7


  • Учителю
  • 'Жас маманға арналған тренинг'

'Жас маманға арналған тренинг'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін өзі ашу тренингі

(жас мамандарға арналған)

Тренинг мақсаты:

- тренингтік топтың жұмыс жүргізуіне қолайлы жағдай жасау;

- тілектестік атмосферасын қалыптастыру;

- тренингке қатысушыларды жас мамандармен таныстыру;

- қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, өзара тиімді әрекеттестікке кедергі келтіретін ішкібарьерлерді, ширығуларды жою;

- жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу;

- жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;

- қатысушыларды тренингтік топтардың негізгі жұмыс принциптерімен таныстыру.

Тренинг бағдарламасы

1. Жүргізушінің тренингке қатысушылар мен топтарды бір-бірімен таныстыруы.

2. Сабақ бағдарламасы тақыланады, іс-әрекет ережелері белгіленеді.

3. Іс-әрекет ережелерін қатысушылар өздері белгілеуіне немесе жүргізуші ұсынған нұсқаны пайдалануына болады.

4. Практикалық бөлім.

5. Соңғы бөлім, Тренингтің қорытындысын шығару.

Тренинг барысы

- Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар! Бұл біздің осы тоқсанда өтіп отырған өзін өзі ашу жөніндегі бірінші тренингіміз. Біздің кездесулеріміз ендігі жерде тұрақты болады деп сенемін! Біздің топ колледждің жас мамандары, өздерінің баулушы тәлімгерлерімен, алдағы кезде бірге қызмет ететін мұғалімдермен таныстыру мақсатында құрылып отыр. Бүгін біз бір-бірімізбен жақынырақ танысатын боламыз. Ішкі барьерлерді алып тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң зарядтар алуға тырысамыз.

Біздің сіздерге ұсынатын бірінші жаттығуымыз - бой сергіту. Ол бізге аздап денені ширатып, күш қосып алуға, сөйтіп жұмысқа жаңа жігермен кірісуге көмектеседі. Бір-бірімізді жақсырақ білу үшін оған жағдай жасау керек.

Бой сергіту: «Орын алмасамыз»

Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады. Жүргізуші ортаға шығып былай дейді: «Кәнеки, кімде-кімнің...(шашы ұзын болса, көзілдірігі болса)немесе кім...(ұнамағандарды қуып шыға алатын болса, тігін тіге алатын болса деген секілді жұрттың сыртқы белгілері немесе қабілеттері аталады)бір-біріңмен орын ауыстырыңдар». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей кісілердің орындарын ауыстыру. Жүргізушінің мақсаты - кез келген босаған орынға жылдам отыра қою. Кім отырып үлгіре алмаса, енді сол жүргізуші болады.

- Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар. Сабақты одан ары жалғастыру үшін топта жұмыс жүргізу ережесін келісіп алуымыз керек(ережені алдынала тақтаға жазып қоюға немесе оны топпен ақылдаса отырып жасап, ватман қағазға түсіргеннен кейін, көрнекті орынга іліп қоюға болады).

Ереженің үлгі тізімі(жүргізуші ереже тармақтарының әрқайсысын жеке-жеке түсіндіреді).

1. Қарым-қатынастағы бір-біріне деген сенім(қарым-қатынас жасау стилінің бірыңғай формасы, бұл орайда дүрысы «сен» деп сөйлесу.)

2. «Осы жердегі» және «қазіргі» принципі бойынша қарым-қатынасжасау(қатысушыларды man қазір толғандырып отырғанжайлар туралы айтамыз, олардың топтағы іс-әрекеттерін талқылаймыз).

3. Қарым-қатынастағы адалдық(не сезгенімізді және тек шындықты ғана айтамыз).

4. Топтағы жәйттердің құпиялылығы(сабақ уақыты кезінде өткен жәйттердің бәрі топтың өз арасынан сыртқа шықпайды)

5. Тұлғалардың күшті тұстарын, мықты қабілеттерін анықтау(жаттығулар мен тапсыр- маларды талқылау кезінде қатысушылар міндетті түрде сөйлеушінің оңды қасиеттеріне ерекше көңіл аударып отырулары тиіс).

6. Жаттығуларға өз еркіне қарай қатысу(ТОҚТА ережесі, осы сөздіайтып кез келген сәтте жаттығудан шығуға болады).

Барлық ереже келісілді, енді танысуға кезек келді!

Таныстық

Қатысушылар екі-екіден бөлінеді. Сонан соң бұл жұптар жан-жаққа тарасады. Оларға 3-5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде жуптар бір-біріне өзі туралы, соның ішінде ең маңызды дегендерін айтады. Әркім өз тұлғалық қасиеттерін, соның ішінде оңды тұстарын алдыңғы орынға шығарғаны дұрыс. Жуптардың міндеті бір-бірін тыңцап, кейін әркім өз жубын топқа таныстыру. Қатысушылар оларға нақтылайтын сұрақтар беруі мүмкін.

Рахмет,(бір-бірін арқадан қағып қоюға болады),міне біз таныс болдық, бір-бірімізге қарай алғашқы қадамдарымызды жасадық.

«Кәсіптік герб» жаттығуы

- Біз бәріміз де педагогтармыз. Мен сіздерге өз жеке кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипатын, формасын, қандай болуы керек екендігін әркім әр түрлі пайымдайды. Мен бәріңізге бір-бір ватман парағын, түрлі түсті қарындаштар үлестіремін. Сіздер соған кәсіптік герб контурын бейнелеп алып, сосын оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырасыздар. Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек:

- қатысушы өзінің кәсіби қызметінде неғұрлым маңызды деп есептейтін жетістік немесе оқиға;

- сізді бақытты етуге оқушыларыңыз пайдалана аларлықтай нәрселер немесе білім аясы;

- сіздің педагогикалық қызметте көмектесетін немесе көмектесе алатын жеке тұлғалық қасиеттеріңіз.

Бұл жаттығуды орындаудың басты шарты: қатысушылар сөзбен емес, сурет салу арқылы көрінеді. Гербтер салынып болғаннан кейін, олар тақтаға ілінеді. Нәтижесінде қатысушылардың өмірлік кәсіби позициялары туралы езіндік бір ерекше галерея пайда болады.

Талқылау

Қатысушылар барлық гербтерді қарай отырып, мынадай сұрақтарға жауап береді:

- Гербтегі бейнелер оның иесі туралы не айта алады?

- Суреттер неге осыншама әр келкі болып шыққан?

- Қай гербтегі қандай бейнелерді өзгертіп, тузетер едіңіз, неге?

- Ең жақсысы қайсысы және ол несімен жақсы?

Қорытынды жасау кезінде жаттығуды орындауға ненің қиындық тудырғанын және ненің көмектескенін бірлесіп айқындаган жөн.

- Бәріңізге де атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтамын!

- Сіздер, шамасы, ептеп шаршаған шығарсыздар. Олай болса, бой сергіту жаттығуын жасайық.

Бой сергіту: «Молекулалар»

Топ бөлме ішінде бей-берекет хаосты түрде қозғалады. Жүргізуші «Қанеки, 3-5 адамнан бірнеше топқа бөлінейік» деп хабарлайды. Жұрт тез арада айтылған мөлшермен жинақталып, бірнеше топ құрайды.

- Сонымен, одан әрі жалғастырамыз ба?

«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы

- Енді жұп-жұпқа бөлініңіздер. Алғашқы жұптың біреуі «Мені жақсы көрмейді, себебі...» деп әңгіме бастайды. Екіншісі тыңдап болып: «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» деп жалғастырады. Сонан соң бір-бірімен рөл алмасады.

Қатысушылар әрекетке орай жауап әрекет етудің қандай жағдайда да серіктес беделін түсірмейтіндей тәсілін қолдануға мүмкіндік жасау керек.

Талқылау

- Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап әрекет жасай алдыңыз ба?

- Жауап әрекет жасау қиын болған жоқ па, болса не нәрсеге байланысты еді?

- Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?

Жаттығу «Аталған мөлшерде кісі қатарының алға шығуы»

- Мұғалімдер ұжымы - үлкен бір команда. Бәрінің қызметі бір-біріне тәуелді. Сондықтан ұжымның бірін-бірі сезіне қимылдауы маңызды нәрсе. Қазір біз өткізетін жаттығу командада бірлесіп әрекет ете білу қажеттігін көрсетеді. Бәріңіз сап түзеп тұрыңыздар. Мен жүргізуші ретінде командадағы адам санынан аспайтын мөлшерде бір санды айтамын. Сонда саптан бірден сонша адам ырғып шығуы керек. Кеңесуге тыйым салынады! Жаттығу нәтижеге қол жеткізгенше қайталана береді. Әр ретте әрқандай сан аталады(бір-бірін тіл қатпай-ақ түсіну сезімі пайда болады).

Талқылау

- Сізге қиын болған жоқ па?

- Бұл жаттығудан қандай әсер алдыңыз, қандай сезімдер пайда болды?

- Қанеки,бір-бірімізді арқадан қағып қояйық! Жарайсыңдар!

- Біздің тренингіміз аяқталуға жақындап келеді. Енді сіздерге қорытынды жаттығу - психодраманы ұсынамыз! Бұл жаттығу творчестволық қабілетіміз қаншалықты деңгейде дамығандығын керсететін болады. Мен мәтінді(кез келген мәтін болуы мүмкін, мәселен, мысал, өлең, қандай да бір шығармадан үзінді)оқимын, ал сіздер жай ғана сол оқыған нәрсені ойнап көрсетесіздер. Қазіргі оқылатын шығарманың аты «Айна мен Маймыл». Крыловтың мысалынан алынған. Ахмет Байтұрсынов аудармасы. Үзінді. Алдымен басты кейіпкерлерді белгілеп алу керек. Бұлар: Мәтін оқушы, Маймыл, Маймылдың айнадағы бейнесі және т. б.

Тілек білдірушілер аудитория ортасына шығып, белгіленген рөлдерге сәйкес өз образдарын жасасын(кейілкерлердің мәтінге сәйкес әрекеттеріне байланысты костюм элементтерін алдынала даярлап қою қажет; олар әр түрлі орамалдар, гүлдер және т. б. болуы мүмкін). Сонымен, рөлдер бөлініп берілді, актерлер ойынға әзір, ал онда бастаймыз!

Айнаның қарсы алдына Маймыл барып

Айнада өз суретін көре салып,

Аюға жанындағы күліл айтты,

Ақырын аяғымен түртіп қалып:

«Бері қара!

Бұкім өзі мынау перің?

Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?

Он екі мүшесінің бірі оңды емес,

Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.

Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,

Ішіме пышақ салып өлер едім.

Ол рас бесеу-алтау бар екені

Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім».

«Маймылжан, біраз гана етсең төзім,

Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:

Әуре бол бөлелерің санағанша,

Абайлап қарашы әуел өзіңе өзің!»

Аюдың бір ақылы айтқан досқа,

Бір журіп, бірге түрған көңіл қосқа,

«Алды жөн адасқанның» деген сөз ғой,

Тыңдаусыз, құр дал ада қалды босқа.

Талқылау

- Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

- Не нәрсені ойнау жеңіл, не нәрсе ауыр болды?

- Біздің актерлеріміз тапсырманы орындап шыға алды ма?

(Қажет болған жағдайда жаттығуды қайталауға болады, бірақ мүмкін болса, өзге мәтінмен өзге қатысушылар ойнағаны дұрыс).

Қанеки, актерлерімізге қол соғып қояйық! Рахмет!

Қорытынды.

Жаттығу «Кездескенше»(Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады).

- Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-біріңізге бере отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғандығы жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.

- Тренинг аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі сабақта алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал