7


  • Учителю
  • Мектеп алды даярлық тобының ата-аналарына ұсыныс

Мектеп алды даярлық тобының ата-аналарына ұсыныс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Болашақ мектеп алды даярлық тобы балаларының ата - аналарына арналған психологиялық ұсыныстар



Мектептегі оқуға деген дайындықтың психологиялық сипаттамасы



Балалардың мектептегі оқуға психологиялық дайындықтары тек қана танымдық процесстерінің (қабылдау, зейін, қиял, ес, ойлау және сөйлеу) дамығандығымен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар олардың тұлғалық ерекшеліктері (қызығушылықтары, мотивтері, қабілеттері, баланың мінез қырлары және әр түрлі әрекеттерді орындаумен байланысты қасиеттері). Бала мектепке келгенде оның өзін-өзі бақылауы, еңбектенуге деген икемі мен дағдылары, адамдармен қарым-қатынас жасай алу қабілеті жеткілікті түрде даму керек. Бала мектептегі оқуға дайын болу үшін жоғарыда аталып кеткен сипаттамалардың әрбіреуі жеткілікті түрде дамуы қажет. Яғни бұл қалай?

Мектепке келетін баланың зейіні ырықты болуы керек және ол қажетті көлемімен, тұрақтылығымен, шоғырлануымен және аударылуымен сипатталу керек.

Мектептің бастапқы сатысы балалардың есіне жоғары талаптар қояды. Бала мектеп бағдарламасын жақсы игеруі үшін оның есі ырықты болу керек. Бала мұғалім беретін материалды есте сақтаудың және оны қайта жаңғыртудың түрлі әдістерін қолдануы тиіс.

Мектепке келген кезде баланың қиялымен байланысты проблемелар көбінесе болмайды. Әдетте балалардың барлығында да қиялдары өте жақсы дамыған болып келеді.

Баланың қиялы мне есінен де маңызды болып келетін - бұл ойлау қабілеті. Бала мектепке келген кезде оның ойлауының 3 түрлі формасы дамуы қажет: көру-әрекетті, көру-образды және сөздік-логикалық.

Сонымен қатар мектепке келген кезде баланың қабылдауы мен сөздік дайындығы дамуы қажет.

Танымдық процесстермен қатар баланың тұлғалық дайындығы да өте маңызды болып келеді. Баланың тұлғалық дайындығын қарастыра отырып, оның оқуға, білім алуға деген қызығушылығын,бізді қоршаған орта жайлы жаңа ақпарат алуға деген икемі мен дағдыларын есепке аламыз.

Баланың оқуға деген мотивациялық дайындығы дегенде, біз оның жетістікке жетуге деген қажеттіліктері, өзін-өзі бағалауы жайында айтамыз. Баланың жетістікке жету мотивациясы сәтсіздіктерден қорқудан басым болып тұру керек. Өзін-өзі бағалау деңгейлері адекватты (орташа) болуы тиіс.

Баланың қабілеттері мектепке келген уақытта барлығы қалыптасып қою міндет емес, өйткені қабілеттері оқу процесінде ары қарай белсенді дами түседі. Балада мектепке дейін кезеңде қажетті қабілеттердің дамуына түрткі болатын нышан қалыптасуы керек. Балада қимыл-әрекетті қабілеттер қалыптасуы қажет. Бұл қабілеттер баланың шығармашылық іс - әрекетінің индивидуалды түрлерінде көрініс табады. Бұл дегеніміз - конструирование, сурет салу, лепка, қандай да бір бұйымдарды жасау. Осы қабілеттен басқа балада тағы да бір маңызды қаілет дамуы тиіс - бұл еңбектену қабілеті. Осы қабілетсіз ешқандай да икем де, дағды да дамымайды.

Одан басқа баланың оқудағы сәттіліктері үшін оның коммуникативті мінез қырлары маңызды болып келеді. Атап айтқанда қарым-қатынасқа түсу қабілеті немесе үйірлігі, ақ көңілдігі (отзывчивость), жайдары мінезді (покладистый). Ерікті мінез қырлары: табандылық, мақсаттылығы және т.с.с.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал