7


Тесты по психологии 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Біз бақытты өмірді таңдаймыз»

Мақсаты: Өзін - өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл - күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

І. «Танысу» жаттығуы

Жаттығу барысы:

Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін атай отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.



ІІ. Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, Өміршеңдік ережелерін айтайық.

1. Жігер деген - Мен

2. Күш деген - Мен

3. Махаббат деген - Мен

4. Кешірім деген - Мен

5. Құдірет деген - Мен

6. Жасөспірім деген - Мен

7. Жастық шақ деген - Мен

8. Денсаулық деген - Мен

9. Адалдық деген - Мен

10. Жарқындылық деген - Мен

11. Бар ғажайып деген - Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты, Бәрі менің қолымда.



ІІІ. Тест «6 тұлғалық факторды анықтау»

1 - ші, 2 - ші, 3 - ші, 4 - ші, 5 - ші шаршыға өзіңнің қалаған суретіңді сал.

Ал 6 - шы шаршыға пілдің суретін сал.



Қорытынды:

1) Адамның қызығушылығын анықтайтын фактор:

- егер кіші шаршының ішіне сурет салса, қызығушылығы өзіне бағытталған.

- егер үлкен шаршыға салса, қызығушылығы адамдарға бағытталған.

2) Адамдармен қарым - қатынасын анықтайтын фактор:

- егер шаршының ішіндегі екі сызық қосылса, онда ашық қарым - қатынаста бола алады.

- егер екі сызық қосылмай сырт қалса, тұйық қатынаста.

3) Бейімделушілігін анықтайтын фактор:

- егер суреттің жиегі доға түрінде салынса, онда тез бейімделеді.

- егер суреттің жиегі бұрыш немесе түзу сызық түрінде салынса, онда бейімделе алмайды.

4) Мақсат көздеушілігін анықтайтын фактор:

- егер нүкте суретке қатысты болса, онда мақсат көздей алмайды.

- егер нүкте суреттен тыс қалса, онда мақсат көздей алады.

5) Адамның энергиясын анықтайтын фактор:

- шаршыға екі сызық қосылса, энергиясы жоғары.

- егер екі сызық қосылса, энергиясы төмен.

6) Лидерлік қабілетін анықтайтын фактор.

- егер сурет кіші шаршының ішіне салынса, онда лидерлікке ұмтылмайды.

- егер сурет үлкен шаршыға салынса, онда лидерлікке ұмтылады.



ІV. Миға шабуыл әдісі "Қазіргі заманғы бақытты жасөспірім"

Ватман қағазға екі топқа бөлініп, балалар қазіргі заманның бақытты жасөспірімі қандай болу керек екенін суреттеп салыңдар. Суреттерін балалар соңында қорғап, түсіндіріп беру керек.

Мысалы: дені сау, білімді, жан - жақты, отбасында өмір сүреді, т. б.



V. Жаттығу "Сөйлемді аяқта"

• Біз бақыттымыз, өйткені........

• Біз татумыз, өйткені............

• Біз бір - бірімізге сенеміз, өйткені........

• Біз қуаныштымыз, өйткені.........

• Біз қайрымдымыз, өйткені.........

• Біз әрқашан көмекке дайынбыз, өйткені.......

• Біз болашақта...........

• Біз үнемі бақытты болуға күресеміз, өйткені.........

Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңыз?



VI. Жаттығу «Жылы тілек сыйлау»

Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады.



VII.«Тілек шамы» жаттығуы.

Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңіз - бен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал