- Учителю
- ҰБТ-ға психологиялық дайындық: «Бәрімізде мақсат бір!»
ҰБТ-ға психологиялық дайындық: «Бәрімізде мақсат бір!»
Тақырыбы: «Бәрімізде мақсат бір!»
Сыныбы: 11
Мақсаты: «МЕН» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңіл- күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қоңдыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке бағдарлау.
Жүргізілу уақыты - 1 сағат
-
Ұйымдастыру:
Тренинг «Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.
Талдау: - Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ. Себебі неде деп ойлайсыздар?
- Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?
- Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әртүрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан дүниеміз бәрі әр түрлі. Ал оқушыларға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетаным, көзқарасы - бәрі әр түрлі. Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар - ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.
2. Жетістікке бағдарлау
- Біз барлығымыз өмірде жетістікке жеткенді қалаймыз. Сондықтан сендерге барлық бөгеттерден өтіп, «Жетістік» елінде болуды ұсынамын. Барлығың бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жұмып, менің белгім бойынша «Жетістік» құпия қаласына барамыз. Көзімізді ашқанда біз барлығымыз осы қаланың тұрғындарымыз.
Әрбір күн - таңертеңнен басталады. Бұл қаланың тұрғындарының өз салт-дәстүрі бар екен. Соны орындауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын - мен сендерге көрсетемін, - ал сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
-
«Амандасу» жаттығуы
Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту.
Уақыты: 3 минут
Нұсқау: Біздің «Жетістік» қаламызда амандасудың да қызық дәстүрі бар. Сол дәстүрді орындауға тырысайық.
Шапалақ бір рет соққанда - барлық тұрғындар келесідей амандасады:
- бір-бірінің алақанның ішін және сыртын тигізіп амандасады , ал егер қоңырау -
- екі рет соқса - оң және сол иықтарын тигізіп амандасады,
- үш рет соғылса тізелерді қосып «тізелермен амандасады».
Жаттығуларды орындаған кезде балалар шашылып, еркін жүреді. Содан кейін - белгі беріледі, жаттығулар аяқталады.
Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Жаттығудан кейін қандай сезімдесіңдер?
-
«Менің тілегім»
Мені осылай атағанын қалаймын (еркелетіп)
-
1-тілек
-
2-тілек
Талдау: адамда балалық шағынан бастап, тілек арманы көп болады. Бірақ орындалмай кеткен тілектер болса, адам одан бас тартып, алдағы мақсатына сай тілек тілеу қажет. Себебі, орындалмаған тілектер оның болашағына тек кедергі келтіреді.
-
Жаттығу «Мен саған сенемін, өйткені....»
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың». Осылай жалғаса береді.
-
Жаднама
Менде бәрі жақсы, ойдағыдай.
Мен өзіме және өмірге сенем.
Мен өмірімнің әр сәтіне қуанам.
Мен әрқашан сабырлы, байсалдымын.
Мен оптимистпін.
Менің қолымнан бәрі келеді.
Мен қиындықтардан қорықпаймын
Мен өзіме сенімдімін және сенімімді жоғалтпаймын
Мен бақыттымын және бақыт тілеймін
Мен табысты адаммын
Қорытынды.
Асауова Гульнара Локмановна
Теректі ауданының білім беру бөлімінің әдіскері