- Учителю
- Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ұсыныс-буклеттер
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ұсыныс-буклеттер
Ата-аналарға арналған:
Бейімделу кезеңі аяқталды:
-
Егер оқушы бүкіл апта бойы жағымды психологиялық-эмоционалдық күйде болса, яғни оқушыда негізінде жақсы көңіл-күй болса, белсенді жұмыс жасап отырса, үлкендермен,сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болса, күн тәртібін сақтаса,жақсы тамақтанып,жақсы ұйықтаса;
-
Денсаулығы жақсы;
-
Дене массасында динамика болса;
Дезадаптация белгілері:
-
Қатты шаршау, арықтау, кейде бас ауруы ;
-
Ұйқының бұзылуы (мазасыз, ұйықтап кетуі мен тұруы қиын);
-
Тәбетінің қатты өзгеруі (тым қатты түсуі немесе көтерілуі;
-
Эмоционалдық өзгерістер (бала ашуланшақ болып кетеді, қорқыныш сезімі, бір нәрсені жасауға үлгірмей қалам деп қорқады.);
-
Шамадан тыс қозғалғыштық (гиперактивность, үзілісте өте көп жүгіреді, сабақ үстінде тәртіпті бұзуы;
негативизм (бала қыңырлық көрсетеді, үлкендердің талаптарын орындаудан бас тартады, құрдастарымен қарым-қатынаста агрессия танытады
Құрметті ата-аналар:
-
Өз балаңыздың оқушы болам деген ынтасын қолдаңыз.Оның мектептегі жетістіктеріне және қиындықтарына шынайы қызығушылық таңытыңыз.
-
Балаңызбен мектептегі ережелер мен тәртіп жайлы сөйлесіңіз. Олардың қажетті екендігін түсіндіруге тырысыңыз.
-
Сіздің балаңыз мектепке білім алу үшін келді.Оқыған кезде,бірден барлығы оңайға түспейді. Қателіктер жіберуі, үйреншікті жағдай.
-
Баламен бірге күн тәртібін құрыңыз. Сол тәртіпті қадағалап отырыңыз.
-
Жетістікке жету талпынысын қолдаңыз.Баланың әрбір жұмысында мақтау сөздерін ұмытпаңыз.Мақтау,эмоционалды қолдауға жататынын ұмытпаңыз!(«жарайсың!», «сенің қолынан келеді»).Мақтау адамның ақыл-ой жетістіктерін көтере алады.
Мына жасампаз ғасырда,
жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған бала-
ның жан-жақты тәрбие алу-
ына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса,оның сүйеушісі-
ата-ана,яғни Сіз екеніңізді есте сақтағайсыз! «Баланы жетіге келгенше тыйма,же-
тіден он төртке келгенше білім беріп қина,он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік ұстаныңыз!!!
Мектеп психологы
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған
2016-2017 оқу жылы