7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: ' Отбасындағы сүйіспеншілік' /4 сынып/

Сабақ жоспары: ' Отбасындағы сүйіспеншілік' /4 сынып/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: « Отбасындағы сүйіспеншілік»
Құндылығы «Сүйіспеншілік» құндылықтары ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
Қасиеттері: отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;
Сабақтың мақсаты, міндеті: отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;
сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

Ресурстар: (құралдар мәліметтер) Дәптер, түрлі түсті қарандаштар, суреттер әдептілік туралы.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын...
Нұр менің ішімде...
Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

Жақсылыққа тыныштыққа толы тыныштық сәтін сезінді.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз " Отбасы - ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы."

Дәйек сөз мағынасын аша білді балалар.
Әңгімелесу.
1) В. Сухомлинскийдің «Бір ананың жеті қызы» әңгімесін оқып беріп, сұрақтар қою.
- Қыздар анасына өз сүйіспеншіліктерін қалай білдірді?
- Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?
2) А. Бақтыгереева «Менің апам», Ж. Смақов «Бөпем» өлеңдерін оқып беру.

Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.

Ойын: «Шаңырақ жарастығы» шаңырақ пен керегелерді тұтастырып, шаңырақты шайқалмастай етіп тұратын киіз үй бөлігі қалай аталады? (уық) Шаңырағымыз мықты болу үшін уықтарды жақсы сөздерден құрайық.
(кеспе сөздерді бекіту)
Сүйіспеншілік
Жарастық
Мейірімділік
Сыйластық
Адамгершілік
Еңбекқорлық
Кішіпейілділік
Бейбітшілік,
Достық,
Кешірімділік,
Әдепсіздік.

Сұраққа жауап берді.

Сергіту сәті:
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл - қозғалыстар жасалады
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан
Су әкеліп беремін.
Еденде де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын.

Топтық жұмыс жүргізілді.

Ғажайып сөздер.
- Балалар бүгінгі сабақта үйренген ғажайып сөздерімізді қайталап шығайықшы
- Отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік.

Топпен ән айту: Н. Әлімқұловтың «Балалы үй - базар» өлеңін қосылып айтады.
Біздің үйден ән тарап
Думандатар өмірді.
Біздің үйде салтанат,
Біздің үйде көңілді.
«Балалы үй - базар» өлеңін топпен айтты

Үй тапсырмасы Мына суреттердегі бейнелердің қайысын өз отбасының мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Суретті бояңдар.

Соңғы тыңыштық:
Балалар денелеріңді түзу ұстаңдар бастарыңды жоғары көтеріңдер, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа толы, жақсылық, тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларына толғандарын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашыңдар.
Мадақтау
Тыныштық бар жерде, тыныштық бүкіл әлемде.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал