- Учителю
- Психологиядан ата аналарға арналған тренинг
Психологиядан ата аналарға арналған тренинг
Ата-аналарға арналған тренинг
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке түлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Тапсырма: 1 Ата-аналармен ұстаздардың кездесу.
2 Сабаққа қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.
3 Отбасындағы тәрбие жағында пікір алмасу.
Тренинг барысы:
-
жаттығу: « Кездесу» Жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады (бір шеңберіші, екінші шеңбер сыртқы), әуен тоқтаған кезде шеңбердің қозғалысы да тоқтайды. Екі шеңбер бір-біріне қарайды. Қарама-қарсы тұрған адамдар жұптасады, сол жұптағы екі адам бір-біріне баланың қасиетін айтуы қажет.
-
жаттығу: «Отбасы туралы ассоцияция» Ата-аналар бір-біріне допты лақтыра отырып, қойылған сұрақтарға жауап беруі керек. Қызықты сұрақтар:
-
Балаңыздың туған күні?
-
Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
-
Балаңыз қандай өлшемді аяқ-киім киеді?
-
Балаңыздың парталас досы кім?
-
Бүгін сабақтан қандай баға алды?
-
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
-
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
-
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
-
Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы келді?
-
Балаңызды еркелетіп қандай сөзайтасыз?
-
Балаңыз сізді ренжеткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
-
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,-дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл-ертенгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз- ертенгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы демеуші ата-ана.
3- жаттығу: «Қимыл-қозғалыс» Қатысушылар қимыл-қозғалыс арқылы жауап
беруі қажет.
«Иә» десеңіздер-қолдарыңызды шапалақтаңыздар.
«Жоқ» десеңіздер- аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1 Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан
тәрбиеге байланысты сұрақтарды таңдап, қарап жүресіз бе?
2 Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпалжасай ма?
-
Егер «отбасы»десеңіздер жымиыңыз
- Егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолы алдымызға соғамыз.
3 Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
-
Егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
-
Егер «шеше» десеңіздер жымиыңыз.
-
Егер «екеуі» десеңіздер, қол шапалақтаңыз.
4 Ой жинақтау(плакат, фломастыр, қалам)
-
Балаңыз дамып жетілуіне қандай әдіс-тәсілдерді
қолданасыз.
2. Бала үшін мұғалім мената-ана арасында қандай қарым-
Қатынас болу керек?. Сурет, схеме арқылы өз ойларын талдайды.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі
Көңіліне көп жұбаныш
Гүлденіп ой-өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Олай болса, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.
Сондықтан да мына жайттарды ескерейік:
1 Балаға жан және дене өзгерістерінің байланысты табуға
көмектесу.
-
Балаға маман тарапынан тағылған мін ескертулерді шын
пейілмен түсіну және түсіндіру
-
Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.
5. Қорытынды. Қоштасу.