- Учителю
- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Адамзат қоғамның дамуы тарихының қай кезеңінде болмасын, жастарға өмір талабына сай білім беру және білім беру ісін жетілдіріп отыру аса маңызды міндеттердің бірі болып келді. Бұл жөнінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында. «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» деп арнайы бөлімді қарастыруы қозғалып отырған мәселенің өзектілігін нықтай түседі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Білім беру заңында бұл мәселе «баршаның сапалы бiлiмі мен бiлiм беру жүйесiн дамытудың басымдығы» деп қарала отырып. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың алғы қағидаларының бірі ретінде танылған.
Осындай алғы шарттарды негізге алған еліміздегі орта білім беру жүйесі, білім беру ісінің тиімділігін еселеуді негізгі бағдары ретінде ұстанып отыр. Осы мақсатта елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұған мысал ретінде елімізде арнайы бағытта жұмыс атқарып жатқан мектептерді, гимназия, лицей, гимназиялық және лицейлік сыныптары бар мектептер, жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын білім беру мектептері мен сыныптарын, авторлық және жеке меншік мектептерді келтіруге болады. Тіптен бүгінгі күні Республикада оқытушылардың заманауй уақыттың талабына сай біліктілігін көтеру мақсатында, шетелдік озық тәжірибелерді жинақтаған «Өрлеу» бағдарламасы жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта нарықтық қоғамдағы көптеген қиындықтарға қарамастан, мектеп бала тәрбиесі мен білім беру жұмыстарын ұйымдастырушы, негізгі институттардың бірі болып қала береді. Осындағы педагогикалық үрдістің нәтижелі болуының бала тәрбиесіндегі орыны ерекше екендігі айтпасада белгілі. Дегенменде ондағы жұмыстардың нәтижесін талдап, педагогикалық үрдістің барысына түзетулер енгізіп отыру үшін арнайы бақылау және бағалау жұмыстары қажет. Себебі, жалпы педагогикалық жұмыстың нәтижесі, мұғалімнің педагогикалық үрдіс жөніндегі ақпаратты тікелей игерумен байланысты болып отырады.
Педагогикалық үрдістің барысында педагог қажетті сапаларды сіңіруі арқылы, бала бойындағы қабілеттерді дамытып отырады. Адам қабілеттерінің қалыптасу және дамуы жөнінде заңдылықтарды, олардың оқушының бойында қалыптасу деңгейінен хабардар болуы, педагогқа оқу-тәрбие үрдісінде қажетті деген әдіс-тәсілдерді дәл, тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Осы мәселе төңірегінде Р.С.Немов өзінің «Психология» деген еңбегінде педагогикалық үрдіс барысындағы психологиялық жұмыстар, оның ішінде зерттеу жұмыстардың қажеттігіне қатысты біраз мәселені қозғап өткен.
Психологиялық зерттеу жұмыстарының жүйесін мектептегі білім және тәрбие беру ісінде мына негізгі екі бағытта ұйымдастыруға мүмкіндік жоғары.
-
Психологиялық зерттеу жұмыстарын педагогикалық процестің тиімділігін арттыруда пайдаланудың мазмұны
Психологиялық зерттеу жұмыстары
Негізгі зерттеу жұмыстары Байқау,бақылау
Қосалқы зерттеу жұмыстары
Сурет 1. Психологиялық зерттеу жұмыстарын педагогикалық процестің тиімділігін арттыруда пайдаланудың мазмұны
Психологиялық зерттеу жұмыстары мектеп оқушыларының білім, тәрбие деңгейін анықтай отырып, олардың таным, ерік сапаларын, мінез қасиеттерін, ақыл - ой әрекеттерін белсенді жұмыс жасауға бағыттау үшін зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйенуі тиімді болмақ. Зерттеу жұмыстары сонымен қатар оқушы топтар арасындағы қарым - қатынасты, топтағы психологиялық ахуалды жүйелі анықтауға мол мүмкіндік береді.
Психологиялық зерттеу жұмыстарының мақсаты оқушылардың психикалық даму ерекшеліктерін, олардың кәсіби маман ретіндегі білімі мен іскерлік дағдылар жүйесін, алған білімдері мен іскерліктер жүйесінің қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.
Біз жоғарыда зерттеу жұмыстарының мынадай бір қатарын көрсетекен болатынбыз: Негізгі зерттеу жұмыстары - бұл зерттеу әдістері құрамына байқау және бақылау, эксперименттік зерттеу жұмыстарын біріктіре отырып болашақ мамандарды даярлау ісіне қатысты ақпараттардың мол қорымен қамсыздандырады.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды қосалқы әдістер деп атайды. Нақтырақ айтар болсақ, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші студенттің жеке дара ерекшелігін, қызығушылықтары мен қарым - қабілеттерінің бағыт - бағдарын, деңгейін анықтай алады. Әңгіме әдістерін қолдану үшін зерттелушінің білім көлеміне қарай, жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды. Әрине мұнда зерттелінушіге күдік тудырмай әңгімені көбінесе жанама түрде ұйымдастырған дұрыс, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі.
Оқыту мен тәрбиелеу ісінде психологиялық зерттеу жұмыстарының орыны ерекше. Педагогикалық үрдіс барысында психологиялық зерттеу жұмыстарын пайдалану көзделген мақсаттың сапалы жүзеге асуына оң ықпалын тигізеді.
Резюме
В этой статье рассматривается, возможности психологической исследований оптимизаций педагогического процесса
Summary
This article examines the possibility of psychological studies of optimization of pedagogical process
Әдебиеттер
-
«Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
-
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз N 254-256
-
Р. С. Немов. Воспроизводится по: