- Учителю
- Ашық сабақ Ертегілер әлеміне саяхат
Ашық сабақ Ертегілер әлеміне саяхат
Тақырыбы:«Ертегілер әлеміне саяхат»
Түрі: Кіріктірілген, Қоршаған ортамен танысу,тіл дамыту, көркем әдебиеті.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету, танымдылық қабілетін дамыту, қарым-қатынасқа түсу мен топпен жұмыс жасауға үйрену.
Кажетті құралдар: боялмаған әтештің суреті, қорап, сандық, бояу бас киім, түрлі түсті қарындаштар,
І Ұйымдастыру кезең.
Психолог: Саламатсыңдар ма балалар! Мен сендерді тағы да өзімнің сабағыма келгендеріңе өте қуаныштымын. Келіңдер барлығымыз ортаға шеңбер болып тұрамыз,
жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айтайық: Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік:
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Бәрекелді, балалар!
Ал енді әр түрлі әдістермен амандасайық, иығымызбен, аяғымызбен,басымызбен.
Жарайсыңдар балалар, көңілімізді көтеріп алдық.
Психолог:
-Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме? Онда ертегілер еліне барайық.
Ертегілер еліне барар жолымыз ұзақ, жаяу барсақ шаршап қалармыз, бәріміз поезд болып әндетіп барайық. Орнымызға отырайық.
Тыныштық сәті: (әуен ойналады) В.А.Моцарт «Ближе
к мечте»
Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы ертегілер
әлеміне аттанамыз. Айналаның бары тып тыныш, сен ертегілер еліне
келдің . Ертегілер елі өте ғажап екен. Зәулім биік алтынмен
қапталған сарайлар, айнала тола әдемі түрлі- түсті гүлдерге, жап
жасыл ағаштарға, айнала тып тыныш, керемет. Сен сол жердің таза
ауасымен терең тыныс аласың, демді шығарасың.Тағы тыныс аласың,
демді шығарамыз.Демді сыртқа шығарғанда бойыңдағы барлық қобалжу,
қорқыныш, мазасыздану кетіп сен өзіңді еркін сезінесің. Ол жерде
сен жақсы көретін ертегі кейіпкерлерің жүр. Солармен бірге сенде
ертегі елінде жүрсің.Ол қандай ертегі көзіңе елестетші? Ал енді
терең тыныс алып көзімізді ашамыз. Біз ертегілер еліндеміз.
Қандай ертегіні елестетің? Кейіпкерлерді аташы? Қай кейіпкер ол жерде жақсы? Неге?
Ертегілер еліне де келіп жеттік.
Кенеттен боялмаған Әтеш пайда болады. Ол көңілсіз екен, мұңайып тұр.
Психолог:
-Мынау кім?
-Әтеш
-Балалар әтештен сұраңдаршы неге ол көңілсіз? Кім оны өкпелетті, ренжіткенін білейік.
-Саламатсызба Әтеш сізге не болған? Неге көңілсізсіз, сізді кім ренжітті?
Әтеш: -Сәлематсыңдарма балалар,
Балалар бірінші мынау мен түралы ертегіні көріп, мен туралы әңгімені тыңдасаңдар, барлығы түсінікті болады, сұрақтарыңның жауабы сол жерден табасыңдар.
(Балалар презентация көреді)
Әтеш және бояулар ертегісі.
Мені бір суретші Болат деген бала салды,содан ол мені бояуды ұмытып кетіпті. Содан мен аулаға серуендеуге шықсам, барлығы маған күле бастады. Кішкентай балапандар да күлді. Содан алдымнан бір күшік шығып, ол таңырқап маған қарап тұр екен. Мен ол күшіктен сұрадым. Күшік неге таңырқап қарап тұрсың? Күшік ой сен неге аулада боялмаған түріңмен жүрсің ? Мен күшікке сенбей аулада жатқан көлшікке барып суға қарасам, расында мен боялмаған екем. Бәрі түсінікті болды, барлығы не үшін күлгендері. Содан мен көңілсіз отыр едім қасыма күшік келді.
Енді мен нестеймен, аулада қалай жүремін?- дедім мен күшікке
-Әтеш сен қорық па, сас па, сен балаларға бар, көмек сұра оларда бояулар көп солар саған көмектеседі- деді күшік.Мен сөйтіп балалар сендерге көмек сұрап келдім, менің бірақ арманым бар, мені әдемі етіп бояп беріңдерші?
-Балалар сендер Әтештің хикаясын көрдіңдер, әтешке қандай көмек керек екенін айтыңдаршы?
-Дұрыс айтасыңдар!
-Балалар біз сиқырлы ертегілер әлемінде емеспіз ба? -Әтешке көмектесеміз ба?
-Әрине, көмектесеміз. Біз бояуларға айналыуымыз керек, ал ол үшін басымызға әр түсті бояудың иегерін білдіретін, бояу бас киімін киіп алайық. Ал енді боясақ бояйық, менің сиқырлы алтын қорабым бар, сол қорапта бояулар бар, қазір бояуларды алып әтешті бояймыз.Әтештің арманын орындаймыз. Ал міне қорапты ашайын?
-Ой балалар қорап ашылмайды, енді нестейміз. Қорапты сиқыршы сиқырлап тастапты. Қараңдар қораптың астында бір «Сөз жұмбақ» жатыр, осы жұмбақты шешсек қорап ашылатын шығар.
Жаттығу-Жұмбақ сөз
1
4
3
2
5
6
Шешуі
Жауабы: Сандық тап
Психолог: Балалар сендер сандық көріп тұрсыңдар ма? Кәне қайда сандық?,Айналамызды іздеп көрейікші. Міне алтын сандық, ал сандықты алып оны ашып көрейік.
Мыналар нелер, қандай заттар?
-Хат бар екен, суреттер.
- Ал алдымен хатты оқыйық, жауабы осында шығар.
Хат.
Балалар мынау берілген тапсырмаларды, дұрыс орындасаңдар қораптың сиқыры кетіп қорап ашылады, сонда ғана Әтешке көмектесе аласыңдар.
Психолог: Балалар орындаймыз ба ?
Әр тапсырмаға реттік сандар қойылған екен, ал ендеше ретімен орындайық сонда ғана қораптың сиқыры жойылады екен ал іске сәт, бастайық.
«Суретті ретімен қой»
Мынау тапсырмада суретті ретімен қойып,қандай ертегі екенін тауып, суретке қарап ертегіні айтып беріңдер.
- Бұл қай ертегі?
-«Бауырсақ» -ертегісі
-Иә, дұрыс ал енді бауырсақ ертегісін айтып берейік.
Жарайсыңдар тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
Ал енді дем алып алайық
Сергіту сәті:
Әтеш ерте оянды
Жан жағына қарады
Шынықтырып денесін
Қанаттарын қағады
Ал енді орнымызға отрып, келесі тапсырмаға көшейік.
Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар енді біздің қорабымыз ашылды, ішінен бояуларды алып әтешті бояйық. Ол үшін әр- түрлі бояуларды мен сендерге бөліп беремін Жандосқа қызыл бояуды берем, Алтынайға сары, Ғалымжанға жасыл, Данаға көк бояуларды берем, ал енді әтешті бояймыз.
Жандос айдарымен, сақалын бояйды, Ғалымжан қауырсындарын, қанатының астыңғы жағын бояйды, Дана қанаттарының үстінгі жағын бояйды, Алтынай денесін, аяғын бояйды.
Ал ендітапсырма түсінікті болса, Жандос әтешті бояуды бастайды.
Ал балалар жарайсыңдар біз әтешке көмектестік міне біздің боялған әтешіміз қандай әдемі, енді ол аулада ұялмай серуендей алады.5
Әтеш : -Балалар сендерге рахмет, маған көмектесу үшін сендер көп тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысып, күш салдыңдар, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар мен сендерге шексіз ризамын. «Балалар сендер өте ақылды, мейрімді, жақсы екенсіңдер, сендермен қимастықпен қоштасамын, ертегілер әлеміне қонаққа келіп тұрыңдар». Ал енді мен өз аулама барып өзімнің сұлулығымды көрсетейін, сендерге көп-көп рахмет, сау болыңдар.
Психолог:
-Балалар біздің қайтар жолымыз өте ұзақ, сондықтан паровоз болып әндетіп қайтайық.
Балалар сендер қайда бардыңдар?
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Ертегілер елінде сендерді кім қарсы алды, тағы нелерді кездестірдіңдер?
Балалар сендерге көп-көп рахмет.
Күтілетін нәтиже: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту;
Бала игеру керек: Балалар көптеген ертегілерді біледі және кейіпкерлерін ажырата алады;
Бала жасай білу керек: Балалар өздеріне жүктелген тапсырмаларды дұрыс ,әрі тиянақты орындай алады;