- Учителю
- Методическая помощь психологом 'Мектептегі оқуға дайындық' (1 класс)
Методическая помощь психологом 'Мектептегі оқуға дайындық' (1 класс)
Ниязова Дамира Қауашқызы-
Жылыбұлақ негізгі мектебінің психологы
Шарбақты ауданы,Павлодар облысы
Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығы
Бастауыш мектеп жасы - баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрi дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдердiң бiрi.
Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшелiктерi олардың айналадағы өмiрiне: адамдарға,оқиғаларға, фактiлерге қызығушылық танытуы болып табылады.
Бiрiншi сынып оқушысы оқи бiледi, көңiл-күйге ортақтасып, аяушылық сезiмiн бiлдiре алады, мiнез-құлық пен әдеп ережелерiн тұрмыста, ойын, сабақ үстiнде сақтау керектiгiн түсiнедi. Олар белгiлi дәрежеде өздерiнiң мiнез-құлқын басқара алады, не iстеу, не iстемеу керектiгiн бiледi, үлкендердiң қойған талаптарын орындайды. Олар әр түрлi iс-әрекетке ынталы түрде қатысады, өздерiне таныс, таныс емес жағдайларда да жол тауып отырады. Сонымен бiрге оларға үлкеннiң дәл де нақты нұсқауы, атқарылатын жұмыстың жүйесi мен ретiн (iс-әрекет алгоритмi) бiлу қажет. Оларға өз iсiнiң нәтижесi мен сапасын бағалау, оны басқа үлгiмен салыстыру, iс-әрекет барысында өз бетiнше қателерiн дұрыстап, түзетулер енгiзу қиын соғады.
6-7 жасар балалардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсiнiктерi бар, олар бiлуге құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Ойлау қызметiнiң даму деңгейi мектепте оқу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.Бұл жаста оларға көркем-бейнелi және әсерлi-бейнелi ойлау тән, ойлаудың логикалық нышандарын қалыптастырудың алғы шарттары жасалады.
Балалардың кеңiстiкте көрiп қабылдауы едәуiр жоғары дәрежеде болады.
6 жасар балалардың көру-моторлық үйлестiру мүшелерiн дамыту олардың өз қимылдарын үйлестiре бiлуiне мүмкiндiк бередi: олар штрихтар мен өлшемдердiң пропорцияларын, арақатынастарын сақтай отырып, қарапайым заттарды, цифрлар мен әрiптердi сала алады. Сонымен бiрге осы жастағы балаларға қолдарының ұсақ бұлшық еттерiнiң әлсiздiгi тән. Мектепке баратын балалардың үштен бiрiнiң моторлық функциялары мен көру-моторлық үйлестiру мүшелерi дұрыс қалыптаспаған. Бұл да оқу мен жазуға үйреткенде,әсiресе, жазу қарқынын үдеткенде, қиындықтар туғызуы мүмкiн.
Есту-моторлық үйлестiру мүшелерiн дамыту қарапайым ырғақты суреттi айырып, қайта салуға, музыкаға қосылып, ырғақты қимылдарды орындауға және т.с.с. мүмкiндiк бередi.
Бұл жастағы балалар ерiктi зейiн қоюға қабiлеттi болады, алайда ол әлi онша орнықты емес, сондықтан да көбiнесе оқытуды ұйымдастыру жағдайына және баланың жеке қабiлеттерiне байланысты болады. Мысалы, ол iс-әрекеттiң бiр түрiмен (оқу, жазу, әңгiмелесу, т.б.) 10-12 минуттай ғана үздiксiз шұғылдана алады. Оқытуды ұйымдастырған кезде мұны да ескерген жөн.
Психологтардың оқытуды ерте бастаудың мүмкiндiктерi туралы белгiлi тұжырымдары осы жастағы балалардың заттар мен құбылыстардың ұқсас және әр түрлi белгiлерiн айыра алатын қабiлеттерiне сүйенiп жасалған. Логикалық пайымдаулар заттық-практикалық әрекеттердiң нәтижесiнде, объектiлердi қайта құру процесiнде туындайды. Бұл кезде баланың өзiн-өзi белсендi көрсетуi және оның барлық рухани, дене күшiнiң дамуы жүредi. Баланың осындай барлық психикалық ерекшелiктерi қолайлы факторлардың әсерiмен, дұрыс та мақсатты педагогикалық ықпалдың көмегiмен туындайды және дамиды. Баланың табиғи мүмкiндiктерiн ескерудiң арқасында ғана осы жасқа лайықты оқытудың мазмұны мен әдiстерiн дұрыс анықтауға, оны шаршатпауға, жалықтырмауға, толыққанды және үйлесiмдi дамуын қамтамасыз етуге болады. Бұл жерде баланың жаңа оқушылық рольге қатынасын, оқуға деген ықыласын қалыптастырудың үлкен мәнi бар. Сөйтiп, мұнда интеллектуалдық кемелдiк қана емес, оқу iс-әрекетiне деген рухани ерiк-жiгерлi дайындық, ұжымға араласу, үлкеннiң талаптарын орындау, мiнез-құлық нормаларын меңгеру факторлары да елеулi роль атқарады. Осының бәрi тұлғаның әлеуметтiк белсендiлiгiн бiлдiредi.
Әлеуметтiк даму көбiнесе баланың мектепке әлеуметтiк-психологиялық бейiмделуiнiң дұрыстығын және ұзақтығын айқындайды. Қарым-қатынас дағдыларының дұрыс қалыптаспауы бейiмделудi қиындатуы мүмкiн, егер мұғалiм баланың осы ерекшелiктерiн бiле отырып, оған байсалды, қамқорлықпен қараса, бұл бейiмделуге кедергi болмайды. Оқытудың бiрiншi кезеңiнде (алғашқы жартыжылдықта) ұзартылған күн ұсынылмайды.
Iс-әрекеттi ұйымдастыру деңгейi бала оқуының тиiмдiлiгiн, оның шамасынан келетiн тапсырманы орындау қабiлетiн, оның мұғалiмдi мұқият тыңдау, жаңа бiлiмдердi меңгеру мүмкiндiктерiн, т.с.с. анықтайды. Өзiнiң iс-әрекетiн дұрыс ұйымдастыра алмау 6-7 жасар балаларда жиi кездеседi және ол оқу процесiн айтарлықтай қиындатуы мүмкiн. Егер бала өз iс-әрекетiн ұйымдастырудың барлық компоненттерi дұрыс қалыптаспаса, оның жүйке жүйесiнiң дұрыс дамымауының, бұзылуының (ұйқының бұзылуы, қорқыныштар, сөйлеу қарқынының бұзылуы, т.б.) салдарынан болуы мүмкiн. Сонымен бiрге ауыр және жиi сырқаттанудың әсерiн де жоққа шығаруға болмайды. Бұған отбасының жағдайсыздығы да (iшкiлiкке салыну,отбасындағы кикiлжiңдер, т.с.с.) себеп болуы мүмкiн. Iс-әрекеттiң дұрыс қалыптасуынан жазуға, оқуға, математикаға үйрету кезiнде көптеген қиындықтар кездесуi мүмкiн. Мұндай балаларға қарқынды оқу бағдарламасын ұсынуға, бiрiншi сыныпта қосымша жүктемелер беруге болмайды.
Баланың жалпы дамуы - көп көңiл бөлiнетiн дайындық саласы. Қазiргi балалар (қолайсыз әлеуметтiк жағдайларда өсетiндерiнен басқа) көп көредi, көп естидi,ата-аналары оларға әңгiме, ертегiлер оқып бередi, оларды дамытумен белсендi түрде шұғылданады.
Жалпы дамудың жоғары деңгейi кейде мектеп таңдаудың бiрден-бiр өлшемi болып табылады.Және мұның кейбір жағдайларда,пәндерді тереңдетіп оқытатын «нағыз» мектепті таңдау кезінде проблемалар туғызуы мүмкін.Сондықтан, бала дамуының басқа да жақтарын объективті бағалаудың маңызы зор.
Зейінді және жадыны дамыту - жақсы оқудың қажетті шарты. Зейіннің орнықсыздығы, тежеулiлiгi немесе үнемi алаңдауы, жад көлемiнiң төмендiгi немесе орнықсыздығы, ерікті еске сақтаудағы қиындықтар оқыту процесін нашарлатып жіберуі мүмкін. Алайда, көбінесе баланың оқудағы сәтсіздіктері зейіннің немесе жадтың нашарлығымен емес, оның жағдайымен (денсаулығының нашарлағы, эмоциялық күйзеліс, жабырқаушылық), кейде ата-аналарының шектен тыс қатаң талап қоюымен түсіндіріледі.
Зейіні орнықсыз, жадының көлемі төмен балаларды жазуға, оқуға үйрету, кезінде кешенді қиындықтар туындауы мүмкін. Бұлар, әдетте, бірінші сыныпта емес, екінші сыныпта байқалады. Мұндай балалардың үлгірімінде көптеген кемшіліктер бар, бұл жағдайда көмектің ең жақсысы оқу материалын ұдайы қайталау болып табылады. Қарқынды оқу бағдарламалары мен қосымша оқу жүктемелері баланың жалпы дамуының өте жоғары деңгейінің өзінде оның мүмкіндіктерінен асып кетуі мүмкін, сондықтан оқуды жаңа бастаған оқушының танымдық іс- әрекетінің ерекшеліктеріне сәйкес келетін педагогикалық қолдау, арнайы мектепте оқуға дайындау, дараландыру мәселесі өте маңызды.
Тілді дамыту. Тілді дамытудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізбейінше, білім беруде жақсы жетістікке жету мүмкін емес.Дегенмен, тілдің дұрыс қалыптаспауы жиі кездеседі (бірінші сынып оқушыларының 60 %-ында). Әдетте, бұл дыбысты бұзып айтудың салдарынан, дыбыстық-әріптік талдаудың қиындығынан, сөздік кордың тайыздығынан, сөйлесе білмеудің және сурет бойынша жүйелі әңгіме кұра алмаудың салдарынан болады. Тілдің бұлайша қалыптаспаған жағдайында логопедтің кеңесі (мүмкін, арнаулы жаттығулар) кажет. Мектепке дейін және мектепте оқу кезінде логопедпен жеке жаттығулар өткізу өте тиімді. Ол жазу мен оқуды меңгеру кезіндегі қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Тілі нашар дамыған балаларды жеделдетіп оқытатын және шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын мектептерге берудің қажеті жоқ.
Қимылды дамыту және кеңістікте бағдар ұстау - бала дамуының маңызды көрсеткіші. Балаға үйрететін ( немесе ол өзі үйренетін) қимылдың барлығы дерлік - ерікті қимылдар, ол үйымдастыру жөнінен ең күрделісі болып есептелінеді. 6-7 жасқа келгенде бала қарапайым қозғалыс элементтерін (әсіресе, түрмыстық, өзіне-өзі кызмет көрсететін) меңгеруге тиіс, алайда жаңа қимылдарды қалыптастыру арнайы оқытуды қажет етеді.
Моторлық әрекеттердің қалыптаспауы (ебедейсіздік) - жақсы жазу дағдылары қажет болатын пәндерді игеру кезіндегі бала проблемаларының басты себептерінің бірі. Сондықтан, мектепке дайындық барысын анықтау кезінде «ірі» қимылдарды (жүгіру, секіру, бұрылу, айналу, аунап түсу, т.с.с.) дамытуға ғана емес, баланың ұсақ заттармен жұмыс істеу қабілетіне,қаламды дұрыс ұстай білуіне және карапайым графикалық қимылдарды (тік және көлбеу сызықтарды сызу, шеңбер, квадрат, үшбұрыш салу) орындауына назар аударған жөн. Ұсақ бұлшық еттері дамымаған балаларды жазуға арнайы үйрету кажет.
Көру- кеңістікте қабылдау және көру- моторлық үйлестірулер - мектепте оқыту үшін үлкен мәні бар функциялар. Бұл функциялар жеткілікті дәрежеде калыптаспаса, баланы жақсы оқуға және дұрыс жазуға үйрету мүмкін емес. Бала дамуының бұл ерекшеліктері онша айқын көріне бермеуі де мүмкін.
Дамуында мұндай кемшіліктері бар балаларға жедел оқыту бағдарламасы, шетел тілін ерте бастан ( бірінші сыныптан) оқу ұсынылмайды.
Жеке басты дамыту - әлеуметтік дағдыларды қалыптастырумен қатар, баланың мектепке ойдағыдай психологиялық бейімделуін айқындайды. Дегенмен, баланың жеке басын дамытудың жеткіліксіз қалыптасуы оқытудың психологиялық қолайлы жағдайларымен, педагогтың және ата-аналардың жеке тұлғаға бағдарланған жұмыс тактикасының есебінен өтелуі мүмкін. Мұндай бала үшін мектептен гөрі педагогты дұрыс таңдаудың маңызы зор.
Бала денсаулығы -оқытудың нәтижелілігін айқындайтын басты фактор.
Алты жас - баланың ақыл-ойын дамытудың және әлеуметтік жағынан дайындаудың ең қолайлы (сензитивті) кезеңі. Осы жағдайды дұрыс пайдаланып, іске асырған жөн. Олай болмаған жағдайда, бұл жасқа тиесілі рухани азықсыз, үлкеннің қамқорлығынсыз баланың басқа қасиеттері толық дәрежесінде ашылмауы мүмкін. Жақсы үйымдастырылған, жүйелендірілген оқу мен тәрбие - баланың мақсатты дамуының басты нысаны және шарты. Балалардың 6 жастан оқуының мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы мәселе талқылауды кажет етпейді, ол анық. Бірақ та баланың ақыл - ойы дамуының резервтері мен мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды. Әрбір нақты жасқа байланысты және әрбір нақты жағдайда білім берудің тиісті нысандарын табу керек. Мектеп өмірінің бастапқы, өте жауапты кезеңінде оқыту, ең алдымен, ақыл-ойдың дамуына әсер етуге тиіс. Ал бұл ақыл-ой дамуының қазіргі деңгейіне арқа сүйеп қана қоймай, баланың таяудағы даму аймағын ескеретін білім беруді ерекше ұйымдастыруды талап етеді.
Әдетте, білім беру тақыр жерден туыңдамайды. Ол, ең алдымен, баланың мектепке келерден бұрын жеткен жетістіктеріне, яғни оның оқу іс-әрекетіне психологиялық дайындығының негізгі компоненттерін құрайтын білімінің, білігі мен дағдыларының көмегіне арқа сүйейді.
Психологтар, ең алдымен, балаға жаңа құқықтар беріп қана қоймай, сонымен бірге одан бірқатар міндеттерді де сақтауды талап ететін байсалды іс- әрекетті орындауға дайын болуға тиіс деп есептейді. «Кішкентай оқушы айналасындағылардың оның оқу сабақтарына кұрмет көрсетуін талап етуге құқылы, бірақ өзі де мұғалімнің барлық тапсырмаларын үнемі орындауға, дәл сол мезгілде ол осыны қажет ете ме, жоқ па, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті». Бір сөзбен айтқанда, ол мектепке баруға, оқуға және оған ықылас білдіруге тиіс.
Баланың ұдайы оқуға психологиялық даярлығының бірінші буыны - мектеп режимінің жаңа жағдайларына ойдағыдай өтуіне жағдай туғызатын танымдық процестерін дамыту деңгейі. Әңгемі қабылдау, жад, ойлау, сөйлеу касиеттерін, т.б. дамыту деңгейі туралы болып отыр.
Алты жаста бала едәуір сезімдік бай тәжірибеге ие болады, айналадағы өмірдің құбылыстары мен заттарын тексеруге бағытталған қабылдау әрекеттерін, олардың қарым-қатынастарының сан түрлі қасиеттерін меңгереді, зерттелетін заттардың ерекшеліктерін дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін сенсорлық кезеңдердің жүйесін ойдағыдай пайдалана бастайды. Бұл жаста көркем шығармаларды (картиналар, суреттер, музыкалық пьесалар және басқалар) эстетикалық қабылдау сезімі жеткілікті дамыған, бұл педагогтарға баланың жеке басын жан-жақты дамыту мақсатында эстетикалық әсерленуін тиімді пайдалану үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Ойлауды дамыту зейін мен жадтың ерекшеліктеріне тығыз байланысты, бұл кезде олар осы жастағы балалардың бойында еркіндіктің неғұрлым нақты белгілеріне ие бола бастайды. Сонда да алты жасар бала өзін кызықтыратын нәрсенің бәріне бұрынғысынша көп назар аударады. Ол сөздік пайымдаудан гөрі көркем бейнелерді есінде тез сақтайды. Алайда,оны кейбір арнайы мнемоникалық әрекеттермен (мақсат қою, материалды қайталау, т.с.с.) қаруландырар болсаңыз, оның сөздік-мағыналық жадының дамуында белгілі бір алға басушылықтар бірден байқалады. Бәрі де оның барлық әлеуметтік мүмкіндіктерін біздің қаншалықты шебер де дұрыс пайдалануымызға байланысты болады.
Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығының бастапқы буынына жеткілікті дамыған танымдық іс-әрекеттен бастау алатын оның оқи білуі жатады. Бұған оқу міндеттерінің мағынасын түсіну, тиісті іс-ірекеттерді орындау әдістерін сезінуі, өзін-өзі бақылау және бағалау дағдылары кіреді.
Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығының екінші буыны - бұл оның өзін ерікті түрде басқара білуі. 6 жасар балада, әдетте, бәрі бар, жақсы жад, ашық түйсік, оңай аударылатын зейін; бірақ ол барлық уақытта бірдей солардың бәрін ерікті түрде басқаруға қабілетті емес, яғни оның бойында өзінің мінез-кұлқы мен іс-әрекетін саналы түрде реттеп отыруға қажетті ерік-жігер қасиеттері толық қалыптаспаған. Оған біраз уақытқа дейін орнықты, ерікті зейін сақтауға, көлемі едәуір материалды оқуға, партада дұрыс отыруға, мұғалім қойған міндеттерді дәйектілікпен шешуге әлі ерте. Тәжірибелі мұғалімдердің айтуынша, оқытудың бастапқы кезеңіндегі ең үлкен киындықтар кейбір балалардың өзінің мінез-кұлкын оқу тапсырмаларына саналы түрде бағындыра алмауынан, сабақта өздерін дұрыс ұстай білмеуінен туындайды. Егер 6 жасар бала мектепке сауатын ашпай, санауды білмей келсе,одан корқатын ештеңе жоқ.Егер ол сабақ үстінде өзін-өзі үстай алмаса, өзін оқуға жұмылдыра алмаса, педагогтың нұскауларын «естімесе», басқалардың жұмыс істеуіне кедергі келтірсе, пәле сонда.
Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығының үшінші буыны - бұл иерархиялық жүйеде оқу мотивтері біртіндеп негізгі мәнге ие болатын, мотивтердің матаса дамуының едәуір жоғары деңгейі. Мектеп жасына дейінгі кезеңде мотивтердің матасуы күйзелісті теріс қатынастарды саналы түрде жоюмен, эмоциялық тартымды мақсат үшін жүзеге асырылатын ерік-жігердің күшімен байланысты болады. Шиеленісті жағдайларға 3-5 жасар балалар көбіне-көп тартымды және оңай қол жеткізілетін мақсаттарға үйір келеді. 6 жасар бала бұл тұрғыдан алғанда дамудың неғұрлым жоғары сатысында тұр. Оған қоғамдық мазмұнның мотивтері (маңайындағылардың алдында оның қайсыбір қылықтары қандай мәнге ие) және тікелей іс-әрекеттің (оның ішінде оқу іс-әрекетінің) мазмұнына қызығушылықпен байланысты, яғни кейін баланың білімді меңгеруге, оның іс-әрекеттің (сурет салу, құрастыру, аппликация) әр түрлі өнімді түрлерін жүзеге асыруға және барлық еңбек тапсырмаларын іске асыруға деген ұмтылыс мотивтері барған сайын маңызды бола бастайды. Дегенмен, бұл жаста да оқуға шақыратын мотивтерді туғызудың сенімді тәсілі ойын әрекеті болып қала береді. Ойын қойылған мақсатқа қарай баланың өз мінез-кұлқын басқару мүмкіндігін едәуір жеңілдетеді. Ойын ережелерін сақтай отырып, бала неғұрлым зейін қойғыш, ерік-жігерлі, мүдделі де тапқыр бола түседі. Көптеген ғалымдар мен педагогтардың 6 жасар оқушылармен жұмыста сабақты ойын әрекетіне негізделген принциптер мен тәсілдерге құру жөнінде кеңес беруі тегін емес.
Мектепте оқуға даярлық дәрежесі - бұл баланың әлеуметтік кемелдену мәселесі, өйткені ол жүйелі дайындықтарға кірісе отырып, ол білім алуға ғана емес,сонымен бірге оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнының өзгеруіне байланысты бүкіл өмір салтын едәуір дәрежеде кайта құруға да дайын болуға тиіс.