- Учителю
- Открытый урок на тему: «Ш дыбысы және әрпі»
Открытый урок на тему: «Ш дыбысы және әрпі»
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, текшелер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
-
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балаларға өткен оқу іс-әрекетінде танысқан дыбыстарын қайталатады.
-
Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық.
-
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
-
Негізгі бөлім.
-
1. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру.
-
Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?
-
Жұмбақ жасырады.
Мысалы:
Зулап түсіп төменге,
Шыға алмас менсіз бөгенге.
(Шана)
Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
-
Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Ш әрпімен танысу: ш дыбысының баспа түрін көрсетеді.
Ш дыбысын ауада жазып көрсетеді.
-
Сергіту сәтін өткізу.
Отырып-ақ орнымда, Айдын көлді кешемін. Сен білмесең егер де, Былай ескек есейін.
(Қимылмен көрсету).
Тіл ұстарту жаттығуы.
Шы-шы-шы Әкем менің аңшы.
-
Дәптермен жұмыс.
Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Қайшы, шаңырақ,ағаш сөздерінде ш дыбыс қай жерде тұрғанын талдатады, яғни ш дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіреді.
Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады.
Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөз жұмбақ шешкізу.
-
«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.
Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.
Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Тікен-тікен тік пісте
Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)
III. Қорытындылау.
-
Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
-
Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз. Ал енді ш дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?
Бір бала шана сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.
-
Шана сөзінде қанша буын бар?
Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
«Дүкен» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар кеспе әріптермен ш дыбысы кездесетін сөздерді құрастырып жазады. Мысалы: шана сөзін құрастырған бала «сатушыдан» ойыншық шананы сатып алған болып есептеледі. Сол сияқты сатылымда машина, шие, шар, т.б. заттар болады.