7


  • Учителю
  • Психологиялық кеңес 'ҰБТ сеніммен барайық' (11 сынып)

Психологиялық кеңес 'ҰБТ сеніммен барайық' (11 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге сеніммен барайық!

1. Сәлемдесу

2. Топқа бөліну. Қалпақтан әр оқушы бір қағаздан алады, ол қағаздар бойынша оқушылар көкөністер мен жеміс-жидектер болып екі топқа бөлінеді.

3. Танысу (5 минут)

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Әр оқушы өзі алған көкөніс немесе жеміс-жидекке өзінің есімін байланыстырып айтады.

4. «Қорқыныштың суретін сал» жаттығуы (10минут)

Мақсаты: Жағымсызды жағымдыға айналдыру дағдысын игерту.

Қажетті құралдар: түрлі-түсті қарындаш, фломастер, ватман.

Нұсқау: қатысушыларға бойдағы қорқыныштың суретін салу ұсынылады. Суретті салып болған соң, суретті жағымды суретке айналдыру ұсынылады.

Сұрақтар:

> Суретте не бейнеленген? Ол туралы толық айтып беру.

> Сурет салу кезінде қандай сезімде болдыңыз?

> Жағымды суретке айналдырғанда қандай сезімде болдыңыз?

5. «Мырза жігіт» жаттығуы (5 минут)

Мақсаты: Эмоцияны басқара білу дағдысын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: лимон (ер бала санына қарай), бір конверт.

Нұсқау: Ер балаларға лимон таратылады. Лимонды қабығымен түрін өзгертпей жеу қажет. Қыздар бұл уақытта бір-бір ақ тілегін конвертке жазады.

Талдау:

* Тапсырманы орындауда қандай қиындық болды?

* Эмоцияны ұстай білудің адамға қаншалықты керегі бар?

Көрермен қыздар ер балалардың ішіндегі өз эмоциясын басқара алған жігітті таңдайды. Ізгі тілек жазылған конвертті ұсынады.

6. «Әріп таңдау» жаттығуы (5минут)

«Көкөністер» тобына «С» әріпінен басталатын ҰБТ-ға дайындық барысында ата-аналарың қолданатын мақтау сөздерін жазыңыздар.

«Жеміс-жидектер» тобына «Б» әріпінен басталатын ҰБТ-ға дайындық барысында ата-аналарыңның ренжу сөздерін жазыңыздар.

7. Қортындылау.

* Мінеки, қараңыздаршы ата-аналарың сіздерге ауыр сөздерден қарағанда, мақтау, мадақтау сөздерін көптеп қолданады. Бұдан қандай шешім шығаруға болады? Әрине, ата-аналарыңыз сіздерге үлкен сенім артып отыр. Сол сенімді ақтайық!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал