- Учителю
- Мұғалімдерге арналған жағдаяттық сұрақтар
Мұғалімдерге арналған жағдаяттық сұрақтар
№1 топ
Мұғалімдер бөлмесінде екі жас әріптес сөзге келіп қалды оны үлкендер тоқтатуға да тырыспады, ренжіштің негізгі себебі берілген тапсырманы уақытылы орындамадыңыз деп тапсырма беруші маман ренжішін білдірген еді келесі жас маман оның бұл талапшылдығын түсінгісі келмей сен кімсің маған бұйрық бертін деген сөздер арқылы өз ренжішін бастады. Тіпті бір бірлерінің көңілдерін қалдыратын сөздер айтып жандарын жаралап үлгерді. Отырған үлкендерді сыйламай әбден ұрысты. Бұл түсініспестіктің арты немен аяқталады.
Қандай ұсыныс кеңес берген болар едіңіздер?
Көрініске; 2 жас маман, мұғалімдер бөлмесіндегі 3 әріптес 2 -кеңес беруші.
№2 топ
Екі сынып жетекші арасында үнемі бәсекелестік байқалады. Үнемі екі сынып жетекшіде өз сыныптарының жетістіктерін айтып мақтанып отырады. Қандай шара болмасын менің сыныбым ана сыныптан озуы тиіс деген қағиданы ұстанады. Бірінің сыныбы үздік шығып шын марапатқа лайық болса екінші сынып жетекші оны көре алмай ашуға бой беріп келіс сынып жетекшінің еңбегін жоққа шығарады.
Бұл бәсекелестікті қалай тоқтатуға болады. Қандай ұсыныс кеңес берер едіңіздер?
Көрініске: 2 сынып жетекші, 3 оқушы, 2 кеңесші.
№3 топ
Бір сыныптың оқушыларының ата-аналары келісіп алғандай осы сыныпқа пән бойынша сабақ беретін мұғалімді жұмысын дұрыс атқармайды өз пәнін уақытылы өткізбейді өткізген жағдайда оқушылар бұл мұғалімнің айтқанын сабақ түсіндіргенін мүлдем оқушылар түсінбейді, сонымен қатар менің ұлымның құлағынан бұрапты деген сөзбен мектеп басшысына келіп отыр, оны естіген пән мұғалімі өзінің қатесін түсініп ата-анаға кешіріңіз менен бір қателік кеткен шығар мектеп басшысына бармай ақ қойыңыз деп өтініш білдірген сөзінеде құлақ аспастан мектеп басшысына кіремін!
кіремін !сені жұмысыңнан шығарамын деп нық бекініп отыр.
Қандай ұсыныс кеңес берген болар едіңіздер?
Көрініске: 1-оқушы, 3 ата-ана, 1- мұғалім, 1- мектеп басшысы.
№4 топ
Мұғалімдер бөлмесінде әріптестер үнемі жастарды жамандайды, ешқандай көмектесуді білмейді, бір күн сәлем берсе үш күн бермейді, бір сәлемі үш күндік, сабақтарын әрең беріп кетеді әйтеуір деген сөздерді жастардың құлағы шалады.
Ол кісілерге барып неге бізді соншама жек көресіздер біздер сіздерге не істедік өз жұмысымызды жауапкершілікпен атқарып жүрміз дегендей сөздерді айта алмайды. Ренжіген кейіп қана таныта алады.
Бұл кезде бұндай жағдайды қалай шешуге болар еді.
Барлығыңыз бір - бір ұсыныстан айтыңыздар? Жағдайдың неліктен бұлай болғанын жорамалдап көріңіздер.
№5 топ
Өзі лауазымдық қызметкер бола тұра жан жағындағы әріптестеріне деген сыйластығын нақты көрсете алмайды, уақытылы жұмысына қарамаған әріптестерге қатты ескерту береді, ос ескертудің соңы қатты ұрысқа да айналып жатады.
Кейде осы әріптесімізден шаршадық деп күрсінетін мұғалімдердің пікірін естіп қалатын кездер болады. Үнемі айқайға бой беріп әр кімнің мазасын алып құтын қашырып істеп жүрген қызметіне әлсін - әлсін ескерту алып жүрген бір әріптесіміз бір күні сіз өзіңізге қарап алыңыз ешқандай лауазымдық қызметке адамгершілік тұрғысынан лайық емессіз деп айтып салды. Бұндай сөзді күтпеген лауазымдық қызметкер іштей мен саған көрсетемін әлі деп тырнақ тістеп қалды. Сол күннен бастап екеуі еш түсінісе алар емес ол мен үлкенмін өзі келіп кешірім сұрасын дейді келесісі лауазымдық қызметін пайдаланып өзі бірінші маған келсін дейді. Дайындап әкелген құжаттарына қол қоймай қайтарып жіберуді әдетке айналдырды. Әбден шаршап берекеті қашқан мұғалім не істері білмей басы қатып жүр!
Қандай ұсыныс кеңес берген болар едіңіздер?
Баршаңызға сұрақ:
</
Ұжымның ауыз бір шілігі бекем, жетістіктері көп, үнемі бір бірімен ашық жарқын қауышатындай болуы үшін, бір -бірлерінің қуанышына шын қуанып, қайғысына бірге жаны ауратындай болуы үшін «Жақсы ұжымға» қандай басты ұстанымдар керек деп ойлайсыздар?