7


  • Учителю
  • «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет».

«Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет».

(өзін -өзі тану 2 сынып)

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту,

- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар:дәптер, оқулық, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.

Балалардың амандасуы.

- Рахмет! Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.

Ендеше , қазір біз, балалар бүгінгі күніміздің шапағын ұстап тұрып бір - бірімізге жақсы тілектерімізді тілейік.

Аспанымыз ашық болсын!

Өміріміз күлкіге толсын!

Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!

Әр күніміз жарық болсын!

Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Жанұяларыңыз берекеге толсын!

Көк туымыз биікте желбіресін!

Бір - бірімізге мейірімді болайық!

Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!

Рахмет. Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сабақ тақырыбын хабарлап, дәптерлеріне жаздыру.

Әңгімелесу

• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?

• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?

Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас

жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс

Әңгімені оқып, талдау арқылы адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру.

Үш дос М.Төрежанов

• Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

• Бір - бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»

Тақтаға алма ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар

ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған алмалар таратылып беріледі.Алмалардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.

Оқушылар алмадағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.

Алмадағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет,

отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.

Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау

- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.

Рахмет!Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын.Енді, оқулығымызда берілген жаңа ақпаратпен танысайық.

Жаңа ақпарат

Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.

Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.

Жаңа ақпаратты дәптерлеріне жаздыру.

Сахналау. (оқушылар мәтінді өз беттерінші саханалайды)

Автобус ішіне аялдамадан әжей кірді.Орындықта отырған самат орнынан тұрып әжейге орын берді. Ал Асхат болса әжейді көрмеген кісідей отыра берді.

  • Балалар қай бала дұрыс жасады?

Айгүл қуыршақ ойнап отыр еді. Мұрат келіп оның қуыршағын тартып алды, ал Мәлік болса Мұраттың дұрыс істемегенін айтып, қуыршақты кешірім сұрап өзіне қайтаруын талап етті. Мқрат Мәліктің айтқан талабын орындады.

  • Мәлік қандай бала?

  • Мұрат дұрыс жасады ма?

Сергіту сәті.

Тапсырма

Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау

үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.

1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»

Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.

2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»

Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.

Жариялау.

Жүректен - жүрекке

Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын

бірге айтамыз.

Құрметтеп ата - анамды,

Ардақтап әпке, ағамды,

Қамқор боп сіңлі - ініме,

Сыйлымын үлкен - кішіге

Бәрін де жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау - кішілік,

Үлгілі мінез - кісілік.

Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.



































Қараторғай орта мектебі.



Тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» (өзін -өзі тану 2 сынып)



Өткізген:Әбжан Бақыт Тоқайқызы

2015-2016 оқу жылы.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал