- Учителю
- Мәңгілік адамгершілік құндылық өзін-өзі тану
Мәңгілік адамгершілік құндылық өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік адамгершілік құндылық
Мақсаты: Адам өмірінің сипаты мен өмірден өзіндік орнын табу, өмірлік бағдарын айқындай алу. «Адамгершілік» құндылығының мәнін ұғыну.
Міндеттері:
-жақсылық жасау, оны қолдау адамдық міндет екенін сезіну;
-ортамен жақсы қарым-қатынас жасай білу;
-ізгілікті, мейірімді, қайырымды болу;
Нәтижесі:
Адами құндылықтарды түсінді, ортамен жақсы қарым-қатынас орната біледі, қайырымды, мейірімді, ізетті болу керек екенін ұғынды.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: жаңа әдіс-тәсілдер, ойын, сыни тұрғыдан ойлау.
Барысы:
-
Ұйымдастыру (оқушылармен танысу, психологиялық көңіл-күй орнату, сәттілік тілеу)
-
Бейнекөрініс (екі оқушының іс-әрекетін талқылау)
- Екі оқушының іс-әрекетін қалай бағалайсыңдар? (оқушы жауабы)
Мұғалім:
Адам бойынан табылатын осындай қасиеттерге анықтама беріп кетейін.
Құндылық - объектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық - социологиялық ұғым.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш философиялық анықтаманы Герман Лотце мен Герман Коген берді. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет - ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды.
Біз бүгінгі сабағымызда осы құндылықтардың жағымды жақтарына тоқталамыз. Барлық адамда адамгершілік құндылықтар болады. Бірақ, оны әркім әрқалай қолданады.
-Сендер өз бойыңыздағы құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді өмірде қалай қолданасыңдар? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
«Ғажайып дүкен» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дамыту.
- Сендер ғажайыпқа сенесіңдер ме? Олай болса, өзіміз бір ғажайып әлемге саяхат жасайық. Мен сол ғажайып әлемде бір ғажайып дүкен аштым. Бұл дүкеннің ерекшелігі адам бойындағы құндылықтар сатылады. Бұл құндылықтар маңыздылығы бойынша бағаланған. Осы тізімге қарап отырып, керек құндылықты сатып алыңыздар. Мүмкін өзіңізге, тобыңызға, сыныбыңызға, отбасыңызға керек құндылық бар шығар.
Әзілді түсіну-1000т Адамгершілік-2000т
Қайырымдылық-2000т Сүйіспеншілік-2000т
Тілектестік-1000т Достық-1000т
Жақсылық ойлау-1000т Махаббат-2000т
Білімқұмарлық-2000т Батылдық-2000т
Шынайылық-1000т Абырой-2000т
Шыншылдық-1000т Қанағат-2000т
Әділдік-2000т Арды сақтау-2000т
Отбасы әдебі-1000т Татулық-1000т
Ынтымақ-1000т
(Сатылатын әрбір құндылық гауһартас пішінінде беріледі. Оқушылар сатып алған құндылықтарын не үшін керек екендігін түсіндіреді.)
-Осы сатып алынған баға жетпес құндылықтарыңызды игіліктеріңізге жаратыңыздар. Менің түсінігім бойынша адамгершілік құндылықтардың ең маңыздысы. Осы құндылық бойыңызда болса, басқа да барлық жақсы қасиеттер бойыңыздан табылады.
«Айна» жаттығуы.
Мұғалім:
- Біздер ғажайып әлемге саяхат жасадық. Енді сіздерге мен ерекше бір қобдиша алып келдім. Осы қобдишаның ішінде бір нәрсе бар. Қазір сіздер осы қобдишаны ашып жеке-жеке қарап шығасыздар. Көрген нәрсеңізді құпия сақтайсыздар.
- Қобдишадан нені көрдіңіздер? (оқушы жауаптары)
Міне, балалар, адам жақсы болу үшін өзінен бастауы керек. Адам бойындағы жақсы құндылықтарды жақсылық жасау арқылы, жақсы игі істер, жағымды іс - әрекеттер жасау арқылы дамыта аламыз.
Кері байланыс:
-
Бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдыңыздар?
-
Сабақ ұнады ма?
Ендеше, осы сабақтан алған әсеріңізді алдарыңызда жатқан смайликтер арқылы көрсетіңіздер. (Смайликтер бойынша мұғалімнің қорытынды сөзі)
Олай болса, Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» дегендей, болашақ өмірлеріңде осы сабақ барысында айтылған мәңгілік адамгершілік құндылықтарды дұрыс пайдаланып, жақсы азамат болып өсулеріңе тілектеспін.
Осы сабағымызды жақсы көңіл күймен аяқтау үшін «Адамгершілік» әнін бірге орындайық.
Адамгершілік
(Ғаділбек Жанай «Ханшайымым» әнінің әуенімен)
Жаныма салып жиі байқамай мұң,
Ізгі істі мен кейде байқамаймын
</<font face="Times New Roman, serif">Қамқорлық, ізгілік,
Кішіпейілдік деп көп қайталаймын.
Соқтырса да қатал күндер ызғарын
Өзіңе сенуді мүлде бұзбадым
Көңілім жадырап
Өзіңнен нәр алып көктейді жаным.
Қайырмасы:
Адамгершілік
Көңілім менен өмірімнің киесі
Құндылықтар мен ақиқаттың иесі
Адам жанына өмір мәнін түйесің.
Адамгершілік
Бағымды менің жалғыз өзің еселер
Адамдар арасында ғұмыр кеше бер
Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде
Күш бере көр.