайда;
0 балл - егер бала бұрын бір көргенін жай айта салған жағдайда.
Бейнелердің сан алуандығы төмендегідей бағаланады:
2 балл - егер әңгімеде төрт немесе одан да көп кейіпкерлер (заттар, оқиғалар) болса;
1 балл - егер әңгімеде 2-3 кейіпкер пайдаланылса;
0 балл - әңгімеде тек бір кейіпкер туралы ғана айтылған жағдайда.
Әңгімедегі бейнелердің жетілдірілгені және нақтыланғаны төмендегідей бағаланады:
2 балл - егер әңгімеде берілген объектілер үш немесе одан да көп белгілермен берілсе;
1 балл - атынан басқа, тағы да 1-2 белгі көрсетілген жағдайда;
0 балл - егер әңгіме кейіпкерлері тек аталып, ешқандай қосымша сипатталмаған жағдайда.
Әңгімедегі кейіпкерлердің эмоциялық жағдайлары төмендегідей бағаланады:
2 балл - егер әңгіме және оның әңгімелеушінің жеткізуі эмоциялық жағынан жеткілікті болса;
1 балл - егер әңімелеушінің эмоциялық жағдайы әлсіз және әңгімеге деген тыңдаушылардың да әсері де әлсіз болған жағдайда;
0 балл - егер әңгімедегі бейнелер тыңдаушыға ешқандай әсер етпеген жағдайда.
Даму деңгейі туралы тұжырымдама:
10 балл - өте жоғары.
8-9 балл - жоғары.
4-7 балл - орташа.
2-3 балл - төмен.
0-1 балл - өте төмен.